Аудандық әкімиятының 2005 жылғы 26 тамыз № 129 «Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі туралы» қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық әкімиятының 2005 жылғы 26 тамыз № 129 «Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі туралы» қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық әкімияттың 2005 жылғы 26 тамыз № 129 «Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі туралы» қаулысына төмендегідей толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қаулының 2-қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақша 2
2) Қаулының 2-тармағының 4-тармақшасындағы «аталған Ереже аудандық мәслихат сессиясына ұсынылсын» деген сөз алынып тасталсын.
Тармақша 3
3) Қаулының 5-тармақшасындағы «Н. Мұханбеталиев» деген сөз «М. Өтеғалиев» деп оқылсын.
Тармақ 2
2. Қаулы қол қойылған куннен бастап қолданысқа енгізіледі. «Аққыстау су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры: А. Аманбаева «Исатай газстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры: А. Аманбаева «Аккыстау ЭКО» жауапкершілігі серіктестігі шектеулі серіктестігі директоры: А. Аманбаева «Құрасов» шаруа қожалығы бастығы Р. Құрасов «Қабдолқызы» шаруа қожалығы басшысы Т. Ахтаев
Басқа 6
Аудандық әкімиятының 2008 жылғы «30» қыркүйектегі № 132 қаулысына қосымша Аудан бойынша әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын кәсіпорын, мекемелер тізбесі № Кәсіпорын, мекемелер атауы Адам саны Төленетін қаржы 1 «Аққыстау су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3 189,3 2 «Аққыстау ЭКО» жауапкершілігі серіктестігі 50 525,8 3 «Исатай газстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 75,8 4 «Қабдолқызы» шаруа қожалығы 12 730,0 5 «Құрасов» шаруа қожалығы 10 679,0 Барлығы: 5 77 2200,0 (екі миллион екі жүз мың) теңге