О плане мероприятий по борьбе с овсюгом обыкновенным на посевах зерновых культур в 2005 году Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылы дәнді-дақылдардың егістік жерлерінде кәдімгі қара сұлымен күресу жөніндегі іс-шаралар туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару" туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын" іске асыру жөніндегі 2002 жылғы 5 шілдедегі № 889 Қазақстан Президентінің Жарлығына сәйкес, облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2005 жылы Ақмола облысы бойынша дәнді дақылдардың егістік жерлерінде кәдімгі қара сұлымен күресу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті дәнді дақылдардың егістік жерлерінде қара сұлының таралуын азайту мақсатында барлық химиялық, агротехникалық шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасын Ауыл шаруашылық министрлігінің аумақтық ауылшаруашылық басқармаларына ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қарасұлыға қарсы арзандатылған гербицидтермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аталған мәселелердің шешілуіне қатысы бар аудан әкімдері және облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары (келісім бойынша) шараларды уақытында және тиісті орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Келісілді:
Ақмола облысы
ауылшаруашылық Департаменті
А.Сейтжанов
ҚР АШМ облыстық
аумақтық басқармасы
М.Мыңжанов
Мемлекеттік мекеме
«Республикалық фитосанитарлық
анықтау және болжаудың
әдістемелік орталығы»
М.Гайн
Басқа 7
Ақмола облысы әкімдігінің
2005 жылғы 18.02. № а-3/57
қаулысымен бекітілген
2005 жылы Ақмола облысының дәнді дақылдар егістіктерінде қарасұлымен күресуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
р/р
№
Іс-шаралардың аталуы
орындалу мерзімі
Аяқтау формасы
орындаушы
1. Ұйымдастыру-дайындау шаралары
1.
Облыс бойынша қара сұлымен күресу жөніндегі қорғаныс химиялық және агротехникалық шаралардың жұмыс жоспарларын жасау
қаңтар
аудандардың қара сұлымен күресу жөніндегі жұмыс жоспарлары
Аудан әкімдері, Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), "РФД мен БӘО" ММ-нің облыстық, аудандық бөлімшелері (келісім бойынша)
2.
Ақмола облысының дәнді-дақылдары егістіктерінде қарасұлымен күресу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу
ақпан-наурыз
брошюраларды, ұсыныстарды шығару
"А.И.Бараев атындағы дәнді шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" РМКК (келісім бойынша)
3.
Кәдімгі қарасұлымен күресу жөніндегі қорғаныс шаралары бойынша аймақтық семинар-мәжілістерді өткізу
ақпан-наурыз
мәжілістің хаттамасы
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауыл шаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), "РФД мен БӘО" ММ-нің бөлімшесі (келісім бойынша), пестицидтерді жеткізу мекемелері (келісім бойынша), "А.И.Бараев атындағы дәнді шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" РМКК (келісім бойынша)
4.
Бүріккіш техниканы дайындау және түгендеу: нақты барлығы, қажеттілігі және дайындылығы (жөндеу). Жетіспейтін техниканы сатып алу, химиялық өңдеулерді жүргізу жөніндегі қызмет көрсетулерді тарту үшін шарт жасауды ұйымдастыру, ЖЖМ жинақтау
сәуір
техниканы құжаттау, техникаға жұмыс істеуге рұқсат беру
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауыл шаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), қаржы салушылар және ауылшаруашылық құрылымдар (келісім бойынша)
5.
Республика бюджетінің демеу қаржысы, облыстық, аудандық бюджеттерінің есебінен қарасұлыға қарсы гербицидтерді сатып алу мен жинақтау
1-2 тоқсан бойы
гербицидтердің нақты барлығы және оларды сатып алу
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауыл шаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы келісім бойынша), қаржы салушылар және ауылшаруашылық құрылымдар (келісім бойынша)
6.
Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік органдар мен ауыл шаруашылық құрылымдар арасында тұрақты қарым-қатынасты ұйымдастыру
ұдайы
облыс әкімінің аппаратына жедел есеп беру
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауыл шаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы келісім бойынша), "РФД мен БӘО" ММ-нің облыстық, аудандық бөлімшелері (келісім бойынша), қаржы салушылар және ауылшаруашылық құрылымдар (келісім бойынша)
2. Арнайыландырылған қорғаныс шаралары
7.
Дәнді дақылдардың тұқымдық материалын 2005 жылда себуге даярлау:
а) тұқымдарды қарасұлының дәнінен 100% тазалау және іріктеу;
б) тұқымды дәрілеу
сәуір-мамыр
жедел есеп беру
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауылшаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), қаржы салушылар және ауылшаруашылық құрылымдар (келісім бойынша)
8.
Агротехникалық шаралар: тұқым егудің алдында топырақты өңдеу;
ауыспалы егісті сақтау;
дәнді дақылдарды егуден бұрын механикалық өңдеу тәсілімен арамшөптерді жою.
Егістіктің кемінде 20% көлеміне сүрі жер енгізу, оны сапалы өңдеу
сәуір-мамыр
мерзімді есеп беру
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауыл шаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), қаржы салушылар және ауылшаруашылық құрылымдар (келісім бойынша)
9.
Тұқым егудің алдында қарасұлыға қарсы гербицидтерді топыраққа енгізу
сәуір-мамыр
мерзімді есеп беру
Ақмола облысының ауылшаруашылық департаменті және аудандық ауылшаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), қаржы салушылар және ауылшаруашылық құрылымдар (келісім бойынша)
10.
Ауыспалы егісті сақтап, тұқым егуді оңтайлы мерзімде өткізу
15-28 мамыр
мерзімді есеп беру
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауыл шаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), қаржы салушылар және ауылшаруашылық құрылымдар (келісім бойынша)
11.
Қарасұлымен ластануын анықтау үшін мониторингтік тексерулерді өткізу және арамшөптің зияндылығы экономикалық табалдырықтан асса химиялық өңдеулерді жүргізу
маусым
дәнді-дақылдар егістіктерінің ластану жөніндегі жиынтық ведомосы, ластану картасы
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауылшаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), "РФД мен БӘО" ММ-нің облыстық және аудандық бөлімшелері (келісім бойынша), қаржы салушылар, ауылшаруашылық құрылымдар (келісім бойынша)
12.
Өсіп-өну кезінде дәнді-дақылдарды қарасұлыға қарсы химиялық өңдеу (арамшөптің 2-3 жапырағы өскен кезінде).
Гербицидтердің биологиялық тиімділігін анықтау. Кешенді тексеру
маусым-шілде
мерзімді есеп беру, танаптың төлқұжаты, тексеру актісі
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауылшаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), қаржы салушылар және ауылшаруашылық құрылымдар (келісім бойынша)
13.
2006 жылы қарасұлымен күресу жөніндегі қорғаныс шараларының көлемін жоспарлау үшін егін ору алдында қарасұлымен ластануына мониторингтік тексерулерді жүргізу
тамыз
дәнді-дақылдар егістіктерінің ластану жөніндегі жиынтық ведомосы, 2006 жылға қорғаныс шараларды алдын ала жоспарлау
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауылшаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), "РФД мен БӘО" ММ-нің облыстық және аудандық бөлімшелері (келісім бойынша), қаржы салушылар, ауылшаруашылық құрылымдар (келісім бойынша)
14.
Қарасұлымен күрес жөніндегі күзгі агротехникалық шараларды өткізу
қыркүйек-қазан
жедел есеп беру
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауылшаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), қаржы салушылар және ауылшаруашылық құрылымдар (келісім бойынша)
15.
Қарасұлымен күресу жөнінде есеп беру және қалыптасқан фитосанитариялық жағдайды еске ала отырып 2006 жылға ұсыныстар жасау
қараша
семинарлар, мәжілістер
Ақмола облысының ауылшаруашылық департаменті және аудандық ауылшаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы келісім бойынша, "РФД мен БӘО" ММ-нің облыстық және аудандық бөлімшелері (келісім бойынша), қаржы салушылар және ауылшаруашылық құрылымдар (келісім бойынша), "А.И.Бараев атындағы дәнді шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" РМКК (келісім бойынша)
3. Ақпараттық қамтамасыз ету және өсімдіктерді қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстары
16
Химиялық өңдеу бойынша қызмет көрсетулерді орындаушылар және пестицидтер нарығы жөнінде ақпаратпен қамтамасыз ету, ақпаратты жинақтау және оны қаржы салушылар мен ауылшаруашылық құрылымдарға жеткізу
маусым бойы мерзімді
аудандар мен шаруашылық құрылымдарға ақпарат ұсыну
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауыл шаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), ауылшаруашылық құрылымдар (келісім бойынша)
17.
Аудан мамандарымен және ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен қара сұлыға қарсы күрестің технологиясы жөнінде аграрлық оқу өткізу
ақпан-наурыз
аграрлық оқудың бағдарламасы және қатысушылар тізімі
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауыл шаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша), "РФД мен БӘО" ММ (келісім бойынша)
18.
2004 жылғы қара сұлыға қарсы күрес жүргізудің нәтижелері және 2005 жылда жұмысты ұйымдастыру бойынша облыстық, аудандық семинар-мәжілістерді өткізу, өсімдіктерді қорғау жүйесіндегі ғылыми жетістіктерді және үздік тәжірибелерді зерттеу
наурыз
мәжілістердің хаттамалары
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауыл шаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы келісім бойынша, "РФД мен БӘО" ММ (келісім бойынша), "А.И.Бараев атындағы дәнді шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" РМКК (келісім бойынша)
19.
қара сұлымен күресу бойынша қорғаныс және мониторингтік шаралары жөнінде газетке мақалаларды дайындау
маусым бойы
БАҚ
Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаменті және аудандық ауыл шаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ Ақмола облыстық аумақтық басқармасы келісім бойынша, "РФД мен БӘО" ММ (келісім бойынша)