Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2005 жылдың 24 сәуірдегі № 15-2 «Ауданда ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны туралы» шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихаттың кезекті отызыншы сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2005 жылдың 24 сәуірдегі № 15-2 «Ауданда ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны туралы» шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы от 23.12.2006 г. № 30-5 (Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2005 жылдың 24 сәуірдегі № 15-2 «Ауданда ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны туралы» шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы)
1. Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2005 жылдың 24 сәуірдегі №15-2 «Ауданда ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны туралы» шешіміне №1 қасымшаға төмендегі қызмет түрлері мен айлық көрсеткіштен пайыз есебімен толықтырылсын:
№
Қызмет түрлері
Айлық есептік көрсеткіштен пайыз есебімен
1
Саяжай және үй жанында өсірілген гүлдерді сату
9
2
Үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату
9
3
Газеттер мен журналдар, шемішкелер сату
5
4
Жануарлар мен құстарға арналған дайын жемшөп сату
9
5
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді алып өткізу:
1. Жақын шетелден
2. алыс шетелден
100
100
6
Үй жануарлары мен құстарды жаю
5
7
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің құзмет көрсетулері
15
Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2005 жылдың 24 сәуірдегі №15-2 «Ауданда ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны туралы» шешіміне №1 қосымшадаға
«Бақша өнімдерін сату» деген сөз «Бақша дақылдарын сату» деген сөзбе және аулық көрсеткіштен пайыз есебі 9-дан 6 пайызға;
«Газеттер сату» деген сөз «Газеттер мен журналдар, шағу сату» деген сөзбен;
«Балық сату» деген сөз «Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балық сату» деген сөзбен;
«Тұқым және егу құралдарын сату» деген сөз «Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдарын (тікпе көшет, көшет) сату» деген сөзбен;
«Көлік иелерін көрсеткен қызмет» деген сөз «Жолуашылар мен жүктерді (лицензиялы тасымалдан басқа) тасымалдау бойынша жеке жеңіл және жүк автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері» деген сөзбен алмастырылсын.
3. Осы шешім аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау және қамтамасыз жасау аудандық салық комитетіне тапсырылсын.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық салық комитетінің төрағасы: Е.Найзабеков