Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» №299 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» №299 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабының 1 тармағын, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағын басшылыққа алып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «Халықтың нысаналы таптары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» № 299 қаулысының (№7-11-19. 17.02.2006ж. «Екпін» газеті, 2006 жылғы 12 сәуірдегі №134 қаулымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген, тіркеу №7-11-25, 02.06.2006ж. «Екпін» газеті) «Тасқала ауданы бойынша 2006 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін мекемелер тізімі» туралы қосымшасына төмендегідей толықтырулар және өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «21. «VitaminС» ЖШС жұмысшы 16
22. «Қуаныш» шаруа қожалығы жұмысшы 6
23. «Қара-Бугет» шаруа қожалығы жұмысшы 4
Тармақша 2
2) Барлығы деген жолдағы «122» саны «148» санына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жұбанышқалиева Люция Әсетқызына жүктелсін.