Сырым аудандық мәслихатының 2005 жылғы 21 ақпандағы «Ара-тұра сауда-саттықпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талондарың құны туралы» № 14-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Сырым аудандық мәслихатының 2005 жылғы 21 ақпандағы «Ара-тұра сауда-саттықпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талондарың құны туралы» № 14-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (салық кодексі) Кодексінің 373 бабын басшылыққа ала отырып Сырым аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Сырым аудандық мәслихатының 2005 жылғы 21 ақпандағы «Ара-тұра сауда-саттықпен айналысатын жеке тұлғалардан алынатын бір жолғы талондардың құны туралы» (тіркеу № 2889, 11.03.2005ж.) № 14-3 шешімінің №1, №2 жалғамаларындағы «Ескертпе: 2005 жылғы айлық есептік көрсеткіш 971 теңге» деген сөздер алынып тасталсын.