2005 жылғы 29 желтоқсандағы №2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылғы 29 желтоқсандағы №2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әкімдігінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы № 836 Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 2328 «Орал қаласы бойынша 2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына (тіркеу № 7- 1 -25, 2006 жылғы 19 қаңтардағы № 3 «Жайық үні», 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 4 «Пульс города» газеттерінде жарияланған), 2006 жылғы 09 ақпандағы № 223 ( тіркеу № 7- 1- 31, 2006 жылғы 23 наурыздағы № 12 «Жайық үні » 2006 жылғы 16 наурыздағы № 12 «Пульс города» газеттерінде жарияланған), 2006 жылғы 06 сәуірдегі № 568 (тіркеу № 7- 1- 39, 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 17 «Жайық үні» газетінде жарияланған) қаулыларымен енгізілген толықтыруларды ескере отырып, осы қаулымен бекітілген «Орал қаласы бойынша 2006 жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақы мөлшерінің тізбесі» № 1 қосымшасына келесі толықтырулар енгізілсін:
№ 59 «Батыс Қазақстан облысының статистика басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Жұмыс түрі: ауылшаруашылық санақ, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 60 Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің «Облыстық балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 61 «Батыс Қазақстан облысы мүгедектер ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі. Жұмыс түрі: мүгедектерге көмек көрсету, іс- қагаздарын жүргізу, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 62 Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігінің «Сот медицина орталығы» мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан филиалы. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге.
№ 63 Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру жэне спорт басқармасы « Ат спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі » мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге.
«Орал қаласы бойынша 2006 жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақы мөлшерінің тізбесі» №2 қосымшасына толықтырулар енгізілсін:
№ 55 «Альянс» пәтер иелері тұтыну кооперативі. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
№ 56 «Жақұт» пәтер иелерінің кооперативі. Жұмыс түрі: аумақты тазалау, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
№ 57 «Еламан» пәтер иелерінің кооперативі. Жұмыс түрі: 53үй кірмелерін жинау, таза ұстау және косметикалық жөндеу жұмыстары, еңбекақысы- 9200 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 1000 теңгеден кем емес.
«Орал қаласы бойынша 2006 жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақы мөлшерінің тізбесі» № 3 қосымшасына толықтырулар енгізілсін:
№ 5 Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы «Талап» акционерлік қоғамы. Жұмыс түрі: жүкті тиеу жұмыстары, еңбекақысы- 4600 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 4600 теңгеден кем емес.
№ 6 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Пассажир-Авто» Жұмыс түрі: жүкті тиеу жұмыстары, еңбекақысы- 4600 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан 4600 теңгеден кем емес.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Р.Мұқаевқа жүктелсін.