Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 3 наурыздағы № 48 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарты туралы нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 3 наурыздағы № 48 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарты туралы нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңынын 28-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарты туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 3 наурыздағы № 48 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3359, 2005 жылғы 18 сәуірдегі № 10 аудандық «Науырзым» газетінде жарияланды) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 3-бөлімнің 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысын төлеудегі жұмыс берушінің шығындары 1,5 ең төменгі айлық еңбекақы мөлшерінде бюджет қаражатынан қайтарылады.»; 3-бөлімнің 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін еңбекақысына заңнамада белгіленген тәртіп бойынша салық салынады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.