Көкпекті аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесі» № 13-7/1 шешіміне өзгерту енгізу туралы
ҚАЗКөкпекті аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесі» № 13-7/1 шешіміне өзгерту енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Көкпекті аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесі» № 13-7/1 шешіміне өзгерту енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Көкпекті аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесі» № 13-7/1 шешіміне өзгерту енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-4/1
- Қабылданған күні
- 21.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2018 · қолданыстағы 37344_308008.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07VO000032
- ЭКБ идентификаторы
- 37344
- Редакция идентификаторы
- 37344_308008
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:32
0 Көкпекті аудандық мәслихаттың 2005 жылғы
6 сәуірдегі «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді
ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы
төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру
тәртібі туралы Ережесі» № 13-7/1 шешіміне
өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Републикаеындағы жерғілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, Қазақстан Республикасынын «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы негізінде Көкпекті аудандык мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Кекпекті аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережесі» (тіркеу нөмірі НҚА тізбесіне сәйкес № 2292 «Жұлдыз» газетінің 2005 жылғы 2
мамырдағы №21, «Жүлдыз» газетінің 2005 жылғы 28 мамырдағы № 22, тіркеу
нөмірі НҚА тізбесіне сәйкес 5-15-28 «Жұлдыз» газетінің 2007 жылғы
кыркүйектегі №37 саңында жарияланған) №13-7/1 шешіміне келесі өзгерту
енгізілсін:
Тұрғын үй жәрдемақыдарын беру Ережесінде;
«5» тармактағы «Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық кызмет тұтынуға ақы
төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістеріні
20 пайызы мөлшерінде белгіленеді» деген сөйлем «Тұрғын үйді үстау және
коммуналдық қызмет
тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс
үлесі отбасының киынтық кірістерінің 11 пайызы мөлшерінде белгіленеді»
деген сөйлеммен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін кунтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа егнгізілсін.
3 Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Көкпекті ауданының мәслихаттың
2007 жылғы “21” желтоқсан
№ 3-4/1 шешімімен
бекітілді
Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және
үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі
туралы ЕРЕЖЕ
1 1. Тұрғын үй көмегі
1 1. «Тұрмыстық қатынастар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-
сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс) және үй-коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі.
2 2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) бір рет беріледі.
3
3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам, осы пунктің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.
4 4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді
тұтынуға акы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
5 5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол
берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 11 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
6 6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау
шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, газбен камтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифтерді қамту пәрерақы және да пайдаланылатын шыгындар)
қалалық және аудандық әкімдерімен белгіленеді.
7 2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және
олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет берушілердің тарифтері негізінде қолданылады.
2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
8 8. Жеке меншігінде 1 бірілктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
9
9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
10 10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
11 11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері
бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады. Бұрыңғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және
бақылауға алынады. Ескі қарыздың жойылуы коммуналдық қызмет көрсетушілермен
келісіліп бақыланады.
12 12. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларға қайта аттестациялауды жүргізу керек.
Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсаңның
алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса
беріледі.
13 13. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің
мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу үшің тұрғын үй
көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген
уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.
14 14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты
зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты
зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының
құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары
Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде екі
есептік көрсеткішке /кемиді/ реттеледі.
15 15. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын
үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының
шегінде жоғалтылған жалудың төлемі тарифтерде есепке алынсын.
16 16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылту мезгілінде жылумен ыстық су қосылмаған және
пәтерлері жергілікті жылту приборлары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады.
Электқуатының төлемі жылтумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет
көрсетушіні тарифтарға сәйкес, төлеміне эквивалентты есептелсін.
17 17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде
мына шектеулер есепке алынады:
1 1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-
зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы
бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің
түрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
2 2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе
(көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы
тағайындалмайды;
3 3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының
табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
4 4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының
табыстары және олардың тұрғындй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы
қажет.
18 18. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылар соны ресімдеу
үшін мынадай құжаттарды қоса берумен өтініш ұсынады: төлқұжат немеете жеке куәлік
(тоқсан сайын), тұрғын үй құқығын куәландыратын қүжат (жылына 1 рет, келесі жылдың
аттестациясына дейін) немесе , азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет, келесі
жылдың аттестациясына дейін немесе басқа өзгерістерге дейін), отбасы табыстары (еңбекақы,
жәрдемақы, зейнетақы, т.б) туралы анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3
айға), жасқа байланысты зейнетақы (жылына бір рет және тоқсан сайынғы аттестациядан өту,
сақтау кітапшасы немесе жеткізу есеп қағазы), қызмет көрсетушіден тұрғын үйге ақы төлеу
туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациялауына немесе тарифтер
өзгергенге дейін), барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер (тоқсан
сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жұмыссыздарға жұмыстылық және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі анықтама (тоқсан сайын). Жеке меншік шаруашылық туралы ақпарат
(жылына 1 рет немесе басқа өзгерістер болса).
19 19. Тапсырылған құжатттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш
жасаладі, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі еңгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің
немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары
койылады.
20 20. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып
табылады (1 қосымша).
21 21. Электрмен қамту, газбен қамту, канализация, жылумен қамту, қоқыс шығару, лифтерді қамту, тұрғын үйді пайдалану бойынша пәтерақы шығындар талаптану тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.
22 22. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап
тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы қайта атгестациядан белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтінушінің ауыруы, курорт, шипажайда емделуіне, туысқандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).
23 23. Тармақ алынсын.
24 24. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің
меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
25
25. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығымдары және отбасы мүшелерінің шындық тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талаптанған құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібінде.
3 3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
26 26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (менітк үй иесінің) өтемдік шараларымен
қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілегін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формула:
П=МСПЖ-0 х д) ,
П - тұрғын үй көмегінің мөлшері
МСПЖ - тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем
t - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=20%)
д - отбасының жиынтық табыстары
4 4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер аттардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
27 27. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемін
тағайындайтын уәкілетті органымен жүргізіледі.
28 28. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері арыз беру
кезіндегі отбасы мушелерімен тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы
тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс
болғандарды жерлеу мен бала туғандағы бір жолғы төлемдерден басқа осепке алынды.
Отбасының табысында алынған микронесиелердің сомалары есептелінбейді. Жиынтық табыс
өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі.
29 29. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы
шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды
қоспағанда) тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан
екі және одан көп бас болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
30 30. Қаяалардың және қалалық үлгідегі кенттердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір
бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан
түсетін табыстарды қоспағанда саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды
қоспағанда) тоқсанда екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан
екі және одан көп бас болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
31 31. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды (2 қосымша). Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
32 32. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алиментгердің есебісіз саналады, егер де төлеуші:
1 1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда
жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама ұсынылғанда);
2 2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
3 3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу- еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
4 4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
33
33. Ішкі істер органдары тұрғылықты жерлері бойынша тіркеген адамдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.07.2000 жылғы № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
34
34. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
35 35. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
36 36. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне занда белгіленген тәртіпте жауапты.
5 5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
37 37. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылартұрғын үйді жалдауға келісім- шарт болғанда беріледі.
38 38. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметгік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метіріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
39 39. Көмірдің құнынбесептеу үшін қала бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданамыз және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне караймыз (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
40 40. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
41 41. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде уш айға аламыз.
42 42. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
5 43. Заң бойынша бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма сай бөлінеді.
44 44. Электр қуаты, газ, су, қокыс шығындарын пәтераңы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы квитанциялардың орташаларын есепке алу керек.
6 6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
45 45. Тұрғын үй көмегі қалалар мен аудандардың бюджет қаражаттарының есебінен
көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
46 46. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген
қаржаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есепттелуі жолымен екінші
деңгейдегі банкілер (бұдан әрі тиісті банкілер) арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі
төлемінің тәртібі мен шарты аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты
әлеуметтік қорғау бөлімдері және тиісті банкілер арасындағы жасалған агенттік келісімімен
белгіленеді.
47 47. Тиісті банкілердің филиалдары жоқ Қазақстан Республисының елді мекендерінде
аталған төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық (қалалық) жұмыстылық және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі белгіленген органдар арқылы жүргізіледі.
ЖӘББ бастығы
Қасенбаева Г.К.