2005 жылғы 27 қарашадағы «Алкогольдік өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сатуға лицензия беру мәселесі туралы» №214 қаулыға (тіркеу №7-12-18, 2005ж. 12.12 тіркелген) өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы 27 қарашадағы «Алкогольдік өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сатуға лицензия беру мәселесі туралы» №214 қаулыға (тіркеу №7-12-18, 2005ж. 12.12 тіркелген) өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 22 тармақшасына, 37 бабының 1 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 27 қарашадағы «Алкогольдік өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сатуға лицензия беру мәселесі туралы» №214 қаулыға (тіркеу №7-12-18, 2005 ж. 12.12 тіркелген) төмендегіше өзгерістер енгізу:
Тармақша 1
1) қаулының 2 бөліміндегі «Мемлекеттік құқықтық және кадрлармен жұмыс жасау бөлімі» - деген сөзі, «Теректі аудандық кәсіпкерлік бөлімі» деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) №1 қосымшадағы 7 бөліміндегі «Мемлекеттік құқықтық және кадрлармен жұмыс жасау бөлімі» - деген сөзі, «Теректі аудандық кәсіпкерлік бөлімі» деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) №2 қосымшаға төмендегіше өзгерістер енгізілсін: комиссия хатшысы Джармаева Райхан Эрнстқызының орнына, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Базарбаева Тамара Жұмашқызы комиссия хатшысы болып тағайындалсын. Комиссия мүшесі - Маржухин Георгий Анатольевичті комиссия құрамынан шығарып, Галиев Марат Мергенбайұлы - сәулет және қала құрылыс бөлімі бастығының міндетін атқарушысы, комиссия құрамына енгізіп, комиссия мүшесі болып тағайындалсын.
Тармақ 2. Лицензиялық ережелерді сақтауға тексеріс жүргізу комиссиясының құрамы
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М. Бердниковке жүктелсін. Келісілді: Аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы М.М.Галиев Лицензиялық ережелерді сақтауға тексеріс жүргізу комиссиясының құрамы Дмитрий Михайлович Бердников - аудан әкімінің орынбасары, комиссия құрамының төрағасы Базарбаева Тамара Жұмашқызы - аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Бойко Александр Евгеньевич - аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиялық қадағалау басқармасының бастығы (келісім бойынша) Дүйсекенова Римма Қайырғалиқызы - аудандық салық комитетінің төрайымы (келісім бойынша) Галиев Марат Мергенбайұлы - аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі бастығының міндетін атқарушысы (келісім бойынша).