Қолданыстағы ред. 28.06.2006

Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «2006 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы» №300 қаулысына толықтырулар енгізу туралы от 28.06.2006 г. № 196 (Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «2006 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы» №300 қаулысына толықтырулар енгізу туралы)

0

Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «2006 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы» №300 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа алып, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағы мен 20 бабының 1 тармағына сәйкес, аудандық ішкі істер бөлімінен түскен ұсыныс негізінде аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық әкімияттң 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «2006 жылға Тасқала ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы» №300 қаулысының (тіркеу № 7-11-20. 03.02.2006 ж. аудандық «Екпін» газеті) «Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі» туралы қосымшасына төмендегідей толықтырулар енгізілсін:

19

«19. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық ішкі істер бөлімі».

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жұбанышқалиева Люция Әсетқызына жүктелсін.