Қолданыстағы ред. 06.04.2006

2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы от 06.04.2006 г. № 568 (2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы)

0

2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына (тіркеу № 7- 1 -25, 2006 жылғы 19 қаңтардағы № 3 «Жайық үні», 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 4 «Пульс города» газеттерінде жарияланған), 2006 жылғы 09 ақпандағы № 223, 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына (тіркеу № 7-1- 31, 2006 жылғы 23 наурыздағы № 12 «Жайық үні » 2006 жылғы 16 наурыздағы № 12 «Пульс города» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін: № 1 қосымшадағы, Орал қаласы бойынша 2006 жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақы мөлшерінің тізбесіне толықтырылсын:
№ 54 «Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «Облыстық жас натуралистер станциясы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны. Жұмыс түрі: аумақты тазалау еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 55 «Орал қалалық мәдениет бөлімінің С.М. Киров атындағы мәдени және демалыс саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Жұмыс түрі: аумақты тазалау , еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 56 «Орал Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясы» жеке меншік мекемесі. Жұмыс түрі: аумақты тазалау және ғимараттың ішін жинау, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 57 Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы «облыстық мамандырылған бөбектер үйі» мемлекеттік мекеме. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 58 «Орал қаласының мәдениет және тілдері дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге.
№2 қосымшадағы, Орал қаласы бойынша 2006 жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақы мөлшерінің тізбесіне толықтырылсын:
№ 48 «Айнагүл» тұрғын үй иелерінің кооперативі. Жұмыс түрі: аумақгы тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
№ 49 «Родник» ғимарат иелері кооперативі. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
№ 50 «Деповское» пәтер иелерінің кооперативі. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
№ 51 «Автомобилист 2» пәтер иелері кооперативі. Жұмыс түрі: аумақты тазалау еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
№ 52 «Импульс» тұрғын үй кооперативі. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
№ 53 «Батурин көшесі 45 пәтер иелері тұтыну кооперативі. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
№ 54 «Орал-Зеленстрой» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жұмыс түрі: аумақты көгалдандіру, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 2000 теңгеден кем емес.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Мұқатаевқа жүктелсін.