Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2005 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау және олардың жұмыспен қамтылуына және әлеуметтiк қорғалуына көмек көрсету шаралары туралы Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 23-6-28қ  қаулысы . ________________________ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес, Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы N 156/30-II "Астана қаласының аумағында АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемиясына қарсы iс-әрекеттер жөніндегi 2002-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы"  шешiмдерiн  жүзеге асыру барысында, Астана қаласының әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтары болып мына санаттар анықталсын:
Тармақша 1
1) аз қамтылғандар;
Тармақша 2
2) 21 жасқа дейiнгi жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерiнің тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейiнгi балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз-iлiктi, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдары бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлiк жасына дейiнгi тұлғалар;
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) АҚТҚ (ЖҚТБ) жұқтырған адамдар.
Тармақ 2
2. "Астана қаласының Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Департамент):
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсiби даярлауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдансын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушiлер:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсiн;
Тармақша 2
2) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтерi мен кәсiптерi, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердің саны мен санаттары және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемiнде бiр ай бұрын Департаментке толық көлемде ақпарат берсiн;
Тармақша 3
3) Департаментке бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы мәлiмет жiберсiн;
Тармақша 4
4) Департамент берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (департамент оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлассын.
Тармақ 4
4. Астана қаласы әкiмдiгiнің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 3-546қ "2004 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау және олардың қорғалуына көмек көрсету шаралары туралы" қаулысының (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 4 наурызда N 313 болып тiркелген, 2004 жылғы 3 сәуiрдегi N 43-44 "Астана хабары" және 2004 жылғы 30 наурыздағы N 35 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнің орынбасары C.C. Мұстафинаға жүктелсін. Әкiм Әкiмнің бірінші орынбасары Әкiмнің орынбасары Әкiмнің орынбасары Әкiмнің орынбасары