О противопаводковых мерах в весенний период 2005 года Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы көктемгi су тасқынына қарсы шаралар туралы Ерiген қар суын ұйымшылдықпен және апатсыз өткiзу және мүмкiн болатын су тасқынын болдырмау, тұрғындарды, шаруашылық кешендерi нысандарын, коммуникация желiлерiн және ауыл шаруашылық жерлерiн көктемгi су тасқынының қолайсыз жағдайларынан сенiмдi қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргiзу бойынша қимылды басқару және үйлестіру үшін облыстық су тасқынына қарсы штаб құрылсын (қосымша 1).
Тармақ 2
2. Ақмола облысының аумағында 2005 жылғы көктемгi су тасқынын қатерсiз өткiзу және оған дайындалу бойынша iс-шаралар жоспары бекiтiлсiн (қосымша 2).
Тармақ 3
3. Аудандар мен қалалардың әкiмдiктерi ведомствоға қарасты аумақтарда су тасқынына қарсы штабтар құрсын, су тасқыны кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою бойынша қимыл жасау жоспарын әзірлесін, құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қажетті күштер мен құралдарды анықтасын, штаб мүшелері мен жауапты тұлғалардың тәулік бойы кезекшілік етуін ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкiмдiктерi, төтенше жағдайлар жөнiндегi департаменті (В.В.Пранге), Есiл бассейндiк су шаруашылығы басқармасы (Ашенов Ғ.Ә.) РГП "Астана Су" (Петрищев В.Н.), облыстық ауыл шаруашылық департаменті (Сейтжанов А.С.), және барлық мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдар:
Тармақша 1
1) көктемгi тасқын суды қатерсiз өткiзу, өзендердiң арналарын, су ағызатын құрылыстарды тазалау жұмыстарын жүргiзсiн;
Тармақша 2
2) су қоймаларын, су толтырғыш жылғаларды, бөгеттердi және тоғандарды дайындасын, су тазартатын құрылыстардың, ағын суларды сүзгiден өткiзетiн канализация жүйесiнiң сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) облыстың барлық шаруашылық кешендерi саласының бiрқалыпты тiршiлiгiне жағдай жасауды қамтамасыз ететiн су тасқынына қарсы барлық қажеттi шаралар кешенiн орындасын;
Тармақша 4
4) су тасқыны немесе су басып кету қаупi туындаған жағдайда сақтану туралы кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерiн және тұрғындарды құлақтандыратын сызбалар дайындасын (анықтасын);
Тармақша 5
5) кенеттен болатын апат салдарын жою үшiн жұмылдыратын күштi және құралдарды үнемi дайындықта ұстасын және анықтасын, апаттан-құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде олардың әрекет ету тәртiбiн белгiлесiн;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын күштер мен құралдардың қимылын және зардап шеккен халықты қамтамасыз ету үшiн материалдық-техникалық құралдар мен жанар-жағар май материалдарының қажеттi резервi жасалсын;
Тармақша 7
7) көктемде қауiп және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қимыл жасауды дайындау бойынша қызметтермен және құрамалармен сабақтар мен жаттығулар өткiзсiн.
Тармақ 5
5. Қалалармен аудандардың әкiмдерi, облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң, басқармалардың, департаменттердің, кәсiпорындарды және ұйымдардың басшылары осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес облыстық су тасқынына қарсы штабты және Ақмола облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi департаментінің басшылығына жүргiзiлген дайындық жұмыстарының нәтижесi туралы 10 наурызға дейiн, ал дайындық шараларының аяқталғаны туралы 2005 жылғы 1 сәуiрге дейiн хабарласын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары - облыстық су тасқынына қарсы штабтың бастығы К.М.Отаровқа жүктелсiн.
Басқа 15. Штаб мүшелері:
Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы 2005 жылғы № а-4/66 "03.03" қаулысына қосымша 1 Облыстық су тасқынына қарсы штабтың құрамы Отаров Қадырхан Махмұтұлы - Ақмола облысы әкімінің орынбасары - штабтың бастығы Пранге Вадим Владимирович - Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы - штаб бастығының орынбасары Штаб мүшелері: Авраменко Владимир Иванович - "Қазақвзрывпром" ААҚ "Көкшетаувзрывпром" филиалының бастығы Әлиев Жанабай Рақышұлы - Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Аркенов Шәріп Аркенұлы - Облыстық сәулет, қала құрылыс және құрылыс департаменті директорының міндетін атқарушы Ашенов Ғазиз Әбуұлы - Есіл бассейндік су шаруашылық басқармасының бастығы Байғожин Арон Серікұлы - Облыстық суда құтқару қызметінің бастығы Грязнов Юрий Васильевич - "Авиакомпания Көкшетау" ААҚ президенті Долгих Геннадий Васильевич - Облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасының бастығы Еремеев Александр Максимович - Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Жолдаспаев Болат Жұмағұлұлы - Облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жақышев Сарсенғали Төлеуханұлы - Қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқармасының бастығы Жұматаев Жақсылық Төлеуұлы - "Қазақстан Темір Жолы" ЖАҚ ҰҚ "Ақмола тасымалдау бөлімшесі" филиалының бастығы Қабденов Мұрат Талапұлы - Облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Құлышев Бегәлі Шорманұлы - "Қазақавтодор" РМК Ақмола облыстық филиалының директоры Қынышбаев Бақыт Нұрахметұлы - Облыстық қорғаныс істер бойынша департамент бастығы Мырзахметов Болат Кәмәлиұлы - Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Новиков Олег Анатольевич - "АРЭК" ЖАҚ басқарма төрағасы Петрищев Валерий Николаевич - "Астана-су" РМК директоры Савицкий Дмитрий Емельянович - Облыстық қаржы департаментінің директоры Сәдуақасов Нұрбек Қабикенұлы - Облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Сексенбаев Жәркен Кәкімұлы - Облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы - Облыстық ауыл шаруашылық департаментінің директоры Тәшенов Серікбай Манашұлы - Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры
Басқа 16
Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 03.03 № а-4/66 қаулысына қосымша 2 Ақмола облысының аумағында 2004 жылдың»көктем кезеңiнде су тасқынын қатерсiз өткiзу және дайындау бойынша iс-шаралар жоспары Ретсаны Шаралар атауы Орындау мерзiмi Орындаушылар 1 Қалаларда, аудандарда су тасқынына қарсы штабтар құру, тұрғын үйлерде, шаруашылық объектiлерiн су басып кету, су тасқыны қаупiнiң алдын алу бойынша барлық қажеттi шаралар қолдану, облыс халқының және объектiлерiнiң»қалыпты тiршiлiгiне қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. 01.03.05 ж. Қалалар мен аудандарды әкiмдерi 2 Төтенше жағдайлардың алдын-алу, халықты, аумақты және шаруашылық объектiлерiн көктемгi су тасқыны кезеңiнде су басып кету және су астында қалудан қорғаудың қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспарын әзiрлеу. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар құрамалары, авариядан қорғау қызметтерi және күштерi, облыстық, қалалық және аудандық жедел әрекет отрядтарын дайындыққа келтiру. Оларды жеке құраммен, керектi техникамен, құрал-сайманмен және мүлiкпен жабдықтауды қамтамасыз ету. 01.03.05 ж. Қалалар мен аудандарды» әкiмдерi, АҚ және ТЖ қызметiнiң, шаруашылық объектiлерiнiң басшылары, Ақмола облыстық ТЖ жөнiндегi Департаменті 3 Көктемгi кезеңде жолдың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, су өткiзетiн құрылыстарды (құбырлар және көпiрлер) тазалау бойынша қажеттi жұмыстар жүргiзу. Жанар-жағар май материалдарының, қажеттi материалдық-техникалық құралдарының (құрылыс материалдары, ағаш, тас, қиыршық тас, құм, қапшық ыдысы) қорын жасау. Су тасқыны кезеңiнде жол техникаларының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету бойынша шаралар әзiрлеу Жолды» жамылғы түрлерiне байланысты облыстық автомобиль жолдарында автокөлiк құралдарының барлық түрлерiнiң үдемелi және жылдам қозғалысын шектеу. Жолдардағы жағдайды анықтап және бағалап отыру, төтенше жағдайлар туындап, қауiп туғызған кезде уақытша автокөлiк құралдарының қозғалысын шектеу немесе тоқтату, автожолдарының ең қауiптi участоктарына қосымша жол ескертпе белгiлерiн қою туралы шешiм қабылдау және ол жөнiнде облыстық су тасқынына қарсы штабтың және облыстық ТЖ жөнiндегi Департаментінің басшылығына хабарлау. Су тасқынының барлық қауіпті кезеңiне Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылым кешенінің құрылысы басқармасы, облыстық сәулет, қала құрылысы және құрылыс Департаменті, облыстық iшкi iстер басқармасы, "Қазақавтодор" РМК-ның» Ақмола облыстық филиалы (келiсiм бойынша), жол ұйымдарының басшылары (келiсiм бойынша) 4 Тұрғындарды, ауыл шаруашылық малдарын және бағалы материалдарды қауiптi және төтенше жағдайлар аумағынан көшiру мүмкiндiгiн ұйымдастыру үшiн автокөлiк техникаларының, жүзу құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, оларды көшiретiн жерлердi дайындау. 21.03.05 ж. дейiн Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы"(келiсiм бойынша), облыстық судан құтқару қызметiнiң басшылары 5 Жарылғыш материалдардың және жару құралдарының қорын жасау. Жарғыштардың шағын топтарын дайындау. Жару жұмыстары жүргiзiлетiн жерлердегi шаруашылық басшыларымен шарт жасау. Облыс кәсiпорындарының, ұйымдарының және шаруашылықтарының өтiнiмдерi бойынша мұз көшкiнi кезеңiнде өзендерде жару жұмыстарын жүргiзудi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету. 21.03.05 ж. дейiн "Қазақвзрывпром" ААҚ "Көкшетаувзрывпром" филиалы (келiсiм бойынша) 6 Темiржол құрылыстарының, дренаж құрылғысының жағдайын тексеру. Темiжолдардағы, көлiк жолдарындағы қарды, мұзды тазалау, су өткiзетiн тетiктердi тазарту (көпiр және жүрiп өту көпiрлерi, ирригациялық құрылыстар) жүргiзу. Қажеттi салғырт материалдар қорын жасау. Су тасқыны кезеңiнде қауiптi участоктарда кезекшiлiк ұйымдастыру. 01.04.05 ж. дейiн "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ ҰК Ақмола темiржолы тасымалдау бөлiмшесi (келiсiм бойынша) 7 Ауыл шаруашылық малдары үшiн жем-шөп қорын әзiрлеу. Алдын алу шараларын өткiзу және астық қоймаларындағы астықты көктемгi су тасқынынан және суда қалудан сақтауды қамтамасыз ету. Мал қораларында және қоймаларда, астық сақталатын орындарда қар тазалау жұмысын жүргiзудi дер кезiнде қамтамасыз ету. 01.04.05 ж. дейiн Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық ауыл шаруашылық Департаменті, астық қабылдау кәсiпорындарының иелерi және басшылары. (келiсiм бойынша) 8 Вячеслав, Сiлетi, Шағалалы су қоймаларының, Преображенск гидроузелiнiң, бөгеттердiң және тоғандардың» техникалық жағдайларын мұқият тексеруден өткiзу. Олардың өткiзу тетiктерiнiң даярлығы мен дайындық дәрежесiн анықтау. Тоғандардын берiктiгiн күшейту үшiн жөндеу қалпына келтiру, көтергiш механизмдерiн жұмыс жағдайына келтiру жұмыстарын жүргiзу. Су тасқыны кезеңiнде су қоймаларында авария бригадаларының автокөлiкпен тәулiк бойы кезекшiлiгiн ұйымдастыру. Су қоймаларын күзетудi маманданған күзетшiлер бөлiмшелерi мен қамтамасыз ету. Су жүйелерiн тәулiк бойы күзетудi ұйымдастыру. Су қоймаларында су көтерiлуiн, су түсуiн тәулiк сайын тiркеу жүргiзу және облыстық су тасқынына қарсы штаб басшылығы мен облыстық ТЖ жөнiндегi Департаментіне күн сайын ақпарат тапсырып отыру. 21.03.05 ж. дейiн Қалалар мен аудандарды тасқын суға қарсы штабтары, "Астана-су" РМК-сы (келiсiм бойынша), "Көкшетау Су Арнасы" 9 Елдi мекендермен, аса маңызды гидротехникалық құрылыстармен және шаруашылық объектiлермен тұрақты және үзiлiссiз радиотелефон байланысын қамтамасыз ету. Қызмет көрсетiлетiн және қызмет көрсетiлмейтiн күшейткiш пункттердiң қорғауды қамтамасыз етiлсiн. Су тасқыны аумағында қалатын шаруашылықтармен, облыстың негiзгi гидрожүйелерiмен (Вячеслав, Сiлетi, Шағалалы) байланыс жасайтын резерв көздерiн қарастыру. Су тасқынының барлық кезеңiнде Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясы (келiсiм бойынша) 10 Облыстың қалалары мен аудандарына сенiмдi электр қуатын үзiлiссiз және сенiмдi берiп тұруды қамтамасыз ету, электр қуатын беретiн жүйелердi қорғау бойынша қажеттi шараларды, судан сақтандыру және жерде орналасқан подстанциялардың энергетикалық құралдарын қорғау. Су тасқынының барлық кезеңiнде "АРЭК" ЖАҚ, "Көкшетау Энерго" ЖШС (келiсiм бойынша) 11 Су тасқынына қарсы шаралардың орындалуына бақылауды және жалпы үйлестiрудi қамтамасыз ету. Төтенше жағдайларды заңға сәйкес жою үшiн олардың қай меншiк түрiне жататындығына қарамастан материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыру. Облыс тұрғындарына облыстық теледидар, радио және баспасөз арқылы су тасқыны кезеңiнде мүмкiн болатын төтенше жағдайлар және бола қалған жағдайда қимыл жасау тәртiбi туралы мерзiмдi хабарлап отыру. Су тасқынының барлық кезеңiнде ТЖ жөнiндегi облыстық Департаменті 12 Су астында қалу мүмкiн аймақтарға барлау жүргiзу үшiн кiшi әуе кемелерiн дайындау 21.03.05 ж. дейiн "Авиакомпания Көкшетау" ААҚ (келiсiм бойынша) 13 Су басып кеткен және су тасқынына ұшыраған елдi мекендерге қажеттi су сорғыш техникаларын, сондай-ақ су астында қалатын халықты шұғыл көшiру үшiн жүзу құралдарын дайындау 01.04.05 ж. дейiн Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық суда-құтқару қызметi 14 Су тасқыны басталғанға дейiн өзендердiң су режимiне бақылау жасау. Су қоймаларында, тоғандарда, өзендерде суды» көтерiлуiне, түсуiне тәулiк сайын тiркеу жүргiзу және облыстық су тасқынына қарсы штаб басшылығы мен облыстық ТЖ жөнiндегi Департаментіне ақпарат берiп отыру. Су тасқынының барлық кезеңiнде Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, "Астана-су" РМК-сы (келiсiм бойынша), "Көкшетау Су Арнасы" МКК, Есiл бассейндiк су шаруашылығы басқармасы (келiсiм бойынша) 15 Су тасқыны кезiнде су астында қалған, суға шайылған елдi мекендердегi емдеу мекемелерiнде қажеттi дәрiлердiң, медицина мүлiктерiнiң қорын жасауды қамтамасыз ету. Су тасқыны кезеңiнде облыс аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға бақылауды күшейту. Су тасқынының барлық кезеңiнде Облыстық денсаулық сақтау Департаменті, облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаменті 16 Су тасқыны басталғанға дейiн өзендердiң су режимiне бақылау жасайтын гидрологиялық бекеттерiн iске қосу. Елдi мекендердi су басу, су астында қалдыру қаупi туралы жедел хабарлап отыру. Облыстық су тасқынына қарсы штаб басшылығы мен ТЖ жөнiндегi басқармасына қардың қоры, өзендердiң гидрологиялық режимi және басқа су объектiлерiнiң жағдайы туралы күн сайын ақпарат берiп отыру. 21.03.05. ж Гидрометеорологиялық және мониторинг бойынша Ақмола орталығы 17 Су тасқыны кезеңiнде құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi материалды-техникалық ресурстардың, автокөлiк және инженерлiк техникалардың резервiн анықтау. Су тасқынының барлық кезеңiнде Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, ТЖ жөнiндегi Департаменті, шаруашылық объектiлерiнiң, кәсiп орындарының, ұйымдардың басшылары. 18 Елді мекендерге су тасқыны басталғанға дейін су ағатын орлар мен науашаларды қордан тазарту, қар еріген кезде үнемі суда қалатын тұрғын үй секторлары аймағын (әсіресе жеке меншік құрылыстарын) жинау және қарды елді мекендердің шетіне төгу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, ол үшін қауіпсіз жерлерде оны төгетін орынды анықтау. 21.03.05 ж. дейін Қалалар мен аудандардың әкімдері 19 Барлық су объектілеріне егжей-тегжейлі тексеріс жүргізу, шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін мұз, қар тез еріген жағдайда дамбылар мен бөгеттердің бұзылу қауіп-қатері деңгейін анықтау. 21.03.05 ж. дейін Қалалар мен аудандардың әкімдері 20 Су тасқыны қауіпті учаскелеріне жұмысқа қосымша постылар дайындасын. 01.04.05 ж. дейін Облыстық суда-құтқару қызметі 21 Үш иесіз басқарушысы жоқ бөгендердің иесін анықтасын (Зерендідегі Подлесный, Ерейментаудағы Шымбұлақ, Жақсы ауданындағы Қайрақты), олардың тасқын суды авариясыз өткізу бойынша дайындық жұмысы ұйымдастырсын және су тасқыны өтетін кезеңде бақылауда іске асырсын. Су тасқынының барлық кезеңіндегі Зеренді, Ерейментау, Жақсы аудандарының әкімдері