О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций в период весеннего паводка 2005 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес және төтенше жағдайларды болдырмау, көктемгі су тасқыны кезеңінде облыстың экономикасының және инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысынын әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың жоспары және 2005 жылдың су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге арналған шығындардың сметасы бекітілсін (1, 2-қосымшалар).
Тармақ 2
2. Қалалардың және аудандардың әкімдіктеріне 2005 жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімге: су тасқынын болдырмау жөніндегі, көктемгі кезеңде экономиканың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды дайындап бекітсін және оларды «Қостанай облысының жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тапсырсын; су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды бақылау жөніндегі комиссия құрсын; балансында су қоймалары және кәріз сарқынды суларын жинауыш-буландырғышы, бөгетшелер мен бөгеттері бар ұйымдардың басшыларына оларды кезектен тыс тексеру ұсынылсын, авариялық тастауларды болдырмау жөніндегі шаралар қарастырсын, су тасқыны кезеңінде басшылар мен авариялық бригадалардың тәулік бойы кезекшілігін белгілесін, оларды қажетті механизмдер және материалдармен қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімдігінің шұғыл шығындарына су тасқынына қарсы іс-шаралардың алдын алу және өткізу үшін резервтен 9 540 000 (тоғыз миллион бес жүз қырық мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін, одан: «Қостанай облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті» мемлекеттік мекемесіне - 2 280 000 (екі миллион екі жүз сексен мың) теңге; «Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті» мемлекеттік мекемесіне - 2 760 000 (екі миллион жеті жүз алпыс мың) теңге; «Қостанай облысының жұмылдыру даярлығы және төтенше жагдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне - 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) тенге.
Тармақ 4
4. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмыс облыстық ведомствоаралық төтенше жағдайларды болдырмау және жою жөніндегі комиссияға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.
Тармақ 6
6. «2005 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулысы жойылсын.
Басқа 7. Облыстағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың жоспары
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2005 жылғы 4 наурыздағы № 77 қаулысына 1-қосымша Облыстағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың жоспары Іс-шаралардың атауы Орындалу мерзімі Жауапты 1. Тобыл өзеніндегі су қоймаларында және суды өткізу каскадтарын толтыру жөніндегі кешенді шараларды орындау Су тасқыны кезеңінде Костанайсушар РМК Ж.Р. Райымқұлов (келісім бойынша) 2. Автомобиль және темір жолдарындағы су жіберетін құбырларды тазалау және ағынды суларды өткізуді қамтамасыз ету Су тасқыны басталғанға дейін "Қостанай облысының Жол шаруашылығы және көлік департаменті" ММ Б.А. Наканов "Қостанай облысының автожол басқармасы" ММ Ж.Г. Ізтілеуов (келісім бойынша) "Қазақстан темір жолы" ҰҚ ЖАҚ филиалы Қостанай тасымалдау бөлімшесі А.Н. Құдайбергенов (келісім бойынша) 3. Автомобиль жолдарының жер қыртысының еруі мерзімінде ауыр жүкті көлік құралдары қозғалысына уақытша тыйым салу. "Қостанай облыстық Жол шаруашылығы және көлік департаменті" ММ Наканов Б.А. "Қостанай облысының автожол басқармасы" ММ Ж.Г. Ізтілеуов (келісім бойынша) "Көлікті бақылау басқармасы" ММ С.С. Жүнісов (келісім бойынша) Қостанай облысының Жол полициясы басқармасы БІІБ Б.Ж. Бектаев 4. Болатын аса қатерлі су тасқыны апаттары туралы дер кезінде және сапалы түрде хабарлар алу және олар туралы мәліметтерді қала, аудан әкімдеріне, облыстық ТЖ жөніндегі басқармаға, онымен қоса басқа мүдделі ұйымдарға жеткізу. Барлық мерзімде "Гидрометеорология жөніндегі Қостанай орталығы" ЕМК А.Н. Толканев (келісім бойынша) 5. Құтқару стансаларын дайындыу, жүзу құрамдарында кезекшілік және күзету жұмыстарын ұйымдастыру. Барлық мерзімде "Қостанай облысы Судан құтқару қызметі" ММ орталығы Маманов А.Х. 6. Елді мекендерді және шаруашылық объектілерін су тасқыны жағдайларында тұрақты байланыс және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету. Барлық мерзімде Қостанай облыстық телекоммуникация дирекциясы Пак Л.С. (келісім бойынша) «Қостанай электржүйесі компаниясы» МКК Репин А.Ю. "Қостанайэнерго" ААҚ Сидаш С.Б. (келісім бойынша) "Оңтүстік электр желілері" ААҚ Жәнділдин К.Ш. (келісім бойынша) 7. ЖЖ қажетті қорларын жасау, көлік және техника жұмыстарын сапалы және апатсыз қызмет етуін қамтамасыз ету Тасқын басталғанға дейін "Қостанай облыстық автожол басқармасы" ММ Ізтілеуов Ж.Г. (келісім бойынша) "Қостанай облыстық Жол шаруашылығы және көлік департаменті" ММ Наканов Б.А. "Қазақавтожол" Демеев А.С. (келісім бойынша) "Қостанай жолдары" ААҚ Дирксен В.Я. (келісім бойынша) 8. Облыс аумағына ұшып шығуға және су тасқыны жағдайын бағалау үшін ұшақтың әрдайым дайын болуын қамтамасыз ету Барлық мерзімде "Қостанай" "Аэропорт" ААҚ Ким Ю.М. (келісім бойынша) "Арайавиа" авиакомпаниясы ЖШС Калибров О.Ю. (келісім бойынша) "Авиа-Жайнар" ЖШС Дорохов А.Н. (келісім бойынша) 9. Мұз жүретін кезеңдерде өзендер бойындағы тиесім жарғыш жұмыстары мөлшерін айқындау. Төтенше жагдайларда шартты негізде Қостанай взрывпром еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен келісіп мүмкін болатын жарылыс жұмыстарына алдын-ала дайындалу Су тасқыны басталғанға дейін "Қостанай облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы" ММ Батов Е.В. 10. Кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындарды хабарландыру, адамдарды апатты жерлерден тасымалдау жөніндегі маршруттарды дайындап қою Су тасқыны басталғанға дейін «Қостанай облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы» ММ Батов Е.В. 11. Төтенше жағдайлар болып қалған кезеңдердегі, су тасқынына дайын болу үшін жергілікті жағдайларға бейімделген нақты тиесілі жаттығу жұмыстарын тұрғындарға үйрету. Су тасқыны басталғанға дейін "Қостанай облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы " ММ Батов Е.В. 12. Су тасқынына және осы мерзімдерге арналған дайындық туралы іс- шараларды әрбір жеті сайын ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның төрағасына баяндап отыру. Барлық мерзімде «Қостанай облыстық ТЖ жөніндегі басқармасы " ММ Батов Е.В.
Басқа 8. 2005 жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге арналған шығыс сметасы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2005 жылғы 4 наурыздағы № 77 қаулысына 2-қосымша 2005 жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге арналған шығыс сметасы № Іс-шаралардың атауы Жалпы саны, теңге Әкімшілік бағдарлама 1 Мұз кедергілерді жоюдағы жарылыс жұмыстары 1054000 "Қостанай облысы Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті" ММ 2 Орнақты жұмыстарды қамсыздандыруға жұмсалған қаражат "Гидрометеорология жөніндегі Қостанай орталығы" 396000 "Қостанай облысы Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті" ММ 3 Кезекші ұшақтың төлем ақысы 2550000 "Қостанай облысы Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс департаменті" ММ 4 Сұдан құтқару қызметі Қостанай облыстық орталығының шығыны 500000 Қостанай облыстық судан құтқару қызметі орталығы" ММ