Об утверждении инструкции «О социальных выплатах отдельным категориям граждан района в 2005 году» Қолданыста
Басқа 0
«2005 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы» нұсқауды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы «2002 – 2005 жылдарға арналған мүгедектерді сауықтыру бағдарламасы туралы» № 1758 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы» нұсқау бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқау).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Басқа 3. Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына
әлеуметтік төлемдер туралы нұсқау
Успен ауданы әкімдігінің 2005 жылғы
2 ақпандағы «2005 жылы аудан
азаматтарының жекелеген санаттарына
әлеуметтік төлем туралы» нұсқауды
бекіту туралы» № 45/2 қаулысымен
бекітіледі
Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына
әлеуметтік төлемдер туралы нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қаулы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы «2002 – 2005 жылдарға арналған мүгедектерді сауықтыру бағдарламасы туралы» № 1758 қаулысына сәйкес жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдерді төлеудің тәртібін анықтайды.
Тарау 2. 2. Жекелеген әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтардың санаттары
2. Жекелеген әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтардың санаттары
Тармақ 2
2. Жекелеген әлеуметтік төлемдер алуға мына азаматтардың құқықтары бар:
Тармақша 1
1) Жеңістің 60 жылдығы мерекесінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, «ҰОС жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен наградтаған тыл еңбеккерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында (бұдан әрі - ҰОС) кем дегенде 6 ай жұмыс істегендер, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері, қайтыс болған ҰОС қатысушылардың әйелдері, ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқандар, жеңілдік және кепілдік бойынша ҰОС қатысушылармен теңестірілгендер;
Тармақша 2
2) кірісі бекітлген кедейшілік деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар; тұрғындардың мақсатты тобына жататындар емделу үшін.
Тармақша 3
3) аз қамтылған азаматтар; тұрғындардың мақсатты тобына жататындар; жоғары оқу орнын (бұдан әрі - ЖОО) және орта оқу орнын (ООО) 2004 – 2005 жылдары бітірген жас мамандарға орналасуға және жеке ауланы дамытуға;
Тармақша 4
4) жұмыссыздар санатындағы отбасынан қайтыс болғандарға жерлеу үшін;
Тармақша 5
5) зейнетақысы ең аз көлемнен аспайтын жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер көмір алуға;
Тармақша 6
6) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар;
Тармақша 7
7) күтпеген тосын жағдайдан күн көріс қаражатсыз қалған азаматтар;
Тармақша 8
8) зейнет жасындағы «Ауданның құрметті азаматы» атағы бар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын азаматтар сауықтыруға емделу.
Тармақша 9
9) әлеуметтік көмек бөлімі жасайтын жалғыз басты мүгедектер.
Тармақша 10
10) Отбасының кірісі бекітілген кедейлік шеңберінен аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтар – құжат алу үшін.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Осы қағиданың 1 тармағында көрсетілген азаматтардың санаттарына әлеуметтік төлемдер мынандай жолдармен 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген санаттағыларға тағайындалады.
4. Төмендегі әлеуметтік төлемге құқы барларға тағайындалады:
Тармақша 1
1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік төлем алуға құқы бар санаттағылар 258015000 «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдерді төлеу» бюджеттік бағдарламасына және тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбек проблемалары бойынша Үйлестіру Кеңесінің өтініш иесі құжаттарының толық пакетін қараған соң қабылданған шешіміне сәйкес тағайындалады;
Тармақша 2
2) 1), 10) тармақшаларда көрсетілген санттар үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі заңдық күші бар «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Жарлығына сәйкес.