Об утверждении Перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи на 2005 год Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң 2005 жылға арналған тiзбесiн бекiту туралы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына , "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2004 жылғы 13 қазандағы N 1050 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң 2005 жылға арналған тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерi Қазақстан Республикасының азаматтарына тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 0. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң 2005 жылға арналған тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1348 қаулысымен бекiтілген Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң 2005 жылға арналған тiзбесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тегін медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнің тiзбесi (бұдан әрi - TMККК тiзбесi) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға (бұдан әрi - азаматтар) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсынылатын медициналық көмек көрсетудің түрлерiн, көлемдерi мен шарттарын айқындайды және мейлiнше дәлелдi тиiмділігі бар медициналық қызметтердi қамтиды.
Тармақ 2
2. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылатын TMККК тiзбесi шұғыл айғақтар бойынша, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, айналадағылар үшiн қауiп төндiретін аурулар кезiнде медициналық көмек көрсетудi қамтиды.
Тармақ 3
3. TMККК тiзбесiне кiрмейтiн медициналық көмекке:
Тармақша 1
1) халықтың жеке қаражаты;
Тармақша 2
2) жұмыс берушiнiң қаражаты;
Тармақша 3
3) ерiктi медициналық сақтандыру жүйесi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен ақы төленедi.
Тармақ 4
4. TMККК азаматтарға жедел медициналық көмек, санитарлық авиация, амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында көрсетiледi.
Тарау 2. 2. Жедел медициналық көмек және санитарлық авиация нысанында ұсынылатын ТМККК тiзбесi
2. Жедел медициналық көмек және санитарлық авиация нысанында ұсынылатын ТМККК тiзбесi
Тармақ 5
5. Жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация нысанында көрсетілетiн медициналық көмек дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi қоса алғанда, жiтi аурулардан, созылмалы аурулардың өршуiнен, жазатайым оқиғалардан, жарақаттардан және уланудан, сондай-ақ жүктiлiк пен босанудан туындаған адам өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайларда (шұғыл жағдайда) халықтың барлық санаттары үшiн тегiн жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жедел медициналық көмек нысанындағы ТМККК тiзбесi емдiк-диагностикалық манипуляцияларды орындауды және науқастарды медициналық айғақтары бойынша шұғыл медициналық көмек көрсететін ұйымдарға жеткiзудi қамтиды.
Тармақ 7
7. Жедел медициналық көмек нысанындағы TMККК тiзбесiне шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет етпейтiн науқастарды, жүктi әйелдердi жоспарлы емдеу мен жоспарлы тасымалдау, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрiгерлерiнiң тағайындауларын орындау, сот-наркологиялық және медициналық сараптаманың басқа түрлерiн жүзеге асыру, еңбекке жарамсыздық парақтары мен қорытындыларды беру кiрмейдi.
Тарау 3. 3. Амбулаториялық-емханалық көмек нысанында ұсынылатын ТМККК тiзбесi
3. Амбулаториялық-емханалық көмек нысанында ұсынылатын ТМККК тiзбесi
Тармақ 8
8. Амбулаториялық-емханалық көмек нысанындағы ТМККК азаматтарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында бастапқы медициналық-санитарлық, бiлiктi және мамандандырылған медициналық көмек түрiнде, оның iшiнде стационарды алмастыратын көмек нысанында ұсынылады.
Тармақ 9
9. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектi (бұдан әрi - БМСК) азаматтардың тiркелген жерi бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) белгiлеген тәртiппен терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрiгерлерi, акушер-гинекологтар, фельдшерлер, акушерлер, медбикелер (бұдан әрi - БМСК мамандары) көрсетедi. Бiлiктi медициналық көмекті жоғары медициналық білімдi БМСК мамандары көрсетедi.
Тармақ 10
10. Мамандандырылған медициналық көмектi БМСК маманының жолдамасы бойынша бейiндiк мамандар көрсетедi.
Тармақ 11
11. Амбулаториялық-емханалық көмек нысанындағы TMККК тiзбесi уәкiлеттi орган бекiткен диагностика мен емдеудiң стандарттарына (мерзiмдiк хаттамаларға) бұдан әрi - Хаттамалар 1 ) сәйкес алдын алу, диагностикалық және емдеу қызметтерiн қамтиды. _____________________________ 1 Бұл жерде және бұдан әрі Хаттама болмаған кезде диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлемі жалпыға бірдей қабылданған көзқарастарға сәйкес медициналық айғақтар бойынша айқындалады.
Тармақ 12
12. Алдын алу қызметтерi мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) уәкiлетті орган белгiлеген тәртiппен 20 мен 34 жас аралығындағы әйелдердi, декреттелген жастағы балаларды және халықтың жекелеген топтарын алдын ала тексеру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге сәйкес жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы егу;
Тармақша 3
3) санитарлық-гигиеналық, iндетке қарсы iс-шаралар мен аурулардың алдын алу, оның iшiнде: жұқпалардың ошақтары мен сыртқы ортаның қолайсыз факторларын эпидемиологиялық және санитарлық-гигиеналық тексеру, сондай-ақ оларды жою немесе әсерлерiн азайту жөнiндегi шаралар; халықты және шаруашылық субъектілерiн санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдар мен аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық мониторингінің нәтижелерi туралы хабардар ету;
Тармақша 4
4) халықты қауiпсiз сумен қамтамасыз ету және ұтымды тамақтану жөнiндегі түсiндiру жұмысы;
Тармақша 5
5) негiзгi аурулар кезiнде қатердің іс-қимыл факторларының алдын алуды қоса алғанда, салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi іс-шаралар;
Тармақша 6
6) отбасын жоспарлау мен ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөнiндегi түсiндiру жұмысы.
Тармақ 13
13. Диагностикалық қызметтер мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) осы Тiзбенiң 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген халық топтарын алдын ала тексеру кезiнде: БМСК маманының жолдамасы бойынша БМСК маманының, стоматологтың, акушер-гинекологтың, хирургтың, офтальмологтың, сондай-ақ басқа да бейін мамандарының тексеруi; зертханалық зерттеулер: қанның жалпы талдауы (лейкоциттердiң, гемоглобиннің санын, эритроциттердiң шөгу жылдамдығын анықтау), зәрдiң жалпы талдауы, копрограмма қандағы және зәрдегi глюкозаны анықтау, қандағы аспарагинді және аланинді аминотрансфераздарды, несеп нәрiн анықтау, қақырық талдауы, мерезге микрореакция, әйелдердiң қынап жалындысы мен онкоцитологияға арналған жағынды, уретральды жағынды - айғақтары бойынша; аспаптық зерттеулер: 40-тан асқан адамдарға электрокардиография, флюорография;
Тармақша 2
2) ауруы бойынша есепте тұрған азаматтарды диспансерлеу кезiнде: БМСК маманының және/немесе бейiн маманының тексеруi; уәкілеттi орган белгілеген тәртiппен зертханалық және аспаптық зерттеулер;
Тармақша 3
3) ауруы бойынша қаралған кезде: БМСК маманының тексеруi; БМСК маманының жолдамасы бойынша бейiн маманының тексеруi; БМСК маманы мен бейiн мамандарының жолдамасы бойынша азаматтардың барлық санаттарына медициналық айғақтар бойынша полимеразды тiзбектi реакция негiзiндегі диагностиканы, иммундық-феномендiк типтеуді, компьютерлiк томографияны, магниттік-резонанстық томографияны, ангиографияны, медициналық-генетикалық зерттеулерді (бұдан әрі - қымбат тұратын зерттеулер) қоспағанда, зертханалық және аспаптық зерттеулер; БМСК маманы мен бейін мамандарының жолдамасы бойынша 18 жасқа дейiнгi балаларға, жүктi әйелдерге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" белгiлерiмен марапатталған көп балалы аналарға, атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға, жасына қарай зейнеткерлерге (бұдан әрі - халықтың әлеуметтiк қорғалмаған топтарына) жұқпалы аурулармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен әлеуметтік елеулі аурулармен және айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулармен (бұдан әрі - әлеуметтік елеулi аурулар) ауыратын науқастарға медициналық айғақтар бойынша қымбат тұратын зерттеулер.
Тармақ 14
14. Емдеу қызметтері мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) емделуші қиын жағдайдан шыққанға және/немесе жедел жәрдем бригадасы келгенге дейiн шұғыл көмек көрсету;
Тармақша 2
2) емдiк манипуляциялар: инъекциялар, дәке, қатайтатын таңғыштар, шендеуiштер салу, медицина ұйымының шығыс материалдарын пайдалана отырып, хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да амбулаториялық ем-шаралар;
Тармақша 3
3) 18 жасқа дейiнгi балаларға медициналық айғақтары бойынша физиоем-шаралар;
Тармақша 4
4) халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына шұғыл стоматологиялық көмек, сондай-ақ тіс жұлуды, бұрғылауды және химиялық қатайтылған композицияланған материалдардан пломбылар салуды қоса алғанда 18 жасқа дейiнгi балаларға және жүктi әйелдерге көрсетілетiн жоспарлы стоматологиялық (ортодонтикалық және ортопедиялық көмектен басқа) көмек;
Тармақша 5
5) темiр тапшылығы анемиясының және йод тапшылығының алдын алуға арналған препараттармен жүктi әйелдердi, 5 жасқа дейiнгi балаларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекiткен аурулар түрлерiнiң тiзбесi бойынша азаматтардың жекелеген санаттарын тегiн/жеңiлдiктi дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4. Стационарлық көмек нысанында көрсетiлетiн ТМККК тiзбесi
4. Стационарлық көмек нысанында көрсетiлетiн ТМККК тiзбесi
Тармақ 15
15. Стационарлық көмек түрiндегі ТМККК денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының ұсынуы бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары үшiн уәкілеттi орган белгiлеген емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санының (шектi көлемiнiң) шеңберiнде көрсетіледi.
Тармақ 16
16. Стационарлық көмек нысанындағы TMККК жоспарлы және шұғыл айғақтар бойынша көрсетiледi.
Тармақ 17
17. Жоспарлы айғақтар бойынша ТМККК БМСК маманының, емделушiнi басқа медициналық ұйымға ауыстыру кезiнде стационарлық көмек көрсететiн медицина ұйымының, сондай-ақ уәкілеттi орган белгілейтін тәртiппен құрылатын жоғары мамандандырылған медициналық көмек жөнiндегi комиссиялардың жолдамасы бойынша көрсетіледi. Шұғыл айғақтар бойынша TMККК жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан көрсетiледi.
Тармақ 18
18. Стационарлық көмек нысанындағы ТМККК азаматтарға уәкiлеттi органмен немесе денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарымен, сондай-ақ медициналық мекемелермен тиiсті шарттары бар денсаулық сақтау ұйымы бiлiктi, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрінде, оның iшiнде хаттамаларға сәйкес стационарды алмастыратын көмек нысанында ұсынады.
Тармақ 19
19. Білікті медициналық көмек терапиялық, хирургиялық, педиатриялық және акушерлік-гинекологиялық бейiндер бойынша көрсетіледi.
Тармақ 20
20. Мамандандырылған медициналық көмек мынадай мамандықтар бойынша көрсетіледі:
Тармақша 1
1) аллергология, гастроэнтерология, гематология, дерматовенерология (кең көлемде зақымданған аурулардың ауыр рефрактерлi нысандары), иммунология, жұқпалы аурулар, кардиология, кардиоревматология, лепрология, наркология, неврология, нефрология, профпатология, психиатрия, пульмонология, реабилитология (реабилитология емдеудің ажырамас бөлiгi болып табылған жағдайда), ревматология, терапия, фтизиатрия, эндокринология кiретiн терапиялық бейін;
Тармақша 2
2) андрология, анестезиология және реаниматология, камбустиология, маммология, нейрохирургия, онкология, оториноларингология, офтальмология, проктология, травматология мен ортопедия, жүрек-қан тамырлары хирургиясы, трансплантология, токсикология, урология, хирургия, жақ-бет сүйегi хирургиясы кiретiн хирургиялық бейін;
Тармақша 3
3) балалар аллергологиясы, балалар гастроэнтерологиясы, балалар мен жасөспірімдер гинекологиясы, балалар гематологиясы, балалар дерматовенерологиясы, балалар жұқпалы аурулары, балалар иммунологиясы, балалар камбустиологиясы, балалар кардиоревматологиясы, неонатология, балалар неврологиясы, балалар нейрохирургиясы, балалар нефрологиясы, жасөспірімдер наркологиясы, балалар оториноларингологиясы, балалар онкологиясы, балалар офтальмологиясы, педиатрия, балалар психиатриясы, балалар пульмонологиясы, балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы, балалар реабилитологиясы (оңалту емдеудiң ажырамас бөлiгi болып табылған жағдайда), балалар жүрек-қан тамырлары хирургиясы, балалар стоматологиясы, балалар травматологиясы мен ортопедиясы, балалар трансплантологиясы, балалар токсикологиясы, жасөспiрiмдер терапиясы, балалар урологиясы, фтизиопедиатриясы, балалар хирургиясы, балалар жақ-бет сүйегi хирургиясы, балалар эндокринологиясы кiретiн педиатриялық бейiн;
Тармақша 4
4) денеден тыс ұрықтандыру мен медициналық генетикадан басқа акушерлік пен гинекологияны қамтитын акушерлік және гинекология бейіні.
Тармақ 21
21. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек уәкілетті орган бекiтетiн тiзбе бойынша көрсетiледi.
Тармақ 22
22. Стационарлық көмек нысанында көрсетiлетiн ТМККК диагностикалық және емдiк қызметтерді қамтиды.
Тармақ 23
23. Диагностикалық қызметтер мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) мамандардың тексерулері, консультациялары;
Тармақша 2
2) азаматтардың барлық санаттарына жоспарлы ауруханаға жатқызу, сондай-ақ қымбат тұратындарды қоспағанда, медициналық айғақтары бойынша зертханалық және аспаптық зерттеулер;
Тармақша 3
3) халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына және әлеуметтiк елеулi аурулармен ауыратындарға медициналық айғақтары бойынша қымбат тұратын зерттеулер.
Тармақ 24
24. Емдеу қызметтерi мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) медициналық айғақтары бойынша емдiк манипуляциялар;
Тармақша 2
2) уәкiлетті орган бекiтетін негізгі өмiрлiк маңызы бар дәрілiк заттардың тiзiмi шегінде медициналық айғақтары бойынша дәрi-дәрмекпен қамтамасыз eтуі;
Тармақша 3
3) медициналық айғақтары бойынша қан препараттарымен және компоненттерiмен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) емдiк тамақтандыру.
Тармақ 25
25. Стационарлық көмек нысанындағы TMККК-нi көрсету стандартты палаталарда қосымша сервистiк қызметтердi (теледидар, телефон, тапсырыспен тамақтану және т.б.) ұсынусыз, мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) емдеуге жатқызуға (жоспарлы емдеуге жатқызу кезiнде) жолдаманың болуы;
Тармақша 2
2) жоспарлы емдеуге жатқызу кезiнде жеке басты куәландыратын құжаттың немесе оны алмастыратын құжаттың болуы;
Тармақша 3
3) медициналық айғақтардың (тәулiк бойы медициналық бақылаудың қажеттілiгi) болуы;
Тармақша 4
4) жоспарлы емдеуге жатқызу кезiнде талап етілетiн тексерулердiң болуы.
Тарау 5. 5. Стационарды алмастыратын көмек нысанында ұсынылатын ТМККК тiзбесi
5. Стационарды алмастыратын көмек нысанында ұсынылатын ТМККК тiзбесi
Тармақ 26
26. Стационарды алмастыратын көмек нысанындағы TMККК уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен күндiзгі стационарларда, күндiз емделу палаталары мен үйдегi стационарларда ұсынылады.
Тармақ 27
27. Күндiзгi стационарларда және күндiз емделу палаталарында ұсынылатын стационарды алмастыратын көмек диагностикалық, емдiк iс-шараларды, оның iшiнде медициналық айғақтары бойынша уәкілеттi орган белгілейтiн негiзгi өмiрлiк маңызы бар дәрілiк заттардың тiзiмi шегiнде дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi қамтиды.
Тармақ 28
28. Үйдегi стационарларда ұсынылатын стационарды алмастыратын көмек медициналық айғақтары бойынша емдiк манипуляцияларды жүргізудi және осы Тiзбенiң 14-тармағының 5-тармақшасында көзделген көлемде дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудi қамтиды.