Об областном бюджете Алматинской области на 2005 год Қолданыста
Басқа 0
Алматы облысының 2005 жылға арналған облыстық бюджетi туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «2005 жылға арналған республика бюджеті туралы» Қазақстан Республиқасы заңдарына сәйкес Алматы облыстық Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. 2005 жылға арналған облыстық бюджеті №1 қосымшаға сәйкес төмендегідей көлемдерде бекітілсін:
1.Kipicтep - 25150674 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер — 5306347 мың теңге;
салықтық емес түсімдер- 35702 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер — 9975 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 19648650 мың теңге, соның ішінде:
аудандық (қалалық) бюджеттерден бюджеттік алымдар — 3811616 мың теңге;
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер 15837034 мың теңге;
соның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер - 24489 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері - 393750 мың теңге;
субвенция — 15418795 мың теңге;
заңды тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу - 150000 мың теңге;
Тармақша 2
2)Шығындар - 25150674 мың теңге;
Тармақша 3
3)Операциялар бойынша сальдо - 0 теңге.
Тармақ 2
2. 2005 жылға арналған облыстық бюджетте төмендегідей түсімдер көзделсін:
аудандар мен қалалар бюджетіне бөлінетін соманы қоспағандағы, жеке табыс салығы;
аудандар мен қалалар бюджетіне бөлінетін соманы қоспағандағы, әлеуметтік салығы;
табиғат және басқа да ресурстарды пайдалану үшін түсімдер;
қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемдер;
Тармақ 3
3. 2005 жылға облыстық аудандар мен қалалар бюджеттеріне жалпы мемлекеттік салық түсімдерінен түсетін кірістерді бөлу нормативі төмендегідей мөлшерде белгіленсін:
жеке табыс салығы бойынша:
Ақсу ауданы - 100%, Алакөл ауданы - 100%, Балқаш ауданы - 100%, Еңбекшіқазақ ауданы - 100%, Ескелді ауданы - 100%, Жамбыл ауданы - 100%, Қаратал ауданы - 100%, Қарасай ауданы - 41%, Кербұлақ ауданы - 100%, Көксу ауданы - 100%, Панфилов ауданы - 100%, Райымбек ауданы - 100%, Сарқан ауданы - 100%, Талғар ауданы - 100%, Ұйғыр ауданы - 100%, Талдықорған қаласы - 27%, Текелі қаласы - 25%;
әлеуметтік салық бойынша:
Ақсу ауданы - 100%, Алакөл ауданы - 100%, Балқаш ауданы - 100%, Еңбекшіқазақ ауданы - 100%, Ескелді ауданы - 100%, Жамбыл ауданы - 100%, Қаратал ауданы - 100%, Қарасай ауданы - 41%, Кербұлақ ауданы - 100%, Көксу ауданы - 100%, Панфилов ауданы - 100%, Райымбек ауданы - 100%, Сарқан ауданы - 100%, Талғар ауданы - 50%, Ұйғыр ауданы - 100%, Талдықорған қаласы - 70%, Текелі қаласы - 27% .
Тармақ 4
4. Аудандар және қалалар бюджеттерде қарастырылсын:
облыстық бюджетке бөлінетін соманы қоспағандағы, жеке табыс салығы;
облыстық бюджетке бөлінетін соманы қоспағандағы, әлеуметтік салық.
Тармақ 5
5. Аудандық (қалалық) бюджеттерден бюджеттік алымдардың 2005 жылға арналған келем1 3811616 мың теңге болып белгіленсін, соның ішінде:
Іле ауданына — 3783175 мың теңге;
Қапшағай қаласына — 28441 мың теңге.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджетінен аудандық және қалалық бюджеттеріне 2005 жылға арналған субвенңия мөлшері жалпы 6487715 мың теңге сомасында берілетіндігі белгіленсін,соның ішінде:
Ақсу ауданына 289468 мың теңге
Алакөл ауданына 209648 мың теңге
Балқаш ауданына 358685 мың теңге
Еңбекшіқазақ ауданына 635456 мың теңге
Ескелді ауданы 331948 мың теңге
Жамбыл ауданына 548794 мың теңге
Қаратал ауданына 278952 мың теңге
Кербұлақ ауданына 500994 мың теңге
Көксу ауданына 252986 мың теңге
Панфилов ауданына 721592 мың теңге
Райымбек ауданына 814923 мың теңге
Сарқан ауданына 435721 мың теңге
Талғар ауданына 261029 мың теңге
Ұйғыр ауданына 563459 мың теңге
Талдықорған қ. 110025 мың теңге
Текелі қ. 174035 мың теңге
Тармақ 7
7. 2005 жылға арналған облыстық бюджетте сумен жабдықтау желілерін дамытуға аудан және қала бюджеттеріне 378324 мың теңге сомасында нысаналы трасферттер қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:
Ақсу ауданына 15821 мың теңге
Балқаш ауданына 23633 мың теңге
Еңбекшіқазақ ауданына 53971 мың теңге
Ескелді ауданына 10000 мың теңге
Жамбыл ауданына 12239 мың теңге
Іле ауданына 8959 мың тенге
Қаратал ауданына 15000 мың тенге
Қарасай ауданына 52750 мың теңге
Кербұлақ ауданына 31077 мың теңге
Райымбек ауданына 66729 мың теңге
Талғар ауданына 46545 мың теңге
Ұйғыр ауданына 10000 мың теңге
Талдықорған қ. 31600 мың теңге.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген 2005 жылы Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысы объектілеріне инженерлік-коммуниқациялық, жүйелер құрылысын жүргізуге облыстық бюджетте аудандар мен қалалар бюджеттеріне 733255 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер ескерілсін, соның ішінде:
Іле ауданына 138100 мың теңге
Қарасай ауданына 266800 мың теңге
Талғар ауданына 177700 мың теңге
Талдықорған қ. 150655 мың теңге
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қоммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын дамытуға 2005 жылға арналған облыстық бюджетте 393750 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
Тармақ 10
10. Телекоммуникация қалалық жүйелерінің абоненты болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтардың телефонға абоненттік төлемақысы тарифының көтерілуіне байланысты өтемақыға 2005 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар мен қалалар бюджеттеріне 3572 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер Қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:
Еңбекшіқазақ ауданына 60 мың теңге
Іле ауданына180 мың теңге
Панфилов ауданына 15 мың теңге
Сарқан ауданына 55 мың теңге
Талғар ауданына 37 мың теңге
Қапшағай қаласына 609 мың теңге
Талдықорған қаласына 2344 мың теңге
Текелі қаласына 272 мың теңге
Тармақ 11
11. № 10 қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің бірінші және екінші разрядтағы жұмысшылардың лауазымдық, қызметақыларын есептеу үшін коэффициенттер мөлшерін көбейтуге 2005 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар мен қалалар бюджеттерін ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылсын.
Тармақ 12
12. Облыстық, бюджетте ұстауға қаржы қарастыралсын:
өкілді, атқару органдары мен жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметке 888541 мың теңге сомасында;
қорғанысқа 69810 мың теңге сомасында;
қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік органдарына 1466084 мың тенге сомасында, соның ішінде учаскілік полиция инспекторларының ақшалай үлестерін ұлғайтуға және оларды материалдық-техникалық жарақтандыруға — 63524 мың тенге, облыстық ІІб жекелеген бөлімшелерін ұстаута қосымша шығындар — 11090 мың тенге, облыстық ІІБ ӨҚҚ қосымша бірліктерін ұстауға — 18000 мың тенге;
білім беру мекемелеріне 2201279 мың теңге сомасында, оның ішіндe жергілікті деңгейде жалпы білім бepiп оқытуға — 639812 мың тенге;
денсаулық сақтау мекемелеріне 8499561 мың теңге, соның ішінде халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне - 7142292 мың тенге, күрделі жөндеуге 569034 мың тенге, материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 259726 мың теңге;
әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге —669570 мың теңге, соның ішінде ардагерлер мен мүгедектердің сауықтырылуына және оларға әлеуметтік көмек көрсетуге - 10150 мың теңге; протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсету және протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етуге - 39514 мың теңге; мүгедектерді сурдоқұралдармен және сурдокөмекпен қамтамасыз етуге - 8316 мың теңге; мүгедектерді тифлоқұралдармен қамтамасыз етуге—8135 мың теңге;
тұрғын-үй қоммуналдық шаруашылығына - 1505329 мың теңге;
мәдениет, спорт, туризм және акпараттық кеңістігіне - 1104767 мың теңге сомасында.
Тармақ 13
13. Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар өткізуге және объектілерді дамыту 62300 мың тенге сомасында қаржы қарастырылсын.
Тармақ 14
14. Көлік пен коммуникацияларды дамытуға 1375647 мың теңге қарастырылсын.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері туралы» № 602-ІІ ҚРЗ Заңына сәйкес 2005 жылға арналған облыстық бюджеттің шығыстарында төмендегі көрсетілген шығыстар түрлері бойынша қосымша шығындар қарастырылған:
№ 5 қосымшаға сәйкес мемлекеттік жалпы білім беру ұйымдарының үлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге - 390064 мың теңге;
№ 6 қосымшаға сәйкес жаңадан icкe қосылатын білім беру объектілерін ұстауға - 203007 мың теңге;
№ 7 қосымшаға сәйкес «Қазақстан темір жолы» Ұлттық қомпания» акционерлік қоғамының балансынан өткізіліп берілген жалпы білім беру мекемелерінің жұмыс icтeyiн қамтамасыз етуге - 101438 мың теңге;
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Ақыл eci кем балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық, қоррекциялық қолдау туралы» Заңын жүзеге асыру үшін қаржы 27540 мың теңге сомасында, соның ішінде білім беру бойынша облыстық, бюджетте — 20932 мың теңге, әлеуметтгк қамтамасыз ету бойынша аудандық бюджете - 6608 мың теңге;
№ 8 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын жүзеге асыру үшін 468664 мың теңге сомасында;
№ 9 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы білім беру ұжымдарын күрделі жөндеу және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша білім беру Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 859137 мың теңге сомасында;
Тармақ 16
16. Облыс Әкімдігінің қаулысымен белгіленген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларын жою үшін Облыс Әкімінің 2005 жылға арналған резерві 332001 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 17
17. № 2 қосымшаға сәйкес 2005 жылға арналған облыстық бюджетте жергілікті ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың тізімі бекітілсін.
Тармақ 18
18. № 3 қосымшаға сәйкес 2005 жылға арналған облыстық бюджетте жергілікті бюджеттік даму бағдарламалардың тізімі бекітілсін.
Тармақ 19
19. № 4 қосымшаға сәйкес 2005 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың секвестрлеуге жатпайтын тізімі бекітілсін.
Тармақ 20
20. 2005 жылға арналған аудандық және қалалық бюджеттердің атқарылуы барысында жергілікті деңгейде жалпыға білім беру бойынша шығыстар секвестрлеуге жатпайдығы белгіленсін.
Тармақ 21
21. Облыс Әкімдігіне ұсынылсын:
-атқарушы және өкілетті органдары мен мемлекеттік басқару орғандарының штат санын анықтау және аудандар мен қалалар бойынша және сонымен қатар облыстық қомитеттер мен басқармалар бойынша қызмет көрсететін жеңіл автомобильдердің санын анықтау;
-жергілікті деңгейде қызмет көрсету бойынша шараларды қаржыландыруды басқармалар мен департаменттердің ағымдағы есептері арқылы жүргізу;
Тармақ 22
22. Аудандар және қалалар әкімдері, облыс бойынша салық комитеті облыс бюджетінің салық төлемдері бойынша болжам көрсеткіштерінің толық және сапалы орындалуын, барлық деңгейдегі бюджеттердің алдында шаруашылық субьектілердің уақытында төленбеген салықтарының көлемін азайту және қосымша кіріс көздерін қарастыруды қамтамасыз етсін.