Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы «Жеке санаттағы азаматтарға санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы» № 99 қаулысына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы (тіркелген № 13-13-4, 2005 жыл 19 сәуір) Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы «Жеке санаттағы азаматтарға санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы» № 99 қаулысына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы (тіркелген № 13-13-4, 2005 жыл 19 сәуір)
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 213 Заңының 28 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 14 тармағы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңының 10 бабы 7 тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 31 наурыздағы «Жеке санаттағы азаматтарға санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы» № 99 қаулысымен ( 2005 жылғы сәуір айының 19 күні тіркеу № 13-13-4, 2005 жылғы 30 сәуірдегі №18 «Шұғыла» газеті) бекітілген жеке санаттағы азаматтарға санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну ережелеріне төменгідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болсын:
Ереженің 1 тармағы келесі мәтінмен мазмұндалсын: «Жеке санаттағы азаматтарға санаторлық-курорттық емдеуді ұсынудың осы Ережесі (ілгеріде Ереже) санаториялар, профилакториялар және пансионаттарда тегін санаторлық-курорттық емделу үшін жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің ұсыну жағдайын және тәртібін реттейді»;
3 тармақтың 8 тармақшасы «барлық санаттағы мүгедектерге» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М.Бейсембинге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді.