Зеленов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 22 ақпандағы «Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерін пайдалану үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі және өлшемін бекіту туралы» №13-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зеленов аудандық мәслихатының 2005 жылғы 22 ақпандағы «Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерін пайдалану үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі және өлшемін бекіту туралы» №13-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының негізіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Зеленов аудандық мәслихатының 2005жылғы 22 ақпандағы «Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын ұй ұстауына және коммуналдық қызметтерін пайдалануына тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі және өлшемдері туралы» (2005 жылдың 31 наурыздағы №2918 тіркелген, «Ауыл тынысы» газетінің 2005 жылғы 9 сәуіріндегі №№15-16 сандарында басылды) №13-4 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: Осы шешімімен бекітілген «Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерін пайдалану үшін тұрғын үй көмегін беру тәртібі және өлшемі туралы» Ереженің 7 тармағындағы екінші абзацы алынып тасталсын. Ереженің 12 тармақты жаңа редакцияда баяндалсын: «Тұрғын үй жәрдемақылары бойынша өтемдік төлемдер тәртібін белгілейтін нормативтік құжатын Қазақстан Республикасының Үкіметімен қабылдауына дейін тұрғын үй және коммуналдық қызметтерін ұстауға тұтыну мөлшерлерін аудан бойынша орташа қосылған негізінде олардың мөлшерлерінің есептесуін жасау»
Тармақ 2
2. 2005 жылғы 3 маусымдағы «Зеленов аудандық мәслихатының 2005жылғы 22 ақпандағы «Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын ұй ұстауына және коммуналдық қызметтерін пайдалануына тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен өлшемдері бекіту туралы» (2005 жылдың 24 маусымдағы №7-7-7 тіркелген, «Ауыл тынысы» газетінің 2005 жылғы 23 шілдедегі №30 санында басылды) №16-4 шешімнің күші жойылды деп танылсын.