"Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы № А-5/152 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
"Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы №А-5/152 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылға 23 қаңтардағы
Заңына
сәйкес облыс әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы №А-5/152, Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 18 мамырда №3132 болып тіркелген, "Акмолинская правда" газетінде 2005 жылғы 2 маусымда жарияланған қаулысына, "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы №А-5/152 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №А-12/357 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар есепке алына отырып (Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 07 желтоқсанда №3164 болып тіркелген, №150 "Акмолинская правда" газетінде 2005 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі:
", 2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы"»облыстық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N 3С-9-4 шешімінің негізінде" сөздері алынып тасталсын;
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесінде:
2-тармақтың:
3-тармақшасы жаңа редакцияда берілсін:
3) "еңбек ардагерлеріне";
4-тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақмола облысының
жұмыспен қамтуды және
әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру департаментінің
директоры Ә. Мадияров