2005 жылғы жазғы маусымдық жұмысқа азық-түлік өнеркәсібі, сауда кәсіпорындарының, қоғамдық тамақтандыру және базарларды сумен жабдықтау объектілерінің дайындығын қарауды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты санитарлық-эпидемиологиялық салауаттандыру туралы» Заңының және азық-түлік өнеркәсібі, сауда кәсіпорындарын, қоғамдық тамақтандыру, базарлар және сумен жабдықтау нысандарын тиісті санитарлық-техникалық жағдайға келтіру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2005 жылғы жазғы маусымдық жұмысқа азық-түлік өнеркәсібі, сауда кәсіпорындарының, қоғамдық тамақтандыру және базарларды сумен жабдықтау объектілерінің дайындығын қарауды жүргізу туралы от 04.04.2005 г. № 305 (2005 жылғы жазғы маусымдық жұмысқа азық-түлік өнеркәсібі, сауда кәсіпорындарының, қоғамдық тамақтандыру және базарларды сумен жабдықтау объектілерінің дайындығын қарауды жүргізу туралы)
1. 2005 жылғы сәуірдің 15-нен мамырдың 20-ы аралығында жазғы маусымдағы жұмысқа, меншік түріне қарамастан, азық-түлік өнеркәсібі, сауда, қоғамдық тамақтандыру қәсіпорындарының, врдың дайындығын қарау, су құбырлары құрылымдарын, желілерді, суайырғыш және шахта құдықтарын қарау жүргізілсін.
2. Барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына:
1) азық-түлік өнеркәсібі мен сауда кәсіпорындарын, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, базарларды, сүт-тауарлы фермаларын, сәбилердің сүт асханаларын тиісті санитарлық-техникалық жағдайға келтіру, олардағы тоңазытқыш камераларды, қондырғыларды, сөрелерді жөндеу оларды жеткілікті жуу және залалсыздандыру құралдарымен, қажетті аспаптармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, аумақты көгалдандыруды және көркейтуді жүргізу;
2) санитарлық нормалар мен ережелер талаптарын қатаң орындауды, санитарлық қызметтің жазбаша өкімдерін уақытылы орындауды қамтамасыз ету;
3) барлық технологиялық жабдықтардың үздіксіз жұмысын, тез бұзылатын тағамдарды дайындаудың технологиялық процесін сактауды, оларды сақтауды және өткізуді қамтамасыз ету;
4) дәмханалар мен асханалар ыдыстарын, аспаптарын дұрыс
залсыздандыруды қамтамасыз ету;
5) шығарылатын және сақталынатын тағамдардың сапасын лабораториялық бақылауды, ведомстволық лабораториялар жоқ болған жағдайда, аумақтық санэпидемстанциямен лабораториялық бақылау туралы шарт жасасуды қамтамасыз ету;
6) дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық шараларды жүгізу үшін қаланың залалсыздандыру қызметтерімен, тұрмыстық қатты-қалдықтарды шығаруға шарт жасасу ұсынылсын.
3. Барлық меншік түріндегі су құбырларының, шахта құдықтарының иелеріне:
1) сумен жабдықтаудың су қоймалары объектілерін тиісті санитарлық жағдайға келтірсін, су қоймаларындағы, су құбырлары ылымдарындағы қорғау аймақтарын қалпына келтірсін және жөндесін;
2) әрбір су қоймасын тазалауды, шаюды және залалсыздандыруды жүргізсін;
3) шахта құдықтары аумағын көркейтсін, шегендер мен бетондалған сақиналарды, қақпақтарды тиісті жағдайға келтірсін, оларды залалсыздандырып және суды хлорлап тазаласын, қалқалармен, қоғамдық шелектермен қамтамасыз етсін;
4) селолық округтердегі су құбырлары желілеріне қызмет көрсету жөніндегі бригадалар ұйымдастырсын, оларды хлорланған қондырғылармен қамтамасыз етсін;
5) «Тұрғын қалашықтағы» жиі апат болатын жерлердегі су құбырлары желісін ауыстыруды қамтамасыз етсін;
6) залалсыздандырғыш хлор қосындыларының (хлорлы әк, кальций гипохлориді, сұйық хлор және т. б.) таусылмас қорын жасасын;
7) апатты жойғаннан кейін су құбырлары желілерінің участкесін шаю және залалсыздандыру үшін арнаулы көлік алсын;
8) су қоймасы құдықтарының маңын және су айдағыштарды қалпына келтірсін;
9) ауыз судың сапасына тұрақты лабораториялық бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялык мемлекеттік бақылау департаментінің қалалық бөлімі (Н. А. Беркімбаева) азық-түлік өнеркәсібі, сауда, қоғамдық тамақтандыру, базарлар және сумен жабдықтау объектілерінің дайындығын қарау барысына бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Қ. Құттыбаевқа жүктелсін.