О номенклатуре товаров и услуг и их объемах (в процентном выражении), закупаемых организаторами конкурса у организаций, производящих товары и услуги, создаваемых общественными объединениями инвалидов Республики Казахстан, на 2005 год Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы мен олардың көлемi (пайызбен көрсеткенде) туралы
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Конкурстарды ұйымдастырушылар номенклатурада көзделген тауарлар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды заңнамада белгiленген тәртiппен осы тауарлар мен қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнiң кемiнде 30 пайызы көлемiнде жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнiң
2004 жылғы 18 қарашадағы
N 1213 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы
Тармақ 1
1. Азық-түлiк тауарлары:
Тармақша 1
1) Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2005.04.08. N 318 қаулысымен .
Тармақша 2
2) Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2005.04.08. N 318 қаулысымен .
Тармақша 3
3) Алып тасталды - ҚРҮ-нің 2005.04.08. N 318 қаулысымен .
Тармақша 4
4) шұжық өнiмдерi.
Тармақ 2
2. Азық-түлiкке жатпайтын тауарлар:
Тармақша 1
1) тiгiн өнiмдері;
Тармақша 2
2) тоқыма өнеркәсiбiнiң өнiмдерi;
Тармақша 3
3) арнайы киiм;
Тармақша 4
4) терiден тiгілген киімдер және оның керек-жарақтары, терi бас киiмдер;
Тармақша 5
5) төсек-орын керек-жарақтары;
Тармақша 6
6) электр-техникалық бұйымдар;
Тармақша 7
7) көлiк құралдары, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлар үшін қосалқы бөлшектер (сүзгіштер, электр сымдары, щеткелер);
Тармақша 8
8) пластмасса, металл, былғары бұйымдары;
Тармақша 9
9) мал байлайтын шынжыр;
Тармақша 10
10) рабица торкөзі;
Тармақша 11
11) тұрмыстық мектеп және кеңсе жиһазы;
Тармақша 12
12) кеңсе тауарлары;
Тармақша 13
13) құрылыс материалдары:
тротуар тақталары;
ағаш бұйымдары;
шегелер;
терезе және есiк жақтаулары;
Тармақша 14
14) қылқалам-щетке бұйымдары;
Тармақша 15
15) тығындау бұйымдары;
Тармақша 16
16) қатырма қағаз бұйымдары.
Тармақ 3
3. Қызметтер:
Тармақша 1
1) аяқ киiм тiгу және жөндеу;
Тармақша 2
2) полиграфиялық;
Тармақша 3
3) салт-ғұрыптық;
Тармақша 4
4) жарнама-ақпарат, баспа қызметтерi;
Тармақша 5
5) күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу.