О направлении безработных на общественные работы в 2005 году Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27, 37-ші баптарына, 2001 жылы 23 қаңтардағы N 149-ІІ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-шы бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" қаулысын iске асыру мақсатында, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2005 жылға ұйымдар және қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемiнiң қосымша берілген тiзiмдерi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi (Нұрланов А.Ж.): қала бюджетiнiң 2005 жылы қоғамдық жұмыстарын өткiзуге қарастырылған қаражат шегiнде, 2005 жылдың қаңтар айынан жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберуін жүргiзсiн; қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу екiншi дәрежелi банктердегi жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүргiзсiн.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айлық ең аз 1,5 жалақы мөлшерiнде белгiленсiн
Тармақ 4
4. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ.Тәжiбаев) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге уақытында қаражат бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Әділет басқармасында 2004 жылы 29 қаңтарда N 581 тіркелген, "Вечерний Алматы", "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан қала Әкімшілігінің 2004 жылы 9 қаңтарда N 1/17 "2004 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсiн.
Басқа 7
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2005 жылғы 07 қаңтардағы "2005 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы" N 1/07 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Алматы қаласындағы 2005 жылдағы ұйымдар, қоғамдық жұмыс көлемдерi мен түрлерiнiң ТIЗБЕСI* № Жұмыс түрлерi iстейтiн адам саны Жұмыс берушiлер 1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына аумақтарын жинап тазалауға көмек беру 2854 "Iсмер", "Игiлiк" пәтер иелерi кооперативтерiнің Ассоциациялары, коммуналдық шаруашылық бөлiмдерi, пәтер иелерiнің кооперативтерi, аумақтық өзiн-өзi басқару комитеттерi және басқалары 2. Жол салу және оны жөндеу жұмыстары 132 Жол - пайдалану учаскелерi 3. Аймақты экологиялық сауықтыру және көгалдандыру мен көркейту 354 "Көгалдандыру" ("Зеленстрой") Акционерлiк қоғамы, "Тәртiп" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны, "Медеу мемлекеттiк табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесi, экологиялық инспекция, салт-дәстүрлік қызмет комбинаты және басқалары 4. Қоғамдық аймақтық науқандарын ұйымдастыруға көмек көрсету 1755 Ерiктi халық жасақшылары, көші-қон полициясы, қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, жергілікті өзiн-өзi басқару комитеттерi, "Қазақ тiлi" қоғамы және басқалары 5. Қарт азаматтар мен мүгедектерге күтiм жасау, балалармен және басқа да әлеуметтiк қызмет көрсетуге байланысты жұмыстарды жүргiзу және басқалары 1105 "Дана" отбасын қолдау орталығы, "Қамқорлық" Дағдарыс орталығы, Жұқтырылған иммунтапшылығының синдромымен күресу және оның алдын алу жөнiндегi Орталық, Орта-Азиялық тұрақты даму жөнiндегi ақпараттық жүйесi, "Мөлдiр" қоғамдық бiрлестiгi, Мүгедектер қоғамы, Аулалық клубтар, Балалар шығармашылық үйлерi, Қайырымдылық қоры, Соғыс ардагерлері мен зейнеткерлер Кеңесі, Қазақстан Республикасының зағип және соқыр азаматтарға арналған республикалық кітапханасы, "Орталық Азия менеджмент және консалтинг офисі" және басқалары БАРЛЫҒЫ 6200 * сұраныс пен ұсынысқа қарай жұмыс түрлерiне қатысатын адам саны, қатысу ұзақтығы қоғамдық жұмыстарды өткiзуге 2005 жылы қала бюджетiнде қарастырылған қаражат шегiнде өзгеруi мүмкiн. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыста пайдаланатын ұйымдар қосымша ақы төлей алады. Қолданыстағы халықты жұмыспен қамту заңының қоғамдық жұмыстарда еңбекке ақы төлеу бөлiгiнде өзгерiстер болған жағдайда еңбекақының мөлшерi өзгеруi мүмкiн.