Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» №299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» №299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабының 1 тармағын басшылыққа алып, 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4, 18-1 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы «Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы № 299 қаулысының (№7-11-19. 17.02.2006ж. «Екпін» газеті, 2006 жылғы 12 сәуірдегі №134 қаулымен, тіркеу №7-11-25, 02.06.2006 ж. «Екпін» газеті, 2006 жылғы 31 мамырдағы №174 қаулымен, тіркеу №7-11-29. 23.06.2006ж. «Екпін» газеті және 2006 жылғы 28 шілдедегі №248 қаулымен, тіркеу №7-11-33. 25.08.2006 ж. «Екпін» газеті, толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) 1 тармағындағы «2006 жылғы» және қосымшадағы «2006 жылға» деген сөздер алынып тасталынсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жұбанышқалиева Люция Әсетқызына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қолданысқа мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енгізіледі.