2005 жылдың 24 наурызындағы № 75 "Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы" шешімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылдың 24 наурызындағы № 75 «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» шешімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес ¥лан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылдың 24 наурызындағы № 75 «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» (14.04.2005 жылғы тіркеу № 2276, «¥лан таңы» аудандық газетінің 2005 жылғы 21 мамырдағы № 31 санында жарияланған) шешімге келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесіне:
5 тармақтағы «20 пайыз» сөзі «15 пайыз» сөзіне өзгертілсін;
Тармақ 6
6 тармақ алынып тасталсын;
18 тармақтағы «отбасы құрамы туралы анықтама» сөздері «азаматтарды тіркеу кітабына» өзгертілсін;
Тармақ 26
26 тармақ келесі жолдармен толықтырылсын:
«Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесідей коммуналдық қызметтерді тұтыну шығыстары мен нормативтері қолданылсын:
Тармақша 1
1) тұрғын үй алаңының нормасы:
жалғыз басты тұрып жатқан азаматтарға-30 ш.м;
2 адамнан тұратын отбасына-30 ш.м;
3 адамнан тұратын отбасына-45 ш.м;
4 және одан артық тұратын отбасына-әрбір адамға 15 ш.м., бірақ 90 ш.м. көп емес.
Тармақша 2
2) 1 адамға газды шығындау нормасы-5,5 кг.
Тармақша 3
3) электр қуатының тұтыну нормасы:
1 адамға-84 кВт;
2 адамға- 125 кВт;
3 және одан артық адам тұрса-әрқайсысына 50 кВт, бірақ 300 кВт көп емес;
тамақ дайындау үшін электр плиталарын қолданатындар үшін электр куатының тұтыну нормасы; газды шығындау нормасына парапар болып саналады.
Тұтыну нормативтері және оларды сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, қоқысты жою, тұрғын үйді ұстауға шығыстар тарифтері қызмет берушілермен ұсынылады»;
28 тармақта «табыстардың барлық түрлері» деген сөздерден соң «өтініш берген кездегі барлық үй мүшелерінің» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 29 сәуірінен бастап қолданылысқа енгізіледі.