Жангелдин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 209 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі жөніндегі қағиданы бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Жангелдин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 209 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі жөніндегі қағиданы бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жангелдин ауданының әкімдігі 2005 жылғы 21 қарашадағы № 209 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы» 2005 жылы 20 желтоқсанда тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 9-9-25, аудандық «Біздің Торғай» газетінің 2006 жылғы 27 қаңтар аралығындағы № 4 (7802) санындағы жарияланған қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы шығыны Жангелдин ауданының әкімдігінің қаулысымен анықталған мөлшерде мәслихат шешіміне сәйкес тиісті бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.
Жұмыс берушілердін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына жүргізілетін әлеуметтік аударымдарды төлеуге арналған шығындары, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде мәслихат шешіміне сәйкес тиісті бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.
Жұмыс берушілердін қоғамдық жұмыстардың қатысушыларына тиісті еңбек ақы мен басқа да ақшалай төлемдерді талап ететін салымдар бойынша жеке шоттарға немесе банктің дебеттік төлемдік кәртішкелері шоттарына аудару мен төлеу жөніндегі екінші деңгейдегі банк қызметтеріне төнелетін коммисиялық сыйақыға арналған шығыны шартта белгіленген мөлшерде сәйкес тиісті бюджет есебінен өтеледі.
Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердін есеп-айырысу шоттарына аударылады»
Тармақ 2
2. Осы қаулынын орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Әубәкіровке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Жангеллин ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды күшіне енеді.