О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2005 году Қолданыста
Басқа 0
2005 жылы жұмыспен қамту саласында Успен ауданының азаматтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарын әлеуметтік қорғау және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға көмектесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұрғындардың мақсатты тобына енетіндердің тізбесі бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғындардың мақсатты тобындағы жұмыссыздар үшін кәсіпорындармен және ұйымдармен келісім шарт бойынша 60 әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Қағида бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіпорындармен және ұйымдармен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы келісім шартты олардың өтініш негізінде жасасын.
Тармақ 5
5. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (Боровик Л.В.) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды аудандық бюджеттен бөлінген қаражат шеңберде қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Басқа 7. Успен ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты тобы
ТІЗБЕСІ
Успен ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 4 ақпандағы
«2005 жылы жұмыспен қамту
саласында Успен ауданының
азаматтарын әлеуметтік қорғау
жөніндегі қосымша шаралар туралы»
№ 46/2 қаулысына 1 қосымша
Успен ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты тобы
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Аз қамтамасыз етілгендер.
Тармақ 2
2. 21 жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйінде тәрбиеленушілер, жетім балалар және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Жалғыз басты және көп балалы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте тұрақты түрде көмек немесе бақылау қажет ететіндерді қолында ұстайтын азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнетақы шығар алдында жұмыссыз қалғандар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандар).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылғандар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және лажсыз емдеу орындарынан келгендер.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. 50 жастағы және одан да үлкендер.
Тармақ 12
12. Дәрігерлік – консультативтік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеу қойылғандар.
Тармақ 13
13. Бір де бір адам жұмыс істемейтін аз қамтылған отбасындағы жұмыссыздар.
Басқа 21. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
Успен ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 4 ақпандағы
«2005 жылы жұмыспен қамту
саласында Успен ауданының
азаматтарын әлеуметтік қорғау
жөніндегі қосымша шаралар туралы»
№ 46/2 қаулысына 2 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида тұрғындардың мақсатты тобынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібі анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынылған ұйымдармен (меншік түріне қарамастан) есеп айыру жүйесін және негізгі шарттарын реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі түсінімдер:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орындары – жұмыс берушілердің жұмысқа қабылданған қызметкерлердің еңбек ақысына кеткен шығындарының бөлігіне жергілікті бюджет есебінен өтемақы төлейтін жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдарда тіркелген тұрғындардың мақсатты тобындағы жұмыссыздар үшін арнайы құратын немесе ұсынатын жұмыс орындары;
Тармақша 2
2) мақсатты топтар – Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көретін және әлеуметтік қорғауды талап ететін адамдар.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу олардың келісімімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі және ол орындарға жұмыссыздарды орналастыру
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі және ол орындарға жұмыссыздарды орналастыру
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің кәсіпорындар, ұйымдар, шаруа қожалықтары (жұмыс берушімен) арасында жасалған шарт бойынша ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздар үшін арнайы жұмыс орындарын қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысының бөлігін аудандық бюджет есебінен төлеу шарты негізінде кәсіпорындар мен ұйымдар ұсынады немесе құрады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын және құратын кәсіпорындар мен ұйымдарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі іріктейді.
Тармақ 8
8. Кәсіпорындарды іріктеуде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшыларды кейін қабылдауға кепілдік беретін кәсіпорындар мен ұйымдарға ерекше көңіл бөлінеді.
Тармақ 9
9. Мекемелер мен ұйымдарға әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар жұмыссыздық есебінен алынады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарының қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысының көлемін жұмыс беруші Қазақстан Республикасының нормативтік заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері: жұмыс берушілердің және аудандық бюджеттің қаражаттары.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан 002 «Жұмыспен қамту бағдарламасы», 102 «Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар» бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі жұмыс берушімен әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыскерлердің еңбек ақысының бөлігін аудандық бюджет қаражаты есебінен қайтару жөнінде шарт жасайды.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру жөніндегі Қағиданың сақталуын бақылауды мемлекеттік органдар заңнамамен бекітілген тәртіпте жүзеге асырады.