О нормативах платы за выбросы (сбросы) загрязняющих веществ, размещение (хранение, захоронение) отходов производства и потребление в окружающую среду на 2005 год Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2005 жылға арналған төлемдер мөлшері туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160-1 (10 және 29 баптарына) «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-11 (462 бабына) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексіне сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2005 жылға арналған төлемдер мөлшері 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еніп, бекітілсін (қосымша № 1).
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 4-5 «Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тасталғаны (шығарылғаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2005 жылға арналған төлемдер мөлшері туралы» шешімінің (тіркеу № 2454 2004 ж. 29 қаңтар) күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 3
3. 2005 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлем мөлшері мен шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Басқа 4. Қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2005 жылға арналған төлемдер мөлшері
Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 13-9 шешіміне қосымша Қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны), өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін 2005 жылға арналған төлемдер мөлшері Төлемдер түрлері Төлемдер мөлшері (теңге) Стационарлық көздерден ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны) үшін төлем (1 шартты тонна үшін): а) атмосфераға ластағыш заттарды шығару б) ластағыш заттарды тастау: - су объектілеріне - жинағыштарға - сүзу жолдарына, жер қойнауына - жер рельефтеріне 700 6100 3050 4270 5490 Жылжымалы көздерден атмосфераға ластағыш заттарды шығарғаны үшін төлем (жағылған отынның 1 тоннасы үшін): а) этилденбеген бензин үшін б) этилденген бензин үшін в) дизелді отын үшін г) сұйық газ үшін д) сығымдалған газ үшін 350 400 410 260 170 Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын олардың улағыштық дәрежесіне қарай қоршаған ортаға орналастырғаны (сақтағаны, көмгені) үшін төлем (1 тонна үшін): - 1 сынып - 2 сынып - 3 сынып - 4 сынып - 5 сынып 6240 3120 780 390 195