2005 жылға арналған Ақтөбе қаласындағы ұсақ бөлшек сауда желісінің жұмысы туралы Қолданыста
Басқа 0
2005 жылға арналған Ақтөбе қаласындағы ұсақ бөлшек сауда желісінің жұмысы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынща әділет Департаментінде 2004 жылғы 26 шілдеде № 2867 болып тіркелген Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясының 2004 жылғы 1 маусымдағы № 60 «Ақтөбе қаласындағы ұсақ бөлшек сауда желілері мен жазғы алаңдардың жұмыс қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес және белгіленбеген жерлерде сауда жасауды болдырмау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсақ бөлшек сауда желісінің ұсынылып отырған дислокациясы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі (Р. А. Айдашева) сауда саласында кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың ұсақ бөлшек сауда желісі жұмысының Қағидасын сақтауы жөнінде шаралар алсын.
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласының ішкі істер бөлімі (М. А. Өсербаев), Ақтөбе облысының мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау Департаменті қалалық бөлімі (Н. А. Беркімбаева) ұсақ бөлшек сауда желісінің жұмысына тұрақты бақылау орнатсын, қала көшелерінде бейберекет түрде сауда жасауға жол бермесін.
Тармақ 4
4. Қала әкімдігінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 849 «2004 жылға арналған Ақтөбе қаласындағы ұсақ бөлшек сауда желісінің жұмысы туралы» Ақтөбе облысы бойынша әділет Департаментінде 2004 жылғы 17 мамырдағы № 2732 болып тіркелген қаулысы күшін жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары міндетін атқарушы Б. С. Жаманқұловқа жүктелсін.