Қолданыстағы ред. 29.05.2006

2005 жылғы 21 қазандағы «Тұтыну нарығында бағаны тұрақтандыру шаралары туралы» №38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 29.05.2006 г. № 17 (2005 жылғы 21 қазандағы «Тұтыну нарығында бағаны тұрақтандыру шаралары туралы» №38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

0

2005 жылғы 21 қазандағы «Тұтыну нарығында бағаны тұрақтандыру шаралары туралы» №38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аудан бойынша кадрлардың және мемлекеттік мекемелердің атауларының өзгеруіне байланысты және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. 2005 жылғы 21 қазанындағы «Тұтыну нарығында бағаны тұрақтандыру шаралары туралы» №38 шешімінің (мемлекеттік тіркеу №7-12-14, 09.11.2005 жыл; 18.11.2005 жылы «Теректі жаңалығы- Теректинская новь» аудандық газетінің №49 санында жарияланған) «Тұрғындардың азық-түлік тауарларының жылжуының сұрақтары бойынша тұрақты жұмыс істейтін аудандық штабы» деген №1- қосымшасына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

1

1) Савченко Василий Иванович штаб құрамынан шығарылып, Церковников Сергей Николаевич штабтың төрағасы болып тағайындалсын және «аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы», «экономика және қаржы бөлімінің бастығы» деген сөздер, «Теректі ауданының ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы», «Теректі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы» деген сөздерімен ауыстырылсын;

2

2) аудандық штаб құрамына енгізілсін:
Аубакиров Асет Сәбитұлы - Теректі аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы

3

3) аудандық штаб құрамынан Антипов Алексей Викторович шығарылсын.

2

2. 2006 жылдың 5 мамырындағы «Тұтыну нарығында бағаны тұрақтандыру шаралары туралы» №38 шешімге өзгерістер енгізу туралы» №13 шешімі жойылсын.
Келісілді:
Теректі аудандық кәсіпкерлік
бөлімінің бастығы
А.С.Аубакиров