Об установлении ставок платы за загрязнение окружающей среды по городу Астане на 2005 год Күшін жойған
Басқа 0
Астана қаласы бойынша 2005 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы
Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 212/28-ІІІ шешімімен .
_________________________________________
Қоршаған ортаны қорғау қалалық аумақтық басқармасының ұсынған материалдарын қарап, Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 462 бабына сәйкес Астана қаласы мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласы бойынша 2005 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2. Келісілген:
2. Астана қаласы мәслихатының "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2005 жылға төлем ставкаларын белгілеу туралы" 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 25/5-ІІІ шешімінің (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 5 ақпанда N 310 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Келісілген:
Астана қаласы қалалық аумақтық
қоршаған ортаны қорғау
басқармасының бастығы
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
N 110/15-ІІІ Астана қаласы
мәслихатының шешіміне
қосымша
Астана қаласы бойынша 2005 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем Ставкалары
___________________________________________________________________
N |Төлем нормативтерінің көрсеткіші|өлшем бірлігі|токсикалық|Став.
| | |класы |ка.
| | | |лар,
| | | |теңге
___|________________________________|_____________|__________|_____
Тармақ 1
1. Стационарлық көздерден Шамамен т. 305
ластайтын заттарды шығарғаны
үшін;
Халыққа қызмет көрсететін Шамамен т. 152
жылыту көздерінің (жылу электр
стансалары, қазандықтар)
ластайтын заттарды шығарғаны
үшін
Тармақ 2
2. Жылжымалы көздерден
жаққанда ластайтын заттарды
шығарғаны үшін:
- этилді бензинді; тонна 573
- этилі жоқ бензинді; тонна 262
- керосинді;
- дизелді отынды; тонна 682
- сығымдалған газды. тонна 378
Тармақ 3
3. Тазартылғаннан кейін ағын Шамамен т. 29756
сулармен су орындарын
ластайтын заттарды шығарып
тастағаны үшін
Тармақ 4
4. Арнайы орындарға, тонна І 3760
жинағыштарға және рұқсат тонна ІІ 1880
етілген күл-қоқыс төгетін тонна ІІІ 470
орындарға шығарып төккен тонна ІY 235
өнеркәсіптік қалдықтары үшін тонна Y 117
Тармақ 5
5. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тонна Y 117
орналастырғаны үшін (сақтау,
жерге көму)
Тармақ 6
6. Күлдерді, күлшлак қалдықтарын тонна IY 224
орналастырғаны үшін (сақтау,
жерге көму)
Халыққа қызмет көрсететін тонна IY 73
жылыту көздерінің (жылыту
электр стансалары, қазандықтар)
шыққан күлдерді және күл
қалдықтарын орналастырғаны
үшін
Тармақ 7
7. Жиналған тау-кендер тонна 11
қалдықтары
___________________________________________________________________
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы