Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 26 қазандағы «Аманкелді ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидаларын бекіту туралы» № 131 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 26 қазандағы «Аманкелді ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидаларын бекіту туралы» № 131 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 300, 387-баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 26 қазан 2005 жылғы «Аманкелді ауданында көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау Қағидаларын бекіту туралы» Аманкелді ауданының Әділет басқармасындағы 2005 жылғы 9 қарашадағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-20 («Аманкелді арайы» газетінің 2005 жылғы 18 қарашадағы № 51 санына жарияланған) № 131 шешімінің 2-тарау 13-тармағындағы «қоғамдық» деген сөз «мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылып, 5-тараудағы 33-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.