Қарабалық ауданында 2005 жылы ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарабалық ауданында 2005 жылы ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148- II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстардың тәртібі мен қаржыландыру талаптары туралы нұсқау бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орнын беретін кәсіпорындардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.А. Салмина (келісім бойынша) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырғанда осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. "Уголек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (О.Н. Табергенов, келісім бойынша) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органмен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарттар жасау үшін жұмыстардың нақты түрлерін анықтасын.
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне: «Қарабалык ауданының қала құрылысы, құрылыс, тұрғын ұй коммуналдық шаруашылық, жолаушылық көлік және автомобильдік жолдар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Р.Ғ. Кашапов, келісім бойынша) «Қарабалық ауданының білім және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Г.И. Дмитриева, келісім бойынша), «Қарабалық орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесіне (Е.Е. Жаппаров, келісім бойынша) қосымшаға сәйкес тізімде айқындалған кәсіпорындармен керсетілетін қызмет пен жұмысты төлеуде жұмыстардың түрлері мен көлемдері ескерілсін.
Тармақ 6
6. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 30 наурыздағы N 71 "Қарабалық ауданында 2004 жылы ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы", мемлекеттік тіркеу нөмірі 2878, ("Айна" 2004 жылғы 14 мамырыдағы N 20 (175) қаулысының күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Ә. Қырықбаевқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы бұқаралық ақапараттар құралдарында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 9. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқау
Қарабалық ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 18 наурыз № 97 «Қарабалық ауданында 2005 жылы ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысымен 1 қосымшасы бекітілді Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқау Осы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқауы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тәртіп ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін мекемелермен есеп айырысу жұйесін және негізгі талаптарды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы нұсқауға пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар - атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметінің түрлері;
Тармақша 2
2) орталық атқарушы органы - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жұзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы орган - тиісті аумақта өз құзыры шегінде мемлекеттік басқаруды жұзе асыратын, аудан, қала, облыс әкімі басқаратын, әкімдік;
Тармақша 4
4) нысаналы топтар -"Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңмен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жұрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар топтары.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілермен қоғамдық жұмысты атқаруға көрсететін қызмет жөнінде шарт жасайды.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жұргізіледі және мәслихаттың шешімімен сәйкес аудандық бюджеттің қаражатынан қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған қаражатты тиімді пайдалану мақсатында (аудандық бюджеттің есебінен), жергілікті атқарушы органдары келе іс-шараларды жұзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар жұргізілетін мекемелердің тізбелері қоғамдық жұмыстарды орындаудың нақты жағдайларын, түр келемін және қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысыны көлемі бекітеді.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздардың жергілікті атқарушы органдарды қаулыларымен анықталған мекемелерге қоғамдық жұмыстарға жіберу Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жұзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқығы бар.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбек ал төлеуді жеке еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші ай сайын жұзеді асырады және ол орындалған жұмыстың күрделілігіне, сапасын санына байланысты.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысқа қатысушыларына еңбегіне төлеген ақы шығыны, Қазақстан Республикасы Үкіметінің төменгі еңбек ақы мөлшерінде аудандық бюджет қаражатың өтеледі. Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп-айыры шоттарына аударылады.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға ауданды бюджет қаражатынан төленетін еңбек ақы заңнамалар белгілеп тәртіппен салықтан босатылады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер аудандық бюджеттен түскен ақшан қатаң түрде мақсатты пайдаланады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілер еңбек ақыға төлеген шығынын ауданды бюджеттен қайтару үшін Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ай сайын орындалған жұмыстың кесімін беріп отырады. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы азаматтар жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға мертігу неме денсаулыққа келтірілген зақымның, зиянның орнын толтыру, еңбек уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушілер жүргізеді.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Басқа 34. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орнын беретін кәсіпорындардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Қарабалық ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 18 наурыз № 97 «Қарабалық ауданында 2005 жылы ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысымен 2 қосымшасы бекітілді Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орнын беретін кәсіпорындардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері