2005 жылдағы азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік төлемақыларын тағайындау Нұсқаулығын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, ауданның жеке санаттағы азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатымен, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2005 жылдағы азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік төлемақыларын тағайындау Нұсқаулығын бекіту туралы от 28.02.2005 г. № 40/1 (2005 жылдағы азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік төлемақыларын тағайындау Нұсқаулығын бекіту туралы)
1. Аудан азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік төлемақыларын тағайындау қосалқы Нұсқаулығы бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).
2. «2004 жылы азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік төлемақыларын тағайындау Қағидаларын бекіту туралы» 2004 жылдағы 24 наурызындағы № 69/3 аудан әкімдігінің Қаулысы (Павлодар облысы Әділет департаментінде 2004 жылдың 6 мамырында № 2444 тіркелген, 2004 жылдың 27 мамырында № 42 «Иртыш» газетінде жарияланған), «2004 жылда жеке категориялы азаматтарға әлеуметтік төлемақыларын тағайындау Қағидаларының бекітілуі туралы» 2004 жылдың 24 наурызындағы № 69/3 аудан әкімдігінің қаулысына қосымшалар енгізу туралы», Павлодар облысы Әділет департаментінде 2004 жылдың 6 мамырында № 2444 тіркелген», 2004 жылдың 11 қазандағы № 238/7 (Павлодар облысы Әділет департаментінде 2004 жылдың 12 қарашасында № 2793 тіркелген, 2004 жылдың 2 желтоқсанында № 96 «Иртыш» газетінде жарияланған) күштері жойылған деп есептелсін.
3. Осы Қаулының орындалуын бақылау және оның жүзеге асыруын үйлестіру жұмыстары аудан әкімінің орынбасары Воронин А.Н. жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
2005 жылғы 28 ақпан
№ 40/1 «2005 жылы
азаматтардың жеке
категорияларына әлеуметтік
төлемақыларын тағайындау
Нұсқаулығын бекіту туралы»
қаулысымен бекітілген
2005 жылдағы азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік төлемақыларын тағайындау Нұсқаулығы
1. Жалпы ережелері
1. 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан азаматтарының жеке категорияларына әлеуметтік төлемақыларын тағайындау осы Нұсқаулық арқылы жүзеге асырылады.
2. Жеке әлеуметтік төлемақыларын алуға құқылы азаматтар категориясы
2. Бір мезгілдік әлеуметтік көмек алуға келесі азаматтардың құқы бар:
1) аз қамтамасыз етілгендер, оралмандар, бас бостандығынан астыру орындарынан құжаттарды өткізу;
2) аз қамтамасыз етілгендер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындамағанда (бұдан әрі - МАӘК), дәрігерлік тексеру комиссиясының анықтамасына сәйкес емдеу үшін, жерлеуге және экстремальды жағдайға түскендерге;
3) жалғыз басты қариялар, Ұлы Отан Соғысы (бұдан әрі - ҰОС) ардагерлері мен мүгедектері «Ертіс нұры», «Иртыш» аудандық және облыстық «Наш край» 100 және 200 дана, ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда», «Сарыарқа самалы» мен «Звезда Прииртышья» газеттеріне жазылуға;
4) жалғыз басты қариялар, ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне жергілікті моншаға және шаштаразға тегін баруларына;
5) ҰОС ардагерлері мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, қаза болған соғыс жесірлері мереке күндерге;
6) оралмандар «Оралмандар күні» өткізу үшін;
7) жалғыз бастылар, жалғыз тұратын зейнеткерлер;
8) аз қамтамасыз етілген МАӘК алатын азаматтар ірі қара мал, тұқым және жанар жағар май алу арқылы жеке шаруашылығын немесе бизнесін дамытуға;
9) аз қамтамасыз етілген отбасы және МАӘК алатын отбасыларынан шыққан орта мектеп түлектеріне, сол сияқты ата-анасының қамқорсыз қалған балаларға педагогтік кадрлар, медициналық жұмыскерлерін мен басқа мамандыққа даярлау мақсатында жоғарғы оқу орнында (бұдан әрі - ЖОО) оқуын төлеу үшін;
10) көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған;
11) 2005 – 2006 оқу жылына ЖОО-ның және орта кәсіптік оқу орындарында (бұдан әрі - ОКОО) оқитын студенттері;
12) жетім балалар, ата-анасының қамқорсыз қалған балалар, аудандық білім және спорт бөлімінің анықтамасы бойынша аудан әкімі шыршасын өткізу үшін;
13) ҰОС ардагерлері және мүгедектердің мерей тойларына;
14) Чернобыль атом электр станциясы апатын жойған қатысушылар мен Ауған соғысы ардагерлеріне;
15) ҰОС мүгедектері мен ардагерлер баспаналарын жөндеуге, жылу энергиясына төлеу, жөнделмеген пәтерлерде тұрғандарға – 2 тонна мөлшерінде көмірді мүліктену, телефондандыруға, соның ішінде, абоненттік төлеуін өткізу;
16) аз қамтамасыз етілген жанұялардың балаларын жаңа оқу жылына дайындау үшін;
17) Қарттар күніне 80 жасқа толған және одан асқан зейнеткерлерге;
18) дәрі-дәрмек алуға ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне ай сайынғы материалдық көмек;
19) жеңіс күні қарсаңында тылдағы еңбегі үшін марапаттағандарға;
20) ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне Жеңіс күніне сыйлық жасау үшін.
3. Әлеуметтік төлемақыларды тағайындау тәртібі және басқа әлеуметтік көмек көрсету түрлері
3. Әлеуметтік төлемақыларды тағайындау және өтеу Нұсқаулығының 2 тармағында көрсетілген азаматтардың жеке категорияларына төмендегідей төлемақы беріледі.
1) Әлеуметтік төлемақы – 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20 тармақшаларында көрсетілген категорияларға;
2) Талондар – 4) тармақшада көрсетілген категорияларына.
4. Әлеуметтік төлемақы мөлшері
4. Әлеуметтік төлемақылардың мөлшері азаматтардың жеке категориясына төмендегі тармақшаларында көрсетілгендей болып тағайындалады:
1) айлық есеп көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) шағын мөлшері немесе миграция полициясының берген есеп шоты негізінде;
2) кіші көмек мөлшері 6 АЕК құрастырады;
3) бір жылдың жазылымына бір жазылушыға аудан газетіне жазылу 1000 теңге және облыстық «Наш край» газетіне жазылу 300 теңге және ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» - 2500 теңгеден, «Сарыарқа самалы» мен «Звезда Прииртышья» - 1200 теңгеден бір жазылушыға;
4) жергілікті моншаға бару бір адамға аптасына 125 теңге, шаштаразда шаш қиғыз айына 120 теңге, үйінде – 150 теңге;
5) мереке күндеріне 1,1 АЕК мөлшерінде;
6) «Оралмандар күнін» өткізу үшін 1 АЕК мөлшерінде;
7) жалғыз басты, жалғыз тұратындар үшін 1,1 АЕК мөлшерінде;
8) аз қамтамасыз етілген азаматтарға жеке шаруашылығын немесе бизнесін дамыту үшін, комиссияның шешімі бойынша 38,1 артық емес АЕК мөлшерінде;
9) орта мектеп түлектеріне облыс ЖОО үшін 110 АЕК мөлшерінде;
10) «Алтын алқамен» марапаттағандарға 1500 теңге көрсеткіш мөлшерінде, «Күміс алқа» - 1000 теңге көрсеткіш мөлшерінде;
11) облыстың ЖОО оқитын – 120000 теңге мөлшерінде, ОКОО оқитын студенттерге – 45000 теңге мөлшерінде;
12) балаларға мезгілдік көмек 3 АЕК мөлшерінде;
13) мерей тойларға 1,1 АЕК мөлшерінде;
14) 5000 теңге мөлшерінде;
15) баспананы жөндеуге материалдық көмек – 5000 теңге мөлшерінде, белгіленген көрсеткіш бойынша жылу энергиясына төлеу, көмірді мүліктену, аудандық телекоммуникация торабының есептеуіне сәйкес телефондандыру;
16) балаларды жаңа оқу жылына дайындау үшін – 5000 теңге мөлшерінде;
17) Қарттар күніне 80-89 жасқа толғандарға – 1000 теңге мөлшерінде, 90-99 жасқа толғандарға – 2000 теңге мөлшерінде, 100 және 100-ден асқандарға – 5000 теңге мөлшерінде;
18) дәрі-дәрмек алу үшін ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне 1 АЕК мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
19) тылда еңбегі үшін марапаттағандарға Жеңіс күніне – 5000 теңге мөлшерінде;
20) ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне Жеңіс күніне сыйлық алу үшін 15000 теңге мөлшерінде материалдық көмек.
5. Төлем
5. Әлеуметтік төлемақыларды алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқын мәртебесі барлар, азаматтығы жоқ шетел азаматтары, уақытша тұрып жатқандар және тұрақты Ертіс аумағында тұратын азаматтардың құқығы бар.
6. Әлеуметтік төлемақы түрі:
1) мезгілдік әлеуметтік көмек;
2) ай сайынғы көмек;
3) тоқсандық әлеуметтік көмек;
4) жылына бір реттік төлем.
7. Барлық жәрдемақы түрлерін тағайындау және төлеу басқа көмек (жәрдемақы) түрлеріне қарамай осы Нұсқаулық бойынша жылына бір рет ақшалай беріледі.
8. Қаржыландыру көзі аудан бюджеті болып саналады.
9. Отбасының жалпы кірісі өтініштердің әлеуметтік төлемақы алуы үшін Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептеледі.
10. Төлеу ААҚ «Казпочта» филиалы арқылы өтініштердің жеке есеп шотына қаржыны түсіруі арқылы жүргізіледі.