О ставках платы за загрязнение окружающей среды на 2005 год по Мангистауской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластанғаны үшін 2005 жылы төленетін төлемнің мөлшері туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластанғаны үшін 2005 жылы төленетін төлемнің көлемі облыстағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті орган - Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы жасаған есептеулердің негізінде бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 3
"Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластанғаны үшін 2005 жылы төленетін төлемнің мөлшері туралы" облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 8/134 шешіміне қосымша Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластанғаны үшін 2005 жылы төленетін төлемнің мөлшері туралы N п/п Көрсеткіштер Өлшем бірлігі (тонна) Нормативтік төлем (теңге) 1. Атмосфераға стационарлық көздерден шығарылған ластағыш заттар Шартты т. 1291, 0 2. Су нысандарына төгінділер Шартты т. 19054,0 3. Булану, сүзілу алаңдарына төгінділер Шартты т. 8174,0 4. Құрамдас бөліктері белгісіз ақаба суларының төгінділері* м 3 25,0 5. Этильденбеген бензин Физ. т. 443,0 6. Этильденген бензин Физ. т. 532,0 7. Дизельді отын Физ. т. 356,0 8. Сығымдалған газ Физ. т. 297,0 9. Аса қауіпті қалдықтар-1 дәрежелі қауіптілік Физ. т. 10607,0 10. Жоғары қауіпті қалдықтар - 2 дәрежелі қалдықтар Физ. т. 5303,0 11. Орташа қауіпті қалдықтар - 3 дәрежелі қалдықтар Физ. т. 1325,0 12. Қауіптілігі аз қалдықтар - 4 дәрежелі қалдықтар Физ. т. 662,0 13. Усыз қалдықтар Физ. т. 331 14. Әлсіз радиоактивті қалдықтар Физ. т. 19720,0 * - айыппұл санкциясын салу үшін төлем Ескерту:  "Қашқар Ата" қалдықтар қоймасының су деңгейін қалыпты ұстауға қолданылатын ақаба сулар төгінділері үшін нөлдік мөлшерлеме қолданылады.