Об утверждении Правил выплаты средств на сохранение и восстановление генофонда малочисленных и исчезающих пород, типов и линий сельскохозяйственных животных на 2005 год Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге 2005 жылға арналған қаражат төлеу ережесiн бекiту туралы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру әрi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi сапалы асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге 2005 жылға арналған қаражат төлеу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Басқа 0. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарының тектік қорын сақтауға және қалпына келтiруге 2005 жылға арналған қаражат төлеу ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 23 ақпандағы N 164 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарының тектік қорын сақтауға және қалпына келтiруге 2005 жылға арналған қаражат төлеу ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге 2005 жылға арналған қаражат төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) 006 "Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 108 "Ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiру" кiшi бағдарламасы бойынша 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiруге арнап республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрi - Кәсiпорындар) құрамына кiретiн селекциялық-генетикалық орталықтарға қаражат төлеудiң (бұдан әрi - субсидиялау) тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Субсидия мынадай мақсаттарға арналады:
Тармақша 1
1) коллекциялық табындар құру үшiн сатып алынатын ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының құнын толық өтеу;
Тармақша 2
2) сатып алынған арнайы технологиялық жабдықтың, оргтехниканың және арнайы көлiктiң (бұдан әрi - арнайы жабдық) құнын толық өтеу.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) коллекциялық табындарды қалыптастыру үшiн ауыл шаруашылығы жануарларының сатып алынатын саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарының және арнайы жабдықтың тiзбесi мен санын бекiтедi.
Тарау 2. 2. Қаражат төлеу тәртiбi
2. Қаражат төлеу тәртiбi
Тармақ 4
4. Осы Ереженiң 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мақсаттарға арналған субсидияларды алу үшiн:
Тармақша 1
1) Кәсiпорындар ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарының және арнайы жабдықтың тiзбесi мен санына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк сатып алу рәсiмiн жүзеге асырады және ауыл шаруашылығы жануарларының тиiстi саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарын, түрлерi мен топтарын және арнайы жабдықтарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасады;
Тармақша 2
2) Кәсiпорындар, шарттар жасасқаннан кейiн 10 күннiң iшiнде, бiрақ 2005 жылғы 1 қыркүйектен кешiктірмей шарт түпнұсқасының бiр данасын Министрлiкке бередi.
Тармақ 5
5. Министрлiк ұсынылған құжаттардың заңнамада белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың бекiтiлген жоспарларына сәйкес Кәсiпорындардың есеп айырысу шоттарына тиесiлi соманы аударады.
Тармақ 6
6. Кәсiпорындар, жануарлар мен арнайы жабдықты сатып алғаннан кейiн субсидиялардың мақсатты пайдаланылғанын растауға 30 күннiң iшiнде барлық төлем құжаттарының, тауарды жеткiзу актiлерiнiң және тауарды сандық-сапалық жағынан бағалау актiлерiнiң көшiрмелерiн Министрлiкке бередi.
Тармақ 7
7. Министрлiк осы Ереженiң 4-тармағы бойынша, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына төлеу шотын бередi.