Түркістан қалалық мәслихатының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 25/151-III «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан қалалық мәслихатының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 25/151-III «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 111 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 25/279-III шешіміне және Түркістан қалалық әкімдігінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 3587 қаулысына сәйкес Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2006 жылға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 25/151-III шешіміне (Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2005 жылғы 30 желтоқсанда 14-4-13 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 13 қаңтарда; 14-4-18 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 10 сәуірде; 14-4-24 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 9 маусымда; 14-4-27 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 21 шілдеде «Түркістан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1- тармақта: 1) тармақшадағы: «3650573» деген сандар «3667968» деген сандармен ауыстырылсын; «2652876» деген сандар «2670271» деген сандармен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы: «3654079» деген сандар «3671474» деген сандармен ауыстырылсын; «-3806» деген сандар «-3906» деген сандармен ауыстырылсын; «2300» деген сандар «2400» деген сандармен ауыстырылсын; аталған шешімнің № 1, 2 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Түркістан қалалық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді және ресми жариялаудан кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4