2005 жылы Железин ауданы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылы Железин ауданы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5 бабына сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік қамтылмаған санаттар жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыс табуға жәрдемдесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұрғындардың нысаналы топтары құрамына кіретін тұлғалардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық тұрғындардың жұмыспен қамту бөлімі кәсіпорындар мен ұйымдармен келісімшарттар бойынша 60 (алпыс) тұрғындардың нысаналы топтары жұмыссыздары әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың қоса беріліп отырған нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық тұрғындарды жұмыспен қамту бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы келісімшарттарды жұмыс берушілермен олардың тапсырыстары негізінде жасасын.
Тармақ 5
5. «2004 жылы Железин ауданының кәсіпорындары мен ұйымдары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» аудан әкімдігінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 02/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын (МТН 2292, 2004 жылғы 13 ақпаннан, аудандық «Родные просторы» газетінің 2004 жылғы 6 наурыздағы № 2 санында жарияланған).
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Мардановаға жүктелсін.
Басқа 7. Железин ауданы бойынша тұрғындар нысаналы топтарының тізбесі
Железин ауданы әкімдігінің 2004 жылғы «24» желтоқсан «2005 жылы Железин ауданы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы» № 259/18 қаулысымен бекітілді Железин ауданы бойынша тұрғындар нысаналы топтарының тізбесі
Тармақ 1
1. Дәулеті шамалы, тұрмысы нашарлар.
Тармақ 2
2. 24 жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелейтін жалғыз, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 4
4. Жалғыз азаматтар.
Тармақ 5
5. топ мүгедектері.
Тармақ 6
6. Бас бостандығынан айыру жерлерінен шыққан тұлғалар.
Тармақ 7
7. Репатрианттар (оралмандар).
Тармақ 8
8. 50 жасты және одан жоғары тұлғалар.
Тармақ 9
9. Бір де бір жұмыс істейтін кісі жоқ отбасылардың жұмыссыздары.
Тармақ 10
10. Бір жылдан астам, көп уақыт жұмыс істемеген тұлғалар.
Басқа 18. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша Нұсқаулық
Железин ауданы әкімдігінің 2004 жылғы «24» желтоқсан «2005 жылы Железин ауданы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы» № 259/18 қаулысымен бекітілді Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша Нұсқаулық Осы Нұсқаулық тұрғындары нысаналы топтарының жұмыссыздары жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастыру ретін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын ұйымдармен (меншік нысанына тәуелсіз) есеп айырысу жүйесін және негізгі шарттарын реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмысқа алынған қызметкерлер еңбегін төлеу үшін жұмыс берушінің жіберген шығындарын жергілікті бюджет қаражатын есебінен бөлшектеп өтейтін жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдарда тіркелген тұрғындардың нысаналы топтарының жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін жұмыс беруші арнайы ұсынатын немесе жасайтын жұмыс орны.
Тармақша 2
2) нысаналы топтар – «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен жұмысқа орналасуда қиындық көретін және әлеуметтік қорғауды талап ететін деп белгіленген адамдар тобы.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарда орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеттік қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілер таратылады.
Тармақ 3
3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу олардың келісімі бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту бөлімімен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру реті және оларға жұмыссыздарды орналастыру
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру реті және оларға жұмыссыздарды орналастыру
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындары тұрғындардың нысаналы топтарының жұмыссыздары үшін 6 айға дейін аудандық жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыс беруші арасындағы келісімдер бойынша арнайы жасалады.
Тармақ 5
5. Тұрғындардың нысаналы топтарының жұмыссыздары үшін әлеуметтік жұмыс орындары қабылданған жұмысшы еңбегінің бөлшектік төлемақысы жергілікті бюджет есебінен төленетін шарт негізінде жұмыс берушімен ұсынылады немесе жасалынады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастыруын ұсынатын кәсіпорындар іріктеуін тұрғындарды жұмыспен қамту бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына кәсіпорындар мен ұйымдармен қабылданған жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдар есебінен шығарылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар еңбегінің ақысы Қазақстан Республикасының нормативтік – заңнамалық актілеріне сай жұмыс берушімен белгіленеді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері: жұмыс берушілер мен жергілікті бюджеттер қаражаттары.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарын жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру «Жұмыспен қамту бағдарламасы» 002 бағдарлама «Тұрғындарды жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар» 102 кіші бағдарлама бойынша жүзеге сады.
Тармақ 11
11. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмысшының еңбекақысының бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеуге жұмыс берушілермен келісімшарт жасайды.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру ретін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру ретін бақылау
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру Нұсқаулығының сақталуына бақылауды заңдылықпен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.