«Бесқарағай ауданының ауыл аймақтарындағы көркейту, жер мен жасыл ағаштарды қорғауды қамтамасыз етудің ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 3 маусымдағы № 11-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
«Бесқарағай ауданының ауыл аймақтарындағы көркейту, жер мен жасыл ағаштарды қорғауды қамтамасыз етудің ережелерін бекіту туралы»
2005 жылғы 3 маусымдағы № 11-2 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардагы № 148-II Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына cәйкес, аудандық МӘСЛИХАТ ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың құзыретіне жатпайтын, қайшылық білдіретін 2005 кылгы 3 маусымдагы №11-2 шешімінің 1-тармагындагы «санитарлық ғағдайды» деген сөзді; осы шешімнің қосымшасындагы Ережесіндегі 1- -армагындагы «санитарлық жағдайын», 3- тармағының 1) тармақшасындағы «санитарлық талаптарға» деген, Ереженің 6- тарауының 41-тармағындағы «санитарлық жағдайда» деген сөздер алынып тасталсын.
Басқа 2. Ауданның ауыл аумақтарын көркейту, жер мен жасыл ағаштарды қорғауды қамтамасыз етудің
Ауданның ауыл аумақтарын көркейту, жер мен жасыл ағаштарды қорғауды қамтамасыз етудің
ЕРЕЖЕСІ.
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.
Тармақ 1
1. Осы Ереженің мақсаты-ауданның ауыл аумақтарын көркейту, жер
жұмыстары өндірісінің және жасыл ағаштарды қорғаудың тәртібін
белгілеу болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрақты тазалық пен тәртіпті қолдау мақсатында
кәсіпорындар,мекемелер, қоғамдық және кооперативтік ұйымдар
коллективтерінің, тұрғындардың олардың ұйымдары мен үйлері
маңындағы аумақтарды таза ұстауға, жасыл ағаштарды күтуге
қатысулары міндетті деп саналады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік, қоғамдық және меншіктік кәсіпорындар, ұйымдар мен
мекемелер, ведомстволық бағынуларына карамастан, пәтерлердің иелері
немесе жалдаушылары, сондай-ақ тұрғын үйлер иелері мыналарға
МІНДЕТТІ:
Тармақша 1
1) өз есептері есебінен заңмен бекітілген ережеде сәулеттік және сәйкес
бекітілген аумақтарда ұдайы тазартуға және тазалық пен тәртіпте ұстауға;
Тармақша 2
2) тұрғын үй, мәдени тұрмыстық, әкімшілік, өндірістік және сауда
ғимараттарын, вокзалдарын, стадиондарды олардың маңындағы
аумақтарды қоса, бақтарды, парктерді, скверлерді, бульварларды және
басқа жасыл ағаштарды сақтауға;
Тармақша 3
3) көшелерді, аландарды, өткелдерді, аулаларды, тротуарларды,
жағажайларды, демалыс және жаппай серуендеу орындарын, базарларды,
базар алаңдарын, бейіттерді, олардың маңындағы аумақтарды, автокөлік
тұрақтарын және жүзу құралдарының орындарын күтуге;
Тармақша 4
4) кашаларды, қоршауларды, газон қоршауларын, жарнамалардың барлық
түрлерін және жарнама қондырғыларын, ғимараттар мен ескерткіштердің
сәндік сәуле шашу қондырғыларын, маңдайшаларды, витриналарды,
арбашаларды, жаймаларды, қону алаңдарын, жолаушылар көлігі
аялдамалардың павилиондарын, қайық және құтқару стансаларын,
көшелерге жарық беретін фонарларды, әртүрлі тіреу діңгектерін;
бақтардағы, парктердегі, скверлер мен бульварлардағы орындықтарды;
урналарды, көшелер атауларының көрсеткіштерін; көлік, жаяу
адамдардын аялдамаларын; үйлердің нөмірлік белгілерін, көше
сағаттарын, мемориал тақталарын, трансформатор қондырғыларын күтіп
сақтауға;
Тармақша 5
5) жолқұбырларын, суқұбырларын, көшелердің жол жабындарын, алаңдары, көше қозғалысын реттеу белгілерін, телефон үйшіктерін, радио хабарын Зеретін қондырғыларды, антеналарды, телефон байланысы мен диспетчерлік қызметтің сөйлесу қондырғыларын және басқа гидротехникалық, инженер-техникалық және санитарлық құрылыстарды сактауға;
Тармақша 6
6) аулалық аумақтар тазалықта ұсталуы қажет. Оларды тазарту, үнемі сыпыру, суару, жуу, қар мен қоқысты шығару, құм төгу, су ағатын жерлер мен дренаждарды тазарту керек;
Тармақша 7
7) 1997 ж. 15.07. «Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңға сәйкес жасыл қорда сақтау қамтамасыз етілсін.
Жасыл ағаштар, олардың қай ведомствоға жататындығын қарамастан, тиіспейтін Мемлекеттік қор болып табылады және Заңмен қатаң қорғалады;
Тармақша 8
8) табиғи ауа-райы жағдайларына байланысты аймақтарда жыл сайын сәуір-маусым айларында аумақтарды тазартудың айлығы, көркейту жөнінде байқау-конкурстары өткізілсін:
Тармақша а
а) көшелер мен елді мекендердің арасында;
Тармақша б
б) сумен жабдықтау және суқұбырларының көздерінің ішінде;
Тармақша в
в) сауда, қоғамдық тамақтану, тағам өнеркәсібі кәсіпорындарын, тауарлары
сүт фермаларын жазғы кездегі жұмыс істеуге дайындығы бойынша;
Тармақша г
г) улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштар қоймаларының көктемгі
дала жұмыстарына дайындығын байқауға арналған конкурстар.
Тарау 2. 2. ЕЛДІ МЕКЕНДЕР АУМАҚТАРЫН ТАЗАРТУ ТӘРТІБІ.
2. ЕЛДІ МЕКЕНДЕР АУМАҚТАРЫН ТАЗАРТУ ТӘРТІБІ.
Тармақ 4
4. Аумақтар бекітіліп берілген ғимараттарда иеленуші немесе жалға алушы меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, заңмен белгіленген тәртіппен қалдықтар мен қоқыстарды өз есебінен немесе жергілікті коммуналдық, басқа да қызметтермен бекітіліп берілген аумақтарды, сондай-ақ көшелердің және алаңдардың жүретін бөліктерін механикаландырылған тазартуды орындауға шарт жасасады.
Тармақ 5
5. 15 сәуірден 15 қарашаға дейінгі кезде тазарту жұмыстарынан басқа
көшелерді, алаңдарды және басқа аумақтарды жуу және суару жүргізілуі қажет.Ауа райының жағдайына байланысты бұл кезді жергілікті әкім өзгертуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, азаматтар бекітілген аумақтарды өздері тазартады, немесе аула сыпырушылар штатын ұстайды, немесе бұл жұмыстарды мамандырылған кұрылымдарымен шарттық негізде орындайды, осылайша ереженің 1 тарауының 3- бабын қамтамасыз етеді.
Ескерту: меншіктің әрбір субъектісі көшелер мен түйіспелерді тазартуды,
үй аумағының бойымен ұзынынан, екіжақты кұрылысы болса ортасына дейін көлденеңіне және сыңаржақты құрылыстар салынғанда бүкіл көлденеңіне дейін жүргізеді.
Тармақ 7
7. Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер олардың ведомствалык оағыныштығына қарамастан мыналарды ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ: бактардың аумағын, парктердің, газондарды, ағаш бұтақтары бар -ротуарларды, аулаларды, скверлерді, бульварларды, қалалық және
селолық бейіттерді және олардың маңындағы аулаларды, бос жер учаскелерін тазартуды өнеркәсіп, ауылшаруашылық кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, коммуналдық қызметтер, осы аумақтар қарамағында болушы жалгерлер мен құрылыс салушылар жүргізеді.
Тармақ 8
8. меншіктің барлық нысандарындағы заңды, лауазымды және жеке тұлғалар осы Ереженің 2 тарауының 7 тармағында көрсетілген аумақтарды үлгілі жағдайда ұстауға міндетті.
Тармақ 9
9. Өнеркәсіп және ауылшаруашылығының кәсіпорындары, сауда ұйымдары, меншік нысандарына қарамастан, жеке адамдар және басқа ұйымдар, көшелерде киоскілері, жаймалары, дәріханалары, шеберханалары бар т.с.с. жергілікті атқарушы органдарымен анықталған орындарында, сондай-ақ ғимараттарды жалдаушылар өздеріне жақын аумақтарды күні бойы тазалықта ұстайды және жұмыс аяқталғаннан кейін қоқыр- соқырдан және батпақтан тазартады.
Тармақ 10
10. Қоғамдық әжетханалар мен үйінділерді тиісті жағдайда ұстауы қажет.
Тармақ 11
11. Базалардың аумақтарының ( оның ішінде шаруашылық, базар алаңдары) үсті асфальтпен, қиыршық тастармен жабылуы тиіс, олардың канализациясы мен суқұбырлары болуы қажет. Канализациясы жоқ базарларда сауда орындарынан 50 м қашықтықта қоқыс өткізбейтін көпшілік әжетхана болуы тиіс. Шаруашылық алаңдары (қоймалар, сақтағыштар) сауда жасау орнынан кемінде 30 метр қашықтықта болуы тиіс. Базардың аумағы, оған жақын алаңдарды, қалдықтар жинағышты тазартуды және таза ұстауды базар иесі жүргізеді.
Жылдың жылы уақытында міндетті түрде сыпырумен қатар базар
аумағын
жуу жүргізіледі.
Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, оқу орындары оларға бекітілген жағажай, демалыс аймағы және жаппай серуендеу орындары аумақтарында орындалған көркейту жобаларына сәйкес мыналарды ОРНАТАДЫ:
Тармақша 1
1) коғамдық әжетқаналар, жағажайда-суға шомылудан кемінде 200 метр кашықтықта;
Тармақша 2
2) арақашықтары 40 метрден аспайтын урналар, 600 шаршы метрде кемінде бір урна;
Тармақша 3
3) 3500-4000 шаршы метр алаңға бір контейнер есебінде қоқыс жинаушылар;
Тармақша 4
4) «Ауыз су» 2874-73 мемлекеттік стандартқа сай келетін сусын су жүретін фонтаншалар;
Тармақша 5
5) шешінетін жер, гардеробтар;
Тармақ 12
12. Жағажай, демалыс аймағының, жатпай серуендеу орындарының мақтарын тазартуды, сондай-ақ жыл сайын таза құм немесе ұсақ тастар төгу, арнайы механизм болған жағдайда жиналған қалдықтарды шығарумен қатар құмның жоғарғы кабатын механизммен жұмсарту осы аумақтар бекітіліп берілген кәсіпорындар, мекемелер ұйымдар, заңмен белгіленген тәртіпте жүргізеді.
Тармақ 13
13. Сауда жасаушы ұйымдар жағажайларда, парктерде, демалыс аймақтарында және жаппай серуендеу орындарында тазалау жұмыстарын осы Тәртіптің 2 тарауының 9 тармағының талаптарына сәйкес жүргізеді.
Тармақ 14
14. Шомылу үшін арналған жерлерде машиналарды жууға, малдарды, иттерді, мысықтарды шомылдыруға жол берілмейді.
Тармақ 15
15. Стадиондарды, спорт алаңдарын ұстауды және тазалауды осы құрылыстардың техникалық қызметкерлері, оларды балансқа алған кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Көлік құралдарының тұрақты асфальттануы, белгіленуі, орындалған жобаларға сәйкес көгалдандырылуы, көркейтілуі қажет.
Автомотокөлік, автосервис қызметтерінің тұрақтарын және оларға жақын аумақтарды ұстауды және тазартуды олардың меншік иелері жүзеге асырады.
Көлік құралдарының газондарда, скверлерде және жасыл ағаштар отырғызылған басқа да жерлерде, тұрғын үйлердің жалпы пайдаланатын жерлерде, дүкендердің, дәріханалардың, базарлардың, қызметтік үйлердің чаңында тұрақтарын тұрғызуға тыйым салынады.
Тармақ 17
17. Кооперативтік гараждарды, шаруашылық сарайларын, погребтерді аумақтарды оларға жақын жасыл ағаштар аумақтарын ұстау мен тазалауды меншік иелері жүргізеді.
Тұрғын үй және қоғамдық үйлер аулаларының ішінде металдық гараждар мен погребтер орнатуға тыйым салынады. Өз еркімен салынғандар бұзылады.
10 метр радиусындағы жасыл ағаштары бар аумақтар тазартуға жатады. Бюджеттік ұйымдардың көзделген аумақтардан қоқырларды, қалдықтарды шығаруды коммуналдық қызметтер немесе тиісті әкім белгілеген тәртіпте жүргізеді.
18 Аудан орталықтарында, селоларда бейіттердің аумақтарын ұстау мен тазартуды тұрғындар, коммуналдық немесе жекеше кәсіпорындар жүргізеді. Кенттік, селолық бейттердің аумақтары қоршалуы қажет, ішкі жақта өтетін жер катқақтау болуы тиіс.
Бейіттердің шекараларын жергілікті әкімдер белгілейді.
Тармақ 19
19. Мал, құс, аң өсірумен және ұстаумен шұғылданушы шаруашылықтар мен кәсіпорындардың меншік иелері оларды қолда ұстау кезінде оларды ұстау аумағында көң мен басқа да лас заттарды бір жерге үйіп, содан соң жергілікті мемлекеттік қадағалау органымен келісілген орындарға шығаруға міндетті.
Тармақ 20
20. Жетілдірілген жабындары бар көшелер мен алаңдардың жүріс бөлегін механикаландырылған әдіспен тазарту жергілікті әкімдер бекіткен кесте лша жүргізіледі. Механикаландырылған әдіспен тазарту күніне бір рет қажет болған жағдайда қайталап жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Тұрғын үйлерден, сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынан,балалар және емдеу мекемелерінен, оқу орындарынан, мәдени мекемелерінен, қоғамдық ұйымдардан тұрмыстық қалдықтарды шығаруды уналдық шаруашылықтардың күшімен және қаражаттарымен немесе
жекеше кәсіпорындардың жоғарыда аталған заңды және жеке тұлғалар жүргізеді.
Тағам қалдықтарын жинау және пайдалану Ветеринарлық- санитарлық тәртіптің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Елді мекендерде сұйық жуынды-шайындыны, қоқым- соқымды коммуналдық шаруаруашылықтың бұл мақсатқа арнайы бөлінген жерге шығарады.
Арнайы қызметтердің қамтуымен қамтылмаған кәсіпорындар, жеке адамдар коқым- соқымды шығаруды өз күштерімен және құралдарымен жүргізеді. Контейнерлер үшін алаңдар тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардан, спорт аландарынан кемінде 20 метрге, бірақ 100 метрден артық емес жерге аластатылуы тиіс. Орнатылған контейнерлердің саны бір алаңға 5- тен артпауы керек.
Контейнерлер, қоқыс жинағыштар дер кезінде тазалануы қажет, оңды жағдайда ұсталып, дезинфекциялануы керек. Контейнерлерді , коқыс жинағыштарды дезинфекциялау әрбір босатылған сайын, ал алаңдардың айналысы күн сайын, қырылатын қабырғалар үш күнде бір рет.
Тұрмыстық қалдықтарды шығару:
-жылдың суық уақытында-3 күнде 1 рет;
-жылы уақытта- күн сайын.
Тармақ 22
22. Көшелердің, тротуарлардың, алаңдардың жүріс бөліктерін жуу коммуналдық шаруашылықтың және кәсіпорындардың арнайы қызметтерінің механизмімен жоспарлы түрде, аптасына кемінде екі рет жүргізіледі.
Жас ағаштар мен газондарды суландаруды кенттердің барлық аумақтарында ұйымдар тиісті әкімдер белгілеген тәртіпте жүргізеді.
Көшелерді, алаңдырды жуу мен суландыру кестелерін жергілікті әкімдер бекітеді.
Тарау 3. 3. ҚЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНДА АУМАҚТАРДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ
3. ҚЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНДА АУМАҚТАРДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ
Тармақ 23
23. 16 қарашадан 15 сәуірге дейінгі кезде елді мекендердің аумақтарын тазарту, қоқым-соқымды, қарды, мүзды, батпақты және қүмды тасып шығару қажеттілігі бойынша бүкіл күні бойы жүргізілуі қажет.
Ауа райының жағдайына байланысты тазартудың бұл тәртібін жергілікті әкімдер өзгерте алады.
Тармақ 24
24. Өнеркәсіп және ауылшаруашылығының кәсіпорындары, мекемелер, ұйымдар жеке еңбекпен шұғылдану үшін үйлері жалдаушы адамдар қар тазауды қажет жауғаннан бастап және қар жауу аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізулері қажет. Автобус аялдамаларының аумақтарынан басқа барлық көшелер мен алаңдарда жаңа жауған қарды жалға салуға және үюге рұқсат етіеді, кейін олар тасып шығарылуы қажет ( қар жауу аяқталғаннан кейін ілешала)
Проездермен өтетін жерлерге, газондарға қар мен мұз төсеуге тыйым салынады
Тармақ 25
25. Шатырларды қардан тазалау және карниздердегі, шатырлардағы, су жүретін құбыларда қар бұлтықтарын жою ғимараттар мен құрылыстар иелерінің імен күшімен және қаражаттарымен жүргізіледі, мұнда жаяулардың бақытсыз
жағдайын болдырмау, әуе желілерін, жарық сәулелерін және жасыл ағаштарды бүлдірмеу үшін сақтану шараларын міндетті орындау қажет.
Тармақ 26
26. Көшелердің, алаңдардың жүру бөліктеріне, көпірлерге, түйіспелерге көтерілген және төмен түсетін жерлерге механизмдермен құм төгуді коммуналдық кәсіпорындардың мамандандырылган қызметтері жоспарлы жүргізеді.
Тарау 4. 4. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҚТАРЫНДА ШАҒЫН СӘУЛЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ ТӘРТІБІ.
4. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҚТАРЫНДА ШАҒЫН СӘУЛЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ ТӘРТІБІ.
Тармақ 27
27. Сыртқы көркейтудің барлық әлементтері, оның ішінде ғимараттардың фасадтарын өңдеу аумақта құрылыс салудың тәртібін белгілейтін Ережеге сәйкес орындалуы қажет.
Тармақ 28
28. Қашалар, шарбақтар, газондар, киоскілер, палаткалар, павильондар, ларектер, жарнамалық стендтер салу және орнату, мандайша жазуларын, әртүрлі көрнекі және басқа қондыргыларды салу және орнатуға, бақша-парк скамейкаларын орнатуға тек аудандық сәулет органдарымен келісілгеннен кейін ғана жол беріледі.
Барлық сәулеттік нысандар оңды жағдайда ұсталуы қажет және жылында кемінде бір рет боялуы қажет.
29 көшелерге жарық беретін шамшырақтар, шырақты жарнама және шырақты каңдайша жазуларды, подъездердегі шырақтар қаранғы түскенде ғана жағылуы керек.
Жарық беруге жататын көшелердің, парктердің, скверлердің, бульварлардың, тұрғын ықшам аудандардың тізбесін жергілікті әкімдер белгілейді.
Тармақ 30
30. бақша-парк орындықтары скверлерде, бульварда, парктерде орнатылады, бұл жұмысты меншіктің барлық нысандарындагы кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдык ұйымдар орындайды.
Тармақ 31
31. Қазіргі құрылыстарды бұзу орнындағы кұрылыс алаңдары кұрылысты бұзуды бастағанға дейін белгіленген үлгіде айнала шарбақтармен қоршалуы кажет.
Қашаларда өтетін жерлері болуы тиіс. Өтетін жерлер әдеттегідей екінші деңгейдегі көшелерге шығуы керек және шлагбауммен жабдықталуы тиіс.Кұрылыс алаңдары кіріп-шығатын көліктің көшелерді ластауды болдырмайтында етіп көркейтілуі қажет.
Тармақ 32
32. Құрылысты жүргізу кезінде құрылыс ұйымдарына негізгі магистралдің периметрі бойынша жол учаскесі салынып жатқан объектіден қоқыр- соқырдан тазарту үшін бекітіледі.
Тармақ 33
33. Көшелерді аландарды және басқа қогамдық орындарды қокым-соқыммен ластамау үшін калалардың, аудан орталықтарының көшелерінде арақашықтығы 100 метрден аспайтын жерлерге урналар орнатылады. Тұрғын үй-пайдалану кемелері, үй басқармалары, меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар (жаргерлер, құрылыс салушылар) фасад бөлігінде өздерінің үйлері мен офистерінің кіру және шыгу маңында урналар орнатады, сауда ұйымдары-сауда үйлерінің кіретін және шығатын жерінің маңында, палаткалардың, ларектердің, павильондардың маңында, коммуналдық
шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдар және басқа кәсіпорындар меншіктері- скверлердің, бульварлардың маңында, паркетерде, жағажайларда урналар орнатады, жеке еңбек іс-қимылдарымен шұғылданушылар жалға алған үйлердің (ларектердін, будкалардың) маңында урналар орнатады.
Урналар бүтін және тазалық жағдайда ұсталуы қажет, қоқым-соқымнан тазартылуы тиіс, аптасына бір рет жуылуы, дезинфекциялануы, жылына кемінде екі рет сырлануы керек.
Тармақ 34
34. Аудан орталықтарында көшелерде, алаңдарда, ықшам аудандарға, парктерде, жағажайларында, бейттерде шағын сәулеттік нысандарының барлық әлементері құрылыс салу жоспарларына сәйкес сақталуы және орналастырылуы кажет, мұны коммуналдық қызметтер орындайды, басқа жерлер мен елді чекендерде-меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер, коғамдық ұйымдар, жергілікті әкім белгілеген аумақтарда салушылар жүзеге әсырады.
Тармақ 35
35. Тұрғын қызметтік, өнеркәсіптік және басқа ғимараттар мен құрылыстардың иелері нөмірлік белгілерді оңды жағдайда ұстаулары қажет.
Тармақ 36
36. Меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, коғамдық ұйымдар, оқу орындары, сауда және қоғамдық тамақтану мекемелері, Засқа мекемелер, ұйымдар кіреберісте кәсіпорынынның, ұйымның қазақ және орыс тілдерінде жазылған атауының болуын және олардың тиісті оңды жағдайда ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 37
37. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар телефон-автоматтарды, жаранмаларды витриналарды орнатуды жергілікті әкімдермен келісім бойынша жүргізулері қажет.
Телефон-автоматтарды жөндеуді, сырлауды олар балансында тұрған телефон келілерінің кәсіпорындары жүргізеді.
Тарау 5. 5. ИНЖЕНЕРЛІК ҚҰРЫЛЫСТАР МЕН КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫ ҰСТАУ МЕН ЖИНАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ.
5. ИНЖЕНЕРЛІК ҚҰРЫЛЫСТАР МЕН КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫ ҰСТАУ МЕН ЖИНАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ.
Тармақ 38
38. Қарамағынды жер асты желілері бар кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар газ люктерінің, канализация, суқұбыры, жаңбыр және басқа құдықтардың қақпақтары жолжабының деңгейінде болуын ұдайы қадағалап, олардың оңды жағдайда болуын қамтамасыз етулері керек.
Тармақ 39
39. Құрылыстар мен жерасты коммуникацияларын салу жобаларын әзірлеген кезде жобалау ұйымдары құрылыс учаскелеріне болушы ағаштар мен бұтақтардың сақталуын қамтамасыз ететіндей жұмыс ұйымдастыру тәртібін пысықтап, құрылыс жұмыстарының сметаларында қалпына келтіру құнын өтеуді көздеуге, ал оларды басқа жерге отырғызатын болса, жасыл көшеттерді қайта отырғызу жөніндегі жұмыс құнын қосымша өтеуді көздеуге міндетті.
Тармақ 40
40. Кәсіпорындар ведомстваларының, фермерлік және басқа шарушылықтардың инженерлік құрылыстары мен коммуникацияларын осы құрылыстардың иелері қамтиды.
Тармақ 41
41. Елді мекендерді көркейтуді, ұстайды қамтамасыз ету мақсатында ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Тармақша 1
1) санәпидемстансасының келісімінсіз тұрмыстық қоқысты және тағам калдықтарын жинау үшін алаңдар орналыстыруға;
Тармақша 2
2) тұрмыстық және тағам қалдықтарын тасып шығарудың келісілген тәртіптегі кестені бұзуға;
Тармақша 3
3) құрылыс материалдарын, ағаштарды, көмірді, шөпті, сабанды улыхимикаттарды, минералдық тыңайтқыштарды және басқа материалдарды көшелелерде, тротуарларда, үйлердің фасадтарында сақтуға;
Тармақша 4
4) қоқысты, боқашықтықты және басқа қалдықтарды көшелерге, кұрылыстан бос аумақтарға, жүретін жерлерге тастауға; сүйық лас заттарды (жуындыларды, кір жуғаннан кейінгі суды) төгуге, соңдай- ақ су айдындарын және олардың жағалауларын ластауға;
Тармақша 5
5) сутартатын колонкалардың, артезиандық құдықтардың және шахталық кұдықтардың маңында кір жууға және шаюға;
Тармақша 6
6)көшелерде, скверлерде, бақтарда, орман бақтарында, стадиондарда, мектеп жанындағы учаскелерде және қоғамдық пайдаланылатын басқа орындарда мал, кұс бағуға;
Тармақша 7
7) қалалардың, аудан орталықтарының көшелерінде мал айдауға, шынжыр табанды тракторлардың, шынжыр табанды көліктің басқа түрлерінің жүруіне, бұлар үшін мал айдайтын арналулы жері мен жолдары белгіленуі тиіс;
Тармақша 8
8) аудан орталықтарының, ауылдардың газондарда және үй жанындағы мақтарда, көшелерінде көкөніс, картоп және басқа ауылшаруашылығы
ілдарын отырғызуға;
Тармақша 9
9) жол және жер жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс істейтін құрылыстарды, жас көшеттерді бүлдіруге, көшелердің тікелей жүріс бөлегінде
ерітінді және бетон дайындауға; құдықтардан, траншеялардан, котловандардан суды тікелей тротуарлаға және көшелердің жүріс бөлегіне ағызуға; қоймалар үшін артық алаңдар ұстауға; белгіленген шекарадан тыс жұмыс жүргізуге, ағаштарды, бұталарды, газондарды, құдықтардың люктерін, су ағызатын керегелерді, астауларды, астауларды, құбырларды, дренаждарды, геодезиялық тгілерді, жолдың жүріс бөлігін, тротуарларды, жұмыс жүргізуге бөлінбеген учаскелерді жермен және құрылыс материалдарымен жауып тастауға;
Тармақша 10
10) мал өсіру еңбегімен шұғылданушы өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындары, мекемелер, ұйымдар, фирмалар, жекеменшік үй иелері көңді және басқа лас заттарды көшелердің жүріс бөлігіне немесе қашалар мен шарбақтардың, мал, құс, аң ұстау үшін үйлердің қабырғаларының сыртына, соңдай- ақ тұрғын үйлерге тікелей жақын жерлерге шығаруға және үюге;
Тармақша 11
11) жағажай, демалыс аймағының жаппай серуендеу жерлерін, кооперативтік гараждардың, шаруашылық сарайларының, саябақ аумақтарын, және соларға жақын аумақтарды ластауға;
Тармақша 12
12) автокөлікті, тракторды газондарға және басқа жас көшеттерге, қызметтік үйдің, тұрғын үйлер подъездерінің, оқу орындары мен денсаулық
сақтау мекемелерінің қасына қоюға;
Тармақша 13
13) кәсіпорындардың, ұйымдардың аумақтарында, көшелер мен газондарда, тұрғын кварталда қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге.
Тарау 6. 6. ЖАСЫЛ АҒАШТАРДЫ ҰСТАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
6. ЖАСЫЛ АҒАШТАРДЫ ҰСТАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
Тармақ 42
42. Жас көшеттер жалпы халықтың игілік, маңызды сауықтыру факторы, селоларды сәндендіретін елеулі жәйт болып табылады. Оларды корғау және ұстау-әрбір кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның, әрбір азаматтың міндеті.
Тармақ 43
43. Скверлерді, бульварларды, парктерді, тротуарлық газондарды, жасыл шаруашылықтың басқа объектілерін ағымды ұстау коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарына, сондай-ақ өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарына, мекемелерге, қоғамды ұйымдарға, жергілікті әкімдер бекітіп берген аумақтарда жекеменшік үй иелеріне жүктеледі.
Тармақ 44
44. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде тапсырысшылар, сақталатын жас көшеттерді құрылыс ұйымдарына сақтау қолхатын алумен беруге міндетті. Құрылыс ұйымдары жас көшеттерді шарбақтармен қоршауға, жеке жас көшеттерді бүлдірмеу үшін қорабқа салуға міндетті. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргізуге бөлінген учаскелерде жас көшеттерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда тапсыршы жас көшеттерді өз күшімен және қаражатымен басқа жаққа отырғызуга немесе коммуналдық шаруашылықтың іамандырылган ұйымымен жас көшеттерді қайта отыргызу және күту жөнінде
шарт жасауға, жас көшеттердің құнын өтеуге міндетті.
Жас көшеттердің аумағында ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Тармақша 1
1) кұрылыс материалдарын, жер, көмір және басқа заттарды қоймалауға,газондарды, гүлдер егілген жерлерді, ағаш шұнқырларын ластауға;
Тармақша 2
2) газондар бойынша жүруге, ағаштарды сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық бұзуларға;
Тармақша 3
3) көшелерді, алаңдарды, тротуарларды тазалау мақсатында жас көшеттер үшін тұз және басқа зиянды заттар қолдануға;
Тармақша 4
4) гүлдерді жұлуға, жемістерді үзуге, мал бағуға, жер, құм өндіруге;
Тармақша 5
5) жас көшеттерді өнеркәсіптік лайсумен және басқа тастамалармен ластауға;
Тармақша 6
6) бақша мүліктері мен жабдықтарын ( орындықтарды, урналарды, шыбықтарды, газон торларын) бүлдіруге;
Тармақша 7
7) автомашиналармен, мотоциклдермен, велосипедтермен, басқа да көлік кұралдарымен жүруге ( арнайы көліктен басқа);
Тармақша 8
8) жолаушылар көлігін газондар мен гүлдердің маңында тоқтатуға;
Тармақша 9
9) от жағуға, өртке қарсы басқа да тәртіптерді бұзуға;
Тармақша 10
10) ағаштарға әлектрсымдарын, тікенек сымдарды, качелдерді, киімдерді кептіру үшін жіп байлауға, жазулар жазуға;
Тармақша 11
11) агрономиялық белгіленген мерзімдерден тыс, кесу тәртібін сақтамай, жергілікті әкімшіліктердің коммуналдық шаруашылықтарының өсімдіктер шаруашылығы қызметінің рұқсатынсыз ағаштардың басын кесуге;
Тармақша 12
12) ағаш және бұта көшеттерін өз еркімен кесуге;
Тармақша 13
13) өзбетімен қашалар орнатуға;
Тармақша 14
14) ойындар: футбол, волейбол, городки және басқа ойындар ( бұл мақсат үшін арнайы бөлінген орыннан басқа) үйымдастыруға;
Тармақша 15
15) жас көшеттерге зиянды ықпал етуді болдырмайтын жабдықтармен қамтамасыз етілмеген жаңа және жаңғыртылған кәсіпорындарды, цехтарды, агрегаттарды және басқа объектілерді пайдалануға беруге.
Тарау 7. 7. БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ СЕЛОЛАРЫНДА КӨРКЕЙТУ ТӘРТІБІН БУЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАІЖЕРШІЛІК, ЕЛДІ МЕКЕНЛЕРДЕ ЖЕРДІ ЖӘНЕ ЖАС АҒАШТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
7. БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ СЕЛОЛАРЫНДА КӨРКЕЙТУ ТӘРТІБІН БУЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАІЖЕРШІЛІК, ЕЛДІ МЕКЕНЛЕРДЕ ЖЕРДІ ЖӘНЕ ЖАС АҒАШТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» Қазақстан Республикасының КОДЕКСІНЕ СӘЙКЕС;
Бап 249
249-бап. «Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен жағу кезінде атмосфералық ауану қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау»
Бап 283
283-бап. «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдау»
Бап 300
300-бап. «Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау ережелерін бұзу»
Бап 387
387-бап. «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзу, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым объектілерін бұзу»
Ескерту жасауды немесе азаматтарға және лауазымды адамдарға айыппұл салуға әкеп соғады.
Жұмыс тобының жетекшісі:
түрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімінің бастығы: А. Нұрғожин