О формировании и использовании государственных ресурсов зерна на 2005 год Қолданыста
Басқа 0
2005 жылға арналған мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану туралы
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2005 жылға арналған көлемi:
мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi 500000 (бec жүз мың) тонна мөлшерiнде;
мемлекеттік жемдiк астық ресурстары 5000 (бec мың) тоннаға дейінгі мөлшерінде;
мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 100000 (бір жүз мың)
тоннаға дейінгі мөлшерде;
мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары 465000 (төрт жүз алпыс бес мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде белгiленсiн.
Тармақ 2
2. 2005 жылы пайдалану көлемi:
мемлекеттік жемдiк астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейiнгі мөлшерде;
мемлекеттiк тұқымдық астық ресурстары 100000 (бiр жүз мың) тоннаға дейінгі мөлшерде белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамының сатылатын мемлекеттiк ресурстар астығын 465 (төрт жүз алпыс бec) мың тоннаға дейiнгі көлемде республиканың iшкi рыногында ашық тендерлер өткiзу арқылы не тауар биржасында сатуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi С.Ә. Үмбетовке жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.