Об обеспечении проезда инвалидам и участникам Великой Отечественной войны в 2005 году Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiнiң 2005 жылы жол жүруiн қамтамасыз ету туралы
"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1173 қаулысымен бекiтiлген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөніндегі iс-шаралар жоспарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiнiң жол жүруiн қамтамасыз етуге көзделген 116602,0 (бiр жүз он алты миллион алты жүз екi мың) теңге сомасындағы қаражатты облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қосымшаға сәйкес бөлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
2005 жылы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша темір жол көлiгімен жылына бiр рет республикалық бюджет қаражаты есебiнен жол жүруiн;
бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын және тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердiң пайдаланылуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қоса берiлiп отырған Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiнiң 2005 жылы темiр жол көлігімен жол жүруiн қамтамасыз ету және ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ағымдарды нысаналы трансферттердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Көлiк және коммуникация министрлiктері мен облыстардың, Aстана және Алматы қалаларының әкiмдерi осы қаулының тиiсiнше орындалуы жөнiнде шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiнiң 2005 жылы темiр жол көлігімен жол жүруiн қамтамасыз ету және ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 19 қаңтардағы
N 34 қаулысымен
бекiтiлген
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiнiң 2005 жылы темiр жол көлігімен жол жүруiн қамтамасыз ету және ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
Осы Ереже Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiнiң (бұдан әрi - соғысқа қатысушылар) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң аумағы бойынша жылына бiр рет темiр жол көлiгiмен жол жүруiн қамтамасыз етудiң және осы мақсаттарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Соғысқа қатысушылар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң аумағы бойынша жылына бiр рет темiр жол қатынасы жолдары бойынша тегiн жол жүру құжаттарымен (билеттерiмен) қамтамасыз етiледi не оларға жылына бiр рет темiр жол қатынасы жолдарының пайдаланылған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) толық құны өтеледi.
Тармақ 2
2. Жол жүру құжаттары (билеттерi) барлық санаттағы поездардың купелендiрiлген және плацкартты вагондарындағы сапардың толық бағытына (кету пунктiнен баратын пунктiне дейiн және керi қарай) берiледi.
Сапар бағыты бiрнеше келу және кету пункттерiнен тұруы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) "Жолаушылар тасымалы" ААҚ-тың темiр жол кассалары (бұдан әрi - жол жүру құжаттарын беру жөнiндегi ұйым) бередi.
Тарау 2. 2. Нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
2. Нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) төлеуге берiлетiн шоттардың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынған деректемелер бойынша соғысқа қатысушылардың жол жүруін қамтамасыз етуге арналған қаражатты "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiнiң жол жүруiн қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер" республикалық бюджеттiк бағдарламасын қаржыландырудың белгіленген тәртiппен бекiтiлген жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне аударады.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары жол жүру құжаттары (билеттерi) берілген соғысқа қатысушылардың тiзiмдерiмен қоса, төлемдердiң кезеңi мен сомаларын көрсете отырып, төлеуге берілетiн шоттарды жол жүру құжаттарын (билеттерін) беру жөнiндегi ұйымдарға қаражат аудару үшiн Аумақтық қазынашылық органдарына ұсынады.
Тарау 3. 3. Соғысқа қатысушыларды темiр жол көлiгiмен жол жүру үшiн жол жүру құжаттарымен қамтамасыз ету және солармен байланысты шығыстарды өтеу тәртiбi
3. Соғысқа қатысушыларды темiр жол көлiгiмен жол жүру үшiн жол жүру құжаттарымен қамтамасыз ету және солармен байланысты шығыстарды өтеу тәртiбi
Тармақ 6
6. Соғысқа қатысушылар жол жүру құжаттарын (билеттер) алу үшiн сапарға шығуға дейiн, он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мынадай құжаттарымен тұрғылықты жерi бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдарына өтiнiш жасайды:
Тармақша 1
1) нысан бойынша өтiнiш (1-қосымша);
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысы қатысушысының немесе мүгедегiнiң куәлiгi.
Тармақ 7
7. 2-қосымшаға сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдары алынған өтiнiштердiң негiзiнде үш күндiк мерзiмде соғысқа қатысушыларға жол жүру құжаттарын (билеттерiн) алуға арналған өтiнiмдi дайындайды және жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар органдарына бередi.
Тармақ 8
8. 2-қосымшаға сәйкес жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар органдары жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдарынан алынған өтiнiмдердi екi күндiк мерзiмде жинақтайды және жол жүру құжаттарын (билеттердi) беру жөнiндегi ұйымға бередi.
Тармақ 9
9. Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) беру жөнiндегi ұйымдар бес күндiк мерзiмде өтiнiмде көрсетілген сапардың толық бағытына жол жүру құжаттарын дайындайды және оларды жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар органдарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада жасалатын қабылдау-беру актiсiне сәйкес бередi.
Тармақ 10
10. Өтiнiмде көрсетілген сапар бағытына жол жүру құжаттарын (билеттерiн) беру мүмкiндiгi болмаған жағдайда, жол жүру құжаттарын беру жөнiндегi ұйым бес күндiк мерзiмде жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар органдарын 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша хабардар етедi.
Тармақ 11
11. Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар органдары алынған жол жүру құжаттарын (билеттерді) екі күндiк мерзiмде жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдарына сенiмхат бойынша бередi.
Тармақ 12
12. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдары екi күндiк мерзiмде жол жүру құжаттарын (билеттерiн) соғысқа қатысушыларға қолын қойғызып бередi.
Тармақ 13
13. Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар органдары мен жол жүру құжаттарын беру жөнiндегi ұйымның арасында ай сайын жол жүру құжаттарын беру жөнiндегi ұйымға соғысқа қатысушыларға берiлген жол жүру құжаттарына (билеттеріне) ақы төлеу үшiн негiздеме болып табылатын салыстырып тексеру актiсi жасалады.
Салыстырып тексеру актiсi екі данада 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Тармақ 14
14. Жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) құнын төлеудi жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар органдары жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымда қол қойылған салыстырып тексеру актiсiнiң негізiнде, қолма қол ақшасыз нысанда, он банктiк күн iшiнде Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес жүргiзедi.
Тармақ 15
15. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдары үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар органдарына ай сайын соғысқа қатысушылар қайтарған пайдаланылған (пайдаланылмаған) жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) не жол жүру құжаттарын беру жөнiндегi ұйымның жол жүру құжаттарының (билеттерінің) қайтарылғаны туралы жазбаша растамаларының негізiнде жасалған пайдаланылған жол жүру құжаттары (билеттері) туралы есептi ұсынады.
Тармақ 16
16. Егер соғысқа қатысушы сапардан бас тартқан жағдайда, соғысқа қатысушылар жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтаруды жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдарына қол қою арқылы жүргiзедi.
Тармақ 17
17. Егер соғысқа қатысушы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдарынан алынған жол жүру құжаттарын (билеттерiн) қайтаруды жол жүру құжаттарын беру жөнiндегi ұйымда жүзеге асыратын болса, жол жүру құжаттарын беру жөніндегі ұйымдар көрсетiлген жол жүру құжаттарының (билеттердiң) құнын қайтаруды жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар органдарына қолма қол ақшасыз нысанда 3 банктiк күн iшiнде жүзеге асырады. Бұл ретте, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) беру жөнiндегi ұйымдар соғысқа қатысушыларға жол құжаттарының (билеттерiнiң) қайтарылғаны туралы жазбаша растама бередi.
Тармақ 18
18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары жол жүру құжаттарын (билеттерін) жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар органдарына сенiмхат бойынша қайтарады.
Тармақ 19
19. Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар органдары пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерiн) жол жүру құжаттарын беру жөнiндегi ұйымға мынадай үлгiде қайтарады:
егер жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтiк бағдарламалар органдары жол жүру құнын өтеген болса, орынды қайтару үшiн, жол жүру құжаттары (билеттерi) поезд сапарға аттанғаннан кейiн үш сағаттан кешiктірiлмейтiн мерзiмде жол жүру құжаттарын беру жөнiндегi ұйымға ұсынылады. Бұл ретте, төлеуге ұсынылатын, салыстырып тексеру актісінде көрсетiлетiн жалпы сома қайтарылатын жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң), жол жүру құжатының (билетінің) құнынан ұстап қалулар шегерiлген, құнына тең сомаға азаяды;
егер жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары жол жүру құнын өтемеген болса, орынды қайтару үшiн, жол жүру құжаттары (билеттерi) поезд сапарға аттанғаннан кейiн үш сағаттан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жол жүру құжаттарын беру жөнiндегi ұйымға ұсынылады. Бұл ретте, төлеуге ұсынылатын, салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлетiн жалпы сомаға қайтарылатын жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) құнынан ұстап қалулар сомасы қосылады.
Тармақ 20
20. Соғысқа қатысушы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органдарына өтiнiшпен бармай-ақ, сапарда болып қайтса, онда оған пайдаланылған жол жүру құжаттарын (билеттерiн), сондай-ақ 6-тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген құжатты ұсынған кезде, жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар органдары өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай iшiнде, оның өтiнiшiнде көрсетiлген екiншi деңгейдегi банктегi не "Қазпочта" акционерлiк қоғамындағы оның жеке шотына қаражат аудару жолымен оған жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) толық құнын жылына бiр рет өтейдi.
Жол жүру құжаттары (билеттерi), олардың ұрлануы немесе нақты себептер бойынша өзге де ұрлануы салдарынан жоғалған жағдайда соғысқа қатысушыларға темiржол көлігіндегі жол жүру құны жол жүру құжаттарын (билеттерiн) беру жөнiндегi ұйымның жол жүру құжаттарының алынғанын растайтын анықтамасының, сондай-ақ 6-тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген құжат негiзiнде өтеледi.
Басқа 1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiнiң жол жүруін қамтамасыз етуге арналған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 19 қаңтардағы
N 34 қаулысына қосымша
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiнiң жол жүруін қамтамасыз етуге арналған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу
Облыстардың және қалалардың атауы
Ағымдағы мақсатты трансферт
сомасы, мың теңге
Ақмола облысы
6523,2
Ақтөбе облысы
4681,0
Алматы облысы
9905,6
Атырау облысы
2234,8
Шығыс Қазақстан облысы
15945,6
Жамбыл облысы
6644,0
Батыс Қазақстан облысы
5436,0
Қарағанды облысы
9301,6
Қостанай облысы
8516,4
Қызылорда облысы
2748,2
Маңғыстау облысы
1298,6
Павлодар облысы
6493,0
Солтүстік Қазақстан облысы
7066,8
Оңтүстiк Қазақстан облысы
11083,4
Астана қаласы
2748,2
Алматы қаласы
15975,8
Жиыны:
116602,0
Басқа 2. Өтiнiш
Ұлы Отан соғысына қатысушылар
мен мүгедектерiнiң 2005 жылы
темiр жол көлiгiмен жол жүруiн
қамтамасыз ету және ағымдағы
нысаналы трансферттердi
пайдалану ережесiне 1-қосымша
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар органының бастығы
_______________________________
_______________________________
мекен-жайда тұратын
_______________________________
жеке куәлігі (төлқұжаты)
_______________________________
соғысқа қатысушының (мүгедектiң)
куәлiгi _______________________
_______________________________
Өтiнiш
Мынадай бағыт бойынша жолға шығу үшiн жол жүру құжатын
(билетiн) беруiңiздi сұраймын:
________________________________ ________________________________
шығу (орыны, күнi) қайту (орыны, күнi)
________________________________ ________________________________
шығу (орыны, күнi) қайту (орыны, күнi)
________________________________ ________________________________
шығу (орыны, күнi) қайту (орыны, күнi)
Жолға шығу мүмкiндiгі болмай қалған жағдайда жол жүру
құжаттарын (билеттерiн) жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар органына жол жүруге дейiн үш тәулiктен
кешiктірiлмейтiн мерзiмде қайтаруға мiндеттенемiн.
Келгеннен кейiн бiр ай iшiнде жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар органына пайдаланылған (пайдаланылмаған) жол жүру
құжаттарын (билеттерiн) қайтаруға мiндеттенемiн.
Күні ______________________________
Қолы ______________________________
Өтiнiш қабылданды _________________
Қолы ______________________________
Жол жүру билеттерiн алғаны туралы белгi:
Билеттi бердi: ____________________
Күнi ______________________________
Маманның қолы _____________________
Билеттi алдым: ____________________
Күнi ______________________________
Соғысқа қатысушының қолы __________
Басқа 3. Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) алуға өтiнiм
Ұлы Отан соғысына қатысушылар
мен мүгедектерiнiң 2005 жылы
темiр жол көлiгiмен жол жүруiн
қамтамасыз ету және ағымдағы
нысаналы трансферттердi
пайдалану ережесiне 2-қосымша
Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) алуға өтiнiм
P/c
N
Соғысқа
қатысушының
Т.А.Ә.
паспорт
нөмiрi
сапарға шығу және қайту
күнi көрсетiлген сапар
бағыты
вагон
үлгiсi
1
2
3
4
5
М.О. Басшы
(жұмыспен қамту (үйлестiру) және
әлеуметтiк бағдарламалар органы) Т.А.Ә., қолы
Басқа 4. Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) қабылдау-беру актiсi
Ұлы Отан соғысына қатысушылар
мен мүгедектерiнiң 2005 жылы
темiр жол көлiгiмен жол жүруiн
қамтамасыз ету және ағымдағы
нысаналы трансферттердi
пайдалану ережесiне 3-қосымша
Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) қабылдау-беру актiсi
P/c
N
Соғысқа
қатысушының
Т.А.Ә.
пас-
порт
нө-
мiрi
сапарға шығу
және қайту
күнi көрсе-
тiлген сапар
бағыты
билет
нөмiрi
вагон
үлгiсi
жол жүру
құжатта-
рының
(билет-
терiнiң)
құны,
теңге
1
2
3
4
5
6
7
M.O. Бердi:
Жол жүру құжаттарын
ресiмдеген бөлiмшенiң
басшысы Т.А.Ә., қолы
M.O. Қабылдады:
Басшы
(жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар органы) Т.А.Ә., қолы
Басқа 5. Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) алуға арналған өтiнiмге сәйкес жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) берiлмегенi туралы хабарлама
Ұлы Отан соғысына қатысушылар
мен мүгедектерiнiң 2005 жылы
темiр жол көлiгiмен жол жүруiн
қамтамасыз ету және ағымдағы
нысаналы трансферттердi
пайдалану ережесiне 4-қосымша
Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) алуға арналған өтiнiмге сәйкес жол жүру құжаттарының (билеттерiнiң) берiлмегенi туралы хабарлама
P/c
N
Соғысқа
қатысушының
Т.А.Ә.
пас-
порт
нө-
мiрi
сапарға шығу және
қайту күнi көрсетiлген сапар бағыты
жол жүру
құжаттарының
(билеттерiнiң)
берілмеу себептері
1
2
3
4
5
M.O.
Жол жүру құжаттарын
ресiмдеген бөлiмшенiң
басшысы Т.А.Ә., қолы
Басқа 6. Салыстырып тексеру актiсi
Ұлы Отан соғысына қатысушылар
мен мүгедектерiнiң 2005 жылы
темiр жол көлiгiмен жол жүруiн
қамтамасыз ету және ағымдағы
нысаналы трансферттердi
пайдалану ережесiне 5-қосымша
Салыстырып тексеру актiсi
P/c
N
Соғысқа
қатысу-
шының
Т.А.Ә.
пас-
порт
нө-
мiрi
сапарға
шығу
және
қайту
күнi
көрсе-
тiлген
сапар
бағыты
би-
лет
нө-
мiрi
вагон
үлгiсi
жол
жүру
құжат-
тарының
(билет-
терi-
нiң)
құны,
теңге
төлеу
күні
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиынтық сомасы:
М.О
Жол жүру құжаттарын
ресiмдеген бөлiмшенiң
басшысы Т.А.Ә., қолы
M.O.
Басшы Т.А.Ә., қолы
(жұмыспен қамтуды үйлестiру және
әлеуметтiк бағдарламалар органы)