Аудандық Әкімдіктің 2005 жылғы 3 тамыздағы № 677 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудандық Әкімдіктің 2005 жылғы 3 тамыздағы № 677 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ “Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” Заңының 31 бабы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31 бабына сәйкес Үржар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудандық Әкімдіктің 2005 жылғы 3 тамыздағы № 677 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту туралы» қаулысының 3 тармағына өзгертулер мен толықтырулар ретінде 2007 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы енгізілген шаруашылық субъектілері қосымшаға сәйкес толықтырылып бекітілсін ( тізбе қоса тіркеледі).