Об утверждении Правил выплаты средств на поддержку развития племенного животноводства на 2005 год Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң 2005 жылға арналған ережесiн бекiту туралы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес және асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң 2005 жылға арналған ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Басқа 0. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудің 2005 жылға арналған ережесі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 7 ақпандағы N 111 қаулысымен бекiтiлген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудің 2005 жылға арналған ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң 2005 жылға арналған ережесi (бұдан - әрi Ереже) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту мақсатында 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау" бағдарламасының 101 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және соның шегiнде мал тұқымын асылдандыру зауыттарына, асыл тұқымды мал шаруашылықтарына, мал тұқымын асылдандыру және дистрибьютерлiк орталықтарына (бұдан әрi - асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi) қаражат төлеудiң (бұдан әрi - субсидиялау) жалпы шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Субсидиялар:
Тармақша 1
1) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) құнын iшiнара арзандатуға;
Тармақша 2
2) мал тұқымын асылдандыру iсiн дамыту үшiн сатып алынатын арнайы технологиялық және зертханалық жабдықтар (бұдан әрі - жабдықтар) мен жиһаздың, сондай-ақ арнайы және ұйымдастыру техникасының (бұдан әрi - техника) құнын толық өтеуге;
Тармақша 3
3) мал тұқымын асылдандыру орталығына асыл тұқымды бұқаларды сатып алу және күтiп ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөнiндегі шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 4
4) мал тұқымын асылдандыру орталығына асыл тұқымды қошқарларды сатып алу және күтiп ұстау жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 5
5) еттi құс өсiру жөнiндегi асыл тұқымды шаруашылықта (бұдан әрі - асыл тұқымды шаруашылық) асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды сатып алу жөнiндегi шығындарды және оларды азықтандыру үшiн сатып алынатын құрама азықтардың құнын толық өтеуге;
Тармақша 6
6) қостанай жылқысын өсіретiн асыл тұқымды мал зауытында (бұдан әрi - асыл тұқымды мал зауыты) асыл тұқымды жылқыларды өсiру, күтiп ұстау және жаттықтыру, тұқымдық айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөніндегi шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 7
7) асыл тұқымды мал зауыты үшiн араб тұқымының айғырларын сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 8
8) асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген салық берешегiн (бұдан әрi - мерзiмi ұзартылған салық берешегi) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге өтеуiне арналады.
Тармақ 3
3. Осы Ереженiң 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) мал тұқымын асылдандыру iсiне белгiлеген квоталар шегiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылған құны бойынша нақты көлемiн сатқаны үшiн белгiленген тәртiппен аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерiне төленедi.
Тармақ 4
4. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне субсидия нормативтерi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес белгiленедi.
Тармақ 5
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi асыл тұқымды өнiмдi (материалды) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Ауылшарминiмен келiсiлген, төленетiн субсидия мөлшерiне кемітілген баға бойынша дербес сатады.
Тармақ 6
6. Аудан бойынша, облыс бойынша ұсынылатын асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартының, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) мақсатты пайдалану актiсiнiң, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы жиынтық актiлердiң нысандарын Ауылшарминi бекiтедi.
Тарау 2. 2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған субсидияларды төлеу тәртiбi
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған субсидияларды төлеу тәртiбi
Тармақ 7
7. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) арзандатылған құн бойынша сатқанына субсидия алу үшiн:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектiлерi мәмiлелердiң жасалуына қарай, бiрақ 2005 жылғы 1 желтоқсаннан кешiктiрмей Ауылшарминiнiң аудандық аумақтық органына (бұдан әрi - аудандық аумақтық басқарма) мынадай құжаттарды: асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартын; төлем құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады;
Тармақша 2
2) аудандық аумақтық басқарманың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы (бұдан әрi - мемасылдандыру инспекторы) ай сайын 5-күнге қарай, бiрақ 2005 жылғы 5 желтоқсаннан кешiктірмей, алдыңғы ай үшiн аудандық аумақтық басқарма басшысы бекiткен аудан бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актiнi және мақсатты пайдалану актiсiн, сатып алу-сату шарттарының түпнұсқаларын қоса Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң облыстық аумақтық органына (бұдан әрi - облыстық аумақтық басқарма) ұсынады;
Тармақша 3
3) облыстық аумақтық басқарма ұсынылған құжаттарды тексередi, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi. Облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы бекiтiлген жиынтық актiлер бойынша оларда көрсетілген көлемдер мен асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне нормативтер негiзiнде тиесілi бюджеттiк ақшаның көлемiн айқындайды және облыс бойынша белгiленген квоталар шегiнде асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидияларды төлеу туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомостi жасайды. Облыстық аумақтық басқарма республикалық бюджеттен бюджеттiк ақшаның бөлiну шамасына қарай күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн тиiстi асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң ағымдағы шотына тиесілі субсидияларды аударады. Облыстық аумақтық басқарма ай сайын 10-күнге қарай, бiрақ 2005 жылғы 10 желтоқсаннан кешiктiрмей, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатуға және субсидияларды төлеуге арналған бiрiктiрілген жиынтық ведомостердiң көшiрмелерiн, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаны iске асыру туралы есептi Ауылшарминiне ұсынады;
Тармақша 4
4) облыстық аумақтық басқарма Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына (бұдан әрi - Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органы) мынадай құжаттарды: осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидиялар төлеу туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомостi; ақы төлеу шотын ұсынады.
Тармақ 8
8. Мал тұқымын асылдандыру орталығына асыл тұқымды бұқалар, жабдықтар, жиһаз, сондай-ақ техника сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) мал тұқымын асылдандыру орталығы Ауылшарминiне отандық немесе шетелдiк селекцияның асыл тұқымды бұқаларын, жабдықтарды, жиһазды, сондай-ақ техниканы Ауылшарминiмен келiсiлген тiзбе бойынша сатып алуға арналған шарттардың бiр-бiр данасын ұсынады;
Тармақша 2
2) Ауылшарминi ұсынылған шарттарды 10 күн iшiнде тексередi және асыл тұқымды бұқаларды, жабдықтарды, жиһазды, сондай-ақ техниканы сатып алу үшiн белгіленген тәртiппен мал тұқымын асылдандыру орталығының ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Мал тұқымын асылдандыру орталығы асыл тұқымды бұқаларды, жабдықтарды, жиһазды, сондай-ақ техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде Ауылшарминiне төлем құжаттары мен жеткiзу актілерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
Тармақ 9
9. Мал тұқымын асылдандыру орталығында асыл тұқымды бұқаларды күтiп ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, пайдалануға, сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) мал тұқымын асылдандыру орталығы Ауылшарминіне асыл тұқымды бұқаларды күтіп ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөніндегі есептемелердің бір данасын, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды күтіп ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөніндегі нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
Тармақша 2
2) Ауылшармині ұсынылған құжаттарды 10 күн iшiнде тексередi және күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн асыл тұқымды бұқаларды күтiп ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, пайдалануға, сақтауға бюджеттiк ақшаны мал тұқымын асылдандыру орталығының ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 10
10. Асыл тұқымды қошқарларды мал тұқымын асылдандыру орталығына сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) мал тұқымын асылдандыру орталығы Ауылшарминiне отандық немесе шетелдiк селекцияның асыл тұқымды қошқарларын сатып алуға арналған шарттардың бiр-бiр данасын ұсынады;
Тармақша 2
2) Ауылшарминi ұсынылған шарттарды 10 күн iшiнде тексередi және асыл тұқымды қошқарларды сатып алу үшiн белгiленген тәртiппен мал тұқымын асылдандыру орталығының ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Мал тұқымын асылдандыру орталығы асыл тұқымды қошқарларды сатып алғаннан кейiн келесі айдың iшiнде Ауылшарминiне төлем құжаттары мен жеткiзу актiлерiнiң көшірмелерiн ұсынады.
Тармақ 11
11. Мал тұқымын асылдандыру орталығында асыл тұқымды қошқарларды күтiп ұстауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) мал тұқымын асылдандыру орталығы Ауылшарминiне асыл тұқымды қошқарларды күтіп ұстау жөнiндегi есептемелердiң бiр данасын, сондай-ақ асыл тұқымды қошқарларды күтiп ұстау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
Тармақша 2
2) Ауылшармині ұсынылған құжаттарды 10 күн iшiнде тексередi және күнтізбелік жылдың соңына дейiн асыл тұқымды қошқарларды күтiп ұстауға бюджеттiк ақшаны мал тұқымын асылдандыру орталығының ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 12
12. Асыл тұқымды шаруашылықта асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды, жабдықтар мен техниканы сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды шаруашылық Ауылшарминіне асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды, жабдықтар мен техниканы Ауылшарминiмен келiсiлген тiзбе бойынша сатып алуға арналған шарттардың бiр-бiр данасын ұсынады;
Тармақша 2
2) Ауылшарминi ұсынылған шарттарды 10 күн iшiнде тексередi және асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды, жабдықтар мен техниканы сатып алу үшiн белгiленген тәртiппен асыл тұқымды шаруашылықтың ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Асыл тұқымды шаруашылық асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды, жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде Ауылшарминiне төлем құжаттары мен жеткiзу актілерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
Тармақ 13
13. Асыл тұқымды шаруашылықта асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды азықтандыру үшiн сатып алынатын құрама азықтардың құнын толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды шаруашылық Ауылшарминіне құрама азықтарды сатып алуға арналған шарттың бiр данасын, асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды азықтандыру жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
Тармақша 2
2) Ауылшармині ұсынылған құжаттарды 10 күн iшінде тексередi және күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды азықтандыру үшiн құрама жем сатып алуға бюджеттiк ақшаны асыл тұқымды шаруашылықтың ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 14
14. Араб тұқымының айғырларын, жабдықтар мен техниканы асыл тұқымды мал зауытына сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды мал зауыты Ауылшарминiне apaб тұқымының айғырларын, сондай-ақ жабдықтар мен техниканы Ауылшарминімен келiсiлген тiзбе бойынша сатып алуға арналған шарттардың бiр-бiр данасын ұсынады;
Тармақша 2
2) Ауылшармині жасалған шарттарды 10 күн iшiнде тексередi және араб тұқымының айғырларын, жабдықтар мен техниканы сатып алу үшiн белгiленген тәртiппен асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Асыл тұқымды мал зауыты араб тұқымының айғырлары, жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде Ауылшарминiне төлем құжаттары мен жеткiзу актілерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
Тармақ 15
15. Асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, күтiп ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды мал зауыты Ауылшарминіне асыл тұқымды жылқыларды өciру, күтiп ұстау, жаттықтыру және олардың ұрығын сақтау жөнiндегi есептемелердің бiр данасын және асыл тұқымды жылқыларды өсiру, күтiп ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
Тармақша 2
2) Ауылшарминi ұсынылған есептемелердi 10 күн iшiнде тексередi және күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, күтіп ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға бюджеттiк ақшаны асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 16
16. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң республикалық және жергілiкті бюджеттерге мерзiмi ұзартылған салық берешегiн өтеу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) Ауылшармині 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дәрежесi бар және 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн оны жоғалтпаған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнің бекiтiлген тiзбесi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне (бұдан әрi - Салық комитетi) ұсынылады;
Тармақша 2
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi және тиістi салық органдары бюджеттер, салық түрлері мен бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер, өсімақылар мен айыппұлдар бөлiнiсiнде мерзiмі ұзартылған салық берешегiнің салыстыру актiлерiн жасайды. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жергiлiктi салық органдарының асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiмен салыстыру актілерiнiң тiзiлiмдерiн бекiтедi және оларды Салық комитетiне ұсынады;
Тармақша 3
3) Салық комитеті Ауылшарминімен бiрлесiп, осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттер, салық түрлерi мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, өсімақылар мен айыппұлдар бөлiнiсiнде мерзiмi ұзартылған салық берешегiнiң сомасын көрсете отырып, үш данада жиынтық салыстыру актісін жасайды және оған қол қояды;
Тармақша 4
4) Caлық комитеті Ауылшарминiне асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерiнiң және ақы төлеу шотын толтыру үшiн қажетті көрсетiлген субъектiлердi тiркеу есебінiң орны бойынша тиiстi салық органдарының деректемелерін бередi;
Тармақша 5
5) Ауылшармині Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi үшін мерзiмi ұзартылған салық берешегiн өтеуге жиынтық салыстыру актісінің бір данасы мен ақы төлеу шоттарын ұсынады.
Тармақ 17
17. Ауылшармині Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына осы Ереженiң 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтарына сәйкес субсидияларды төлеу үшін ақы төлеу шотын ұсынады.
Басқа 0-1. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне арналған субсидия нормативтерi
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң 2005 жылға арналған ережесiне 1-қосымша Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне арналған субсидия нормативтерi
Тармақ 1
1. Сатылатын асыл тұқымды төлдерге арналған субсидия нормативтерi Мал мен құ­стың түр­лерi мен тұқым­да­ры Са­ты­ла­тын 1 кг тiрi сал­м­ақ­қа ар­нал­ған суб­си­дия нор­ма­тивi, тең­ге (құ­ны­ның 50% дей­iн) асыл тұқым­ды мал зауыт­та­ры үшін асыл тұқым­ды шару­а­шы­лықтар үшін 1 2 3 Iрi қа­ра мал сүт­тi ба­ғыт­та­ғы: Қа­ра-ала (әу­ли­е­а­та, гол­ш­тин) сиы­ры 76 69 Қы­зыл (қыр­дың қы­зыл сиы­ры) 76 69 Қо­ңыр (ала­тау) сиы­ры 76 69 Қыз­ғы­лт са­ры шұ­бар (сим­мен­тал) 76 69 Айр­шир сиы­ры 76 69 ет­тi ба­ғыт­та­ғы: Қа­з­ақ­тың ақ­бас сиы­ры 76 69 Әу­лие­көл сиы­ры 76 69 Ге­ре­форд сиы­ры 66 60 Қал­мақ сиы­ры 69 63 Сан­та-гер­тру­да сиы­ры 66 60 Гал­ло­вей сиы­ры 34 31 Қой­лар би­я­зы жүн­дi ба­ғыт­та­ғы: Қа­з­ақ­тың ар­қар ме­ри­но­сы 79 72 Сол­тү­стiк қа­зақ ме­ри­но­сы 79 72 Оң­тү­стiк қа­зақ ме­ри­но­сы 79 72 Қа­з­ақ­тың би­я­зы жүн­дi қойы 79 72 Ав­стра­лия ме­ри­но­сы 330 300 би­я­зы­лау жүн­дi ба­ғыт­та­ғы: Қа­з­ақ­тың би­я­зы­лау жүн­дi қойы 79 72 Қа­з­ақ­тың ет­ті-жүн­дi қойы 79 72 Ақ­жай­ық ет­ті-жүн­дi қойы 79 72 Де­ге­рес қойы (би­я­зы­лау жүн­дi) 79 72 Ци­гай қойы 79 72 ет­тi-май­лы ба­ғыт­та­ғы: Еділ­бай қойы 74 67 Гис­сар қойы 72 65 Қа­з­ақ­тың қы­л­шық жүн­дi құй­рық­ты қойы 72 65 Са­ры­ар­қа қойы 72 65 Қа­з­ақ­тың ұяң жүн­дi құй­рық­ты қойы 72 65 Де­ге­рес қойы (ұяң жүн­дi) 72 65 Аты­рау ел­тiрі­лiк құй­рық­ты қойы 72 65 Қа­ра­көл қойы 72 65 Шош­қа­лар Iрi ақ шош­қа 80 70 Немi­стің асыл тек­тi шош­қа­сы 65 60 Дю­рок 60 50 Ақ­сай қа­ра-ала шош­қа­сы 47 42 Жетi­су шош­қа­сы 47 42 Жыл­қы­лар спорт ба­ғы­тын­да­ғы: Та­за тұқым­ды мiнiс жыл­қы­сы 81 75 Ақал­те­ке жыл­қы­сы 81 75 Араб жыл­қы­сы 75 67 Қо­ста­най жыл­қы­сы 81 75 Дон жыл­қы­сы 75 67 Оры­стың желiс жыл­қы­сы 75 67 Ор­лов желiс жыл­қы­сы 75 67 Қа­ра­бай­ыр жыл­қы­сы 75 67 өнiм­дiк ба­ғыт­та­ғы: Қа­з­ақ­тың жа­бы жыл­қы­сы 81 75 Мұ­ғал­жар жыл­қы­сы 81 75 Кө­шiм жыл­қы­сы 81 75 Адай жыл­қы­сы 81 75 Оры­стың ауыр жүк та­си­тын жыл­қы­сы 81 75 Түй­е­лер Қа­з­ақ­тың ай­ыр түй­есi 74 66 Түрiк­мен­нiң ару­а­на­сы 72 65 Бұ­ғы­лар 74 69 Ма­рал­дар 74 69
Тармақ 2
2. Тұқымдық бұқалар ұрығының бiр дозасына субсидиялар нормативi Асыл тұқым­ды өнiм­нiң түрi Ұрық­тың 1 до­за­сы­на ар­нал­ған суб­си­дия нор­ма­тивi, тең­ге (құ­ны­ның 50% дей­iн) Асыл тұқым­ды бұ­қа­лар­дың ұры­ғы 140
Тармақ 3
3. Сатылған асыл тұқымды бiр жұмыртқаға арналған субсидиялар нормативтерi Асыл тұқым­ды өнiм­нiң түрi Асыл тұқым­ды 1 жұ­мыр­тқа­ның 1 да­на­сы­на суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­терi, тең­ге (құ­ны­ның 50% дей­iн) Та­уық (жұ­мырт­қа­ла­ғыш) жұ­мырт­қа­сы 12 Та­уық (ет­тiк) жұ­мырт­қа­сы 40 Үй­рек жұ­мырт­қа­сы 12 Күр­ке­та­уық жұ­мырт­қа­сы 50 Қаз жұ­мырт­қа­сы 50 Түй­е­құс жұ­мырт­қа­сы 2400
Тармақ 4
4. Мал тұқымын асылдандыру iсi үшiн сатып алынатын жабдықтар мен техниканың құнын толық өтеу.
Тармақ 5
5. Мал тұқымын асылдандыру орталығына асыл тұқымды бұқаларды сатып алу және күтiп ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөнiндегi шығындарды толық өтеу.
Тармақ 6
6. Мал тұқымын асылдандыру орталығына асыл тұқымды қошқарларды сатып алу және күтiп ұстау жөнiндегi шығындарды толық өтеу.
Тармақ 7
7. Асыл тұқымды шаруашылық үшiн асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеу.
Тармақ 8
8. Асыл тұқымды шаруашылықта асыл тұқымды құстар санын толықтыратын балапандарды азықтандыру үшiн сатып алынатын құрама азықтардың құнын толық өтеу.
Тармақ 9
9. Асыл тұқымды мал зауыты үшiн араб тұқымының айғырларын сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеу.
Тармақ 10
10. Асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсiру, күтiп ұстау, жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын сақтау жөнiндегi шығындарды толық өтеу.
Басқа 0-2
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң 2005 жылға арналған ережесiне 2-қосымша " Бекiтемiн " Ауыл дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң шаруашылығы министрлігінiң _______________ облыстық бастығы __________________ (аты-жөнi, қолы, мөрi) 2005 жылғы "__"__________" Ата­уы Жыл­дық кво­та Са­ты­л­ған асыл тұқым­ды өнiм­нiң (материалдың) 1 да­на­сы (кг т/с, до­за, да­на) үшiн субсидиялар нор­мативi, тең­ге Асыл тұқымды өнім­нің (мате­ри­ал­дың) асыл­дан­ды­ру мақ­са­ты­на нақ­ты са­тылға­ны (кг т/с, до­за, да­на) ауданның асыл тұқым­ды өнiм­дi (ма­териал­ды) сатушының (кг, до­за, дана) теңге жыл­дың ба­сы­нан берi есеп бе­ру ай­дың iшiн­де 1 2 3 4 5 6 7 таблицаның жалғасы Жыл­дың ба­сы­нан бе­рі суб­си­дияның ти­е­сі­лі со­ма­сы, тең­ге Жыл­дың ба­сы­нан бе­рі, тө­лен­ге­ні, тең­ге Суб­си­ди­я­ның ти­е­сі­лі со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге Тө­ле­ну­ге ти­іс­ті, тең­ге 8 9 10 11 * Сатылған асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне жеке жасалады Облыстың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы _____________________________________ (аты-жөнi, қолы) Облыстық аумақтық басқарманың бас бухгалтерi______________ (аты-жөнi, қолы)
Басқа 0-3. Салық органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерге мерзімі ұзартылған салық берешегiн өтеу жөнiндегі есеп айырысуларға қатысатын асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерiмен тексеру актiлерiнiң ТIЗIЛIМI
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң 2005 жылға арналған ережесiне 3-қосымша Бекiтемiн ____________________________ (аумақтық салық органының басшысы) 2005 жылғы "__" __________ Салық органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерге мерзімі ұзартылған салық берешегiн өтеу жөнiндегі есеп айырысуларға қатысатын асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерiмен тексеру актiлерiнiң ТIЗIЛIМI Бюд­жет кiрiстерi сы­ныпта­масы­ның ко­ды Са­лықтың (төлемнiң) ата­уы Са­лық тө­леушiнiң (асыл тұқымды мал ша­руашы­лы­ғы субъ­ектi­сінің) ата­уы, CTH-i ор­налас­қан жерi, са­лық ор­га­нының ата­уы, СТН-i Салыстыру ак­тiсiне қол қой­ылған күн Өте­у­ге ұй­ға­ры­ла­тын со­ма рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен тү­се­тін са­лық­тар бой­ын­ша барлығы негiзгi тө­лем өсi­мақы айыппұл 1 2 3 4 5 6 7 8 таблицаның жалғасы Өте­у­ге ұй­ға­ры­ла­тын со­ма жер­гі­лік­тi бюд­жет­тен тү­се­тін са­лық­тар бой­ын­ша Бар­лы­ғы бар­лығы негiзгi тө­лем өсi­ма­қы ай­ыппұл барлы­ғы (5+9 бағ) негізгі тө­лем (6+10 бағ) өсiмақы (7+11 бағ) ай­ыппұл (8+12 бағ) 9 10 11 12 13 14 15 16 Сомасы жазумен____________теңге, оның iшiнде республикалық бюджетке______________теңге,________________________________ бюджетке______________теңге,_______________теңге,________теңге. Аумақтық салық органы тиiстi құрылымдық бөлімшесінің басшысы__________ ____________ (қолы) (аты-жөнi) M.O.
Басқа 0-4. ЖИЫНТЫҚ САЛЫСТЫРУ АКТIСI
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеудiң 2005 жылға арналған ережесiне 4-қосымша ЖИЫНТЫҚ САЛЫСТЫРУ АКТIСI Бюд­жет кiрiстерi сы­ныпта­масы­ның ко­ды Са­лықтың (төлемнiң) ата­уы Са­лық тө­леушiнiң (асыл тұқым­ды мал ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сінің) ата­уы, CTH-i, ор­налас­қан жерi, са­лық ор­ганы­ның ата­уы, CTH-i Өте­у­ге ұй­ға­ры­ла­тын со­ма рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен тү­се­тін са­лық­тар бой­ын­ша барлығы негізгі тө­лем өсiмақы айыппұл 1 2 3 4 5 6 7 таблицаның жалғасы: Өте­у­ге ұй­ға­ры­ла­тын со­ма жер­гі­лік­тi бюд­жет­тен тү­сетiн са­лық­тар бой­ын­ша бар­лы­ғы барлы­ғы негізгі тө­лем өсiмақы ай­ыппұл барлы­ғы (4+8 бағ) негізгі тө­лем (5+9 бағ) өсiмақы (6+10 бағ) ай­ыппұл (7+11 бағ) 8 9 10 11 12 13 14 15 Жиыны: Берешектi республикалық бюджеттен өтеуге ұйғарылатын сома_________________________________теңге. Салыстыру актiсi жасалған күн 2005 жылғы "__"_____ Салық комитетінің басшысы Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы _________________________ __________________________ (аты-жөнi, қолы) (аты-жөнi, қолы) Tиiсті құрылымдық бөлiмшенiң басшысы __________________________ (аты-жөнi, қолы) M.O. M.O.