Қолданыстағы ред. 22.12.2007

Катонқарағай аудандық мәслихатының 2005 жылғы 25 наурыздағы "Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" № 11/12-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 22.12.2007 г. № 3/33-III (Катонқарағай аудандық мәслихатының 2005 жылғы 25 наурыздағы "Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" № 11/12-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Катонқарағай аудандық мәслихатының 2005 жылгы 25 наурыздағы «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй - коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» № 11/12-III шешіміне озгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді үстауға және үй - коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 25 наурыздағы № 11/12-III шешіміне (2005 жылғы 07 сәуірде мемлекеттік тіркеуден өткен, тіркеу № 2264, «Арай» газетінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі 18 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда аталған шешіммен бекітілген «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй - коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережеде:
1 болімнің 5 тармағындағы 20 саны 10 санымен ауыстырылсын;
2 болімнің 9 тармағындағы 50 саны 45 санымен, «немесе» сөзі үтірмен ауыстырылып, «тәрбиелеумен» деген сөзден кейін «және табыс әкелетін жеке іс қызметпен» деген сөздермен толықтырылсын;
2 бөлімнің 17 тармағындағы «отбасы құрамы туралы анықтама» сөздері азаматтарды тіркеу кітабы» сөздерімен алмастырылып, соңына «Аз қамтылған отбасыларына қосымша учаскелік комиссияның кесімі.» сөздерімен толықтырылсын;
3 бөлімнің 25 тармағындағы 20 саны 10 санымен ауыстырылсын;
4 бөлімнің 27 тармағындағы «әлеуметтік көмек,» сөздерінен кейін «18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы» деген сөздермен толықтырылсын;
5 бөлімнің 43 тармағындағы «(анықтама)» сөзінен кейін «немесе ауылдық округ әкімінің және әлеуметтік қызметкердің кесімі» сөздерімен толықтырылсың.

2

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.