Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 3 тамыздағы №169 «Бөкей ордасы ауданында халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 3 тамыздағы №169 «Бөкей ордасы ауданында халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі меңгерушісінің 27.02.2007 жылғы № 1-11-38 ұсынысқа сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 3 тамыздағы № 169 «Бөкей ордасы ауданында халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» (тіркеу 8.09.2005 ж. № 7-4-8 «Орда жұлдызы» 28.09.2005 ж. № 42) қаулысына мынадай өзгерістер еңгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген «Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған әлеуметтік жұмыс Орындарын ұсынған ұйымдардың қатарына төмендегі жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары енгізілсін:
«Талап» шаруа қожалығы, жетекшісі Иран Дауленов, «Сарбасты» шаруа қожалығы, жетекшісі Ерсайын Есимов, «ЧП Темрешов» жеке кәсіпкер Асия Темрешова, «Рауан» шаруа қожалығы, жетекшісі Асылбек Рысқалиев, «Ахметов» шаруа қожалығы, жетекшісі Нұрлыбек Ахметов, «Даурен» шаруа қожалығы, жетекшісі Шынтемір Лайықов, «ЧП Туленгалиева» жеке кәсіпкер Райса Туленгалиева.
КЕЛСІЛДІ:
Орда ауылы
««Рауан» шаруа қожалығы»: А.Рысқалиев
КЕЛСІЛДІ:
Орда ауылы
«Ахметов» шаруа қожалығы»: Н.Ахметов
КЕЛСІЛДІ:
Сайқын ауылы
«Талап» шаруа қожалығы»: Дауленов Иран
КЕЛСІЛДІ:
Сайқын ауылы
«Сарбасты» шаруа қожалығы»: Е.Есимов
КЕЛСІЛДІ:
Орда ауылы
«ЧП Темрешова» шаруа қожалығы»: А.Темрешова
КЕЛСІЛДІ:
Бисен ауылы
«Даурен» шаруа қожалығы»: Ш.Лайқов