2005 жылдың 24 наурызындағы № 75 «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗ2005 жылдың 24 наурызындағы № 75 «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2005 жылдың 24 наурызындағы № 75 «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- 2005 жылдың 24 наурызындағы № 75 «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 51
- Қабылданған күні
- 15.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2008 · қолданыстағы 39548_374056.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VQ000082
- ЭКБ идентификаторы
- 39548
- Редакция идентификаторы
- 39548_374056
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:38
0 2005 жылдың 24 наурызындағы № 75 «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй - коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына және Қазақстан Республикасы қызметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 «2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық саласын дамыту туралы» қаулысына сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. 2005 жылдың 24 наурызындағы № 75 «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй төлемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу тізбесіндегі тіркеу № 2276, «Ұлан таңы» аудандық газетінің 2005 жылғы мамырдағы № 31 санында жарияланған, тіркеу № 5-17-66, «Ұлан таңы» аудандық газетінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 36 санында жарияланған, тіркеу № 5-17-74, «Ұлан таңы» аудандық газетінің 2008 жылғы 8 наурыздағы № 11 санында жарияланған) шешімге келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
тұрғын үй жәрдемақыларын беру туралы Ережесіне:
5 тармақтағы «10 пайыз» сөзі «7 пайыз» сөзіне ауыстырылсын ;
8 тармаққа келесідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
«16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, мүгедек-балаларға ауыстыру», жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар дегеннен соң, жасқа толмаған төрт және оданда көп баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар; мерзімі 12 аптадан асқан жүкті әйелдер; мүгедектіктері жоқ, бірақ есепке алынған туберкулез, наркологиялық, ісік ауруына шалдыққандар енгізілсін»;
12 12 тармақ келесідей өзгертілсін:
Егер төлемақылар тарифтер мен норма шегінен аспаған жағдайда, тұрғын- үй көмегін тағайындауға нақты төленген төлем бойынша алынады. Шығындары, есептеу кұралдарымен алынған жағдайда шығындау нормасынан аспаса, сол шығындар тұрғын-үй көмегін тағайындауға алынады.
18 18 тармақ келесідей толықтырылсын: «балалардың туу туралы
куәліктері», «жүкті әйелдердің анықтамасы», «туберкулез, наркологиялык, ісік ауруына шалдыққандардың стационарлық, амбулаториялық емделуі туралы анықтамасы»;
26 26 тармақ келесідей өзгертілсін:
1 1) тұрғын үй алаңының нормасы :
жалғыз басты тұрып жатқан азаматтарға-35 ш.м;
2 адамнан тұратын отбасына -45 ш.м;
3 адамнан тұратын отбасына -50 ш.м;
4 және одан артық тұратын отбасына - әрбір адамға 18 ш.м., бірақ 90 ш.м. көп емес;
2 2) газды шығындау нормасы - 7,6 кг;
3 3) электр қуатының тұтыну нормасы:
1 адамға - 95 кВт;
2 адамға (әрқайсысына)- 85 кВт;
3 және одан артық адамға (әрқайсысына)- 75 кВт 28 тармақ келесідей өзгертілсін:
Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері өтініш берген кездегі барлық үй мүшелерінің, тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған кірістері есепке алынады. Келесідей кірістер есептелмейді:
1 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2 2) балалы отбасыларына берілетін жәрдемақы;
3 3) тұрғын-үй жәрдемақысы;
4 4) қайтыс болғандарды жерлеуге бір жолғы төлемақы;
5 5) бала туғандағы бір жолғы төлемақы;
6 6) ақшалай және нақты түрде алынған қайырымдылық төлемақы;
7 7) өз ісін бастауға және мал өсіруге алынған материалдық көмек;
8 8) төтенше жағдайлар кезінде өзі, не дүние мүлкі жапа шеккені үшін төленген жәрдемақылар;
9 9) отбасы мүшесінің төлеген алимент мөлшері;
10 10) қорғаншының кірісі (қамқоршының), (қамқорлыққа алынғанға тағайындалған жәрдемақылар);
11 11) жеңілдікпен жасанды тіс жасатуға барып қайту жол төлемі ;
12 12) Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес, заттай берілген келесідей көмектер:
дәрі-дәрмек; шипажайда емделу;
жасанды - ортопедтік бұйымдар (жасауы және жөндеуі);
жылжу құралы (мүгедек арбашалары) және мүгедектерді оңалту үшін
бөлінген бұйымдар;
білім заңнамаларына сәйкес, білім ұйымдарында тегін тамақтандыру мен көмектер;
13 13) көші-қон заңнамаларына сәйкес оралмандарға тұрақты жерге қоныстану үшін, дүние мүлкін көшіру үшін төленетін квоталар, тұрғын үй сатып алғанға қаражаттары және бір рет берілетін жәрдемақылар;
14 14) облыс әкімінің жеке тұлғаларға коммуналдық шығын өтеу үшін бөлінген қаражаттары;
15 15) алынған микронесиелердің сомалары .
39 39 тармақ келесідей өзгертілсін:
Көмірдің құнын есептеу үшін, көмірдің сатып алынған нақты бағасы аынады;
43.1 43.1 тармақ алынып тасталсын;
5.1 бөлімі қосылсын:
«Кондоминиумдер объектілерінің жалпы мүліктерін күрделі жөндеуге тұрғын үй көмегін көрсету».
Тұрғын үй көмегі кондоминиумдер объектілерінің тұрғын үй көмегін алушыларға, арыз берген жағдайда күрделі жөндеуден өткізу кезегі мен мөлшері, пәтерлер иелерінің жалпы жиналысында белгіленіп, жылына бір рет ақшалай түрде 100 пайыз мөлшерде көрсетіледі. Сондықтан тұрғын үй көмегін алушыларға күрделі жөндеудің ортақ шығынының әркімнің өз үлесінің шегі төленеді.
Тұрғын үй көмегін алушы отбасы, күрделі жөндеуден өткізу үшін тағайындалатын тұрғын үй көмегіне келесідей құжаттар тапсырады:
- күрделі жөндеуден өткізу кезегі мен мөлшері туралы, пәтерлер иелерінің жалпы жиналысының мәжіліс хатының көшірмесі;
- күрделі жөндеуден өткізу туралы, пәтерлер иелері мен жауапты кондоминиум өкілдері (жөндеуді жүргізетін ұжым) жасасқан шарттың көшірмесі.
Күрделі жөндеуге тұрғын үй көмегін төлеу екінші дәрежелі банктердің бөлімшелері арқылы ақшаны алушылардың жеке жинақ шоттарына немесе кондоминиум объектілерінің жеке банктегі шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегін төлеу, күрделі жөндеудің атқарылған жұмыстарының актісіне қарап төленеді.