Об очередном призыве граждан призывного возраста на срочную военную службу весной и осенью 2005 года Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" және "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" заңдарына сәйкес облыстық мәслихат және Батыс Қазақстан облысының әкімдiгi ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаменті шақыру күнiне дейiн 18 жасқа толған, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айырылған жоғары жастағы ер азаматтарды 2005 жылдың сәуiр-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын және оларды белгiленген мерзiмде әскерге жөнелтсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық шақыру комиссиясы бекiтiлсiн (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Аудандар мен Орал қаласының әкімдерi:
Тармақша 1
1) мынадай құрамда шақыру комиссияларын құрсын:
комиссия төрағасы - қала (аудан) әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары - Қорғаныс істері басқармасының (бөлімінің) бастығы, комиссия мүшелерi - қалалық (аудандық) iшкi iстер бөлімінің өкiлi, дәрігер қызметкерлерге басшылық жасайтын дәрігер және комиссия хатшысы
Тармақша 2
2) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру кезеңiнде қорғаныс істері басқармасына (бөлімдеріне) дәрігерлiк тексеру жүргiзу үшін жабдықталған ғимараттар, қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi қызметшiлердi, сондай-ақ шақырылушыларды облыстық жинақтау пунктiне тасымалдайтын автокөлiктер бөлсiн;
Тармақша 3
3) азаматтардың қорғаныс істері басқармасына (бөлімдеріне) шақыру комиссиясынан дәрігерлiк тексеруден өтуiне тіркелуінің және оларды одан әрi әскери бөлімдерге жiберу үшін облыстық жинақтау пунктiне жөнелтудiң барлық шараларын алсын;
Тармақша 4
4) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру кезiнде шақыру (жинақтау) пункттерiндегi жұмыстарға бөлiнген шақыру комиссиясы мүшелерінің, техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсететiн қызметшiлердің негiзгi жұмыс орындарындағы орташа еңбекақысы сақталсын.
Тармақ 4
4. Атқарушы органдарға, меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен оқу орындарының басшыларына азаматтардың шақыру пункттерiне дер кезiнде жеткізілуiн қамтамасыз ету, мерзiмдi әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаменті жанындағы облыстық дәрігерлік комиссия туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 6
6. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы:
Тармақша 1
1) шақыру кезеңiне арнап қажеттi мөлшерде жоғары бiлiктi тәжiрибелi дәрігер-мамандар, медбикелер бөлсiн және қорғаныс істері басқармасының (бөлімдерінің) шақыру пункттерiн медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсiн.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2005 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1348 қаулысына сәйкес шақыру комиссиялары емдеу мекемелерiне жiберген шақырылушыларды стационарлық және емханалық тексеруден өткiзсiн. Осы мақсатқа арналып аудандардың және облыстың емдеу мекемелерiнде төсек орындары бөлінсiн.
Тармақ 7
7. Батыс Қазақстан облысының iшкi iстер басқармасы:
Тармақша 1
1) шақыру кезiнде облыстық жинақтау пунктiнде, қалалық және аудандық шақыру пункттерiнде, шақырылушылар жөнелтiлетiн темiржол және автомобиль станцияларында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) қорғаныс істері басқармасына (бөлімдеріне) жетi күн мерзiм ішінде қылмыстық iс қозғалған шақырушылар туралы хабарласын;
Тармақша 3
3) шақырудан жалтаратын адамдарды iздестiру және тұратын орнын анықтау жөнiнде шұғыл топтар құрсын.
Тармақ 8
8. Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру, дәрігерлiк тексеруден өткiзу және оларды әскери бөлімшелерге жөнелту жөнiндегi шараларды орындауға байланысты шығындарға облыстық бюджетте қаралған ақша қаражатын бөлсiн.
Тармақ 9
9. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаментінің бастығы шақырудың барысы туралы облыстық мәслихат пен облыс әкімiне дер кезiнде мәлімдеп отырсын. Қорытынды ақпаратты 2005 жылдың 15 шiлдесiне және 2006 жылдың 15 қаңтарына тапсырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 20 ақпанындағы N 6-12 және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 38 "2004 жылдың көктемінде және көзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" біріккен шешімнің күші жойылды деп танылсын.
Басқа 20. Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 9 наурыздағы N 15-2
және әкімдігінің
2005 жылғы 21 ақпандағы N 53
бірлескен шешімімен бекітілді
1 қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Иманғалиев Абай Сәтиұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Мұқатаев Геннадий Қадырұлы - Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаментінің бастығы, төрағаның орынбасары
Әжiғұлова Қашура Мұхтарқызы - Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары
Байдиев Батырбек Идиатұлы - Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаменті жанындағы дәрігерлік комиссия төрағасы, дәрігер-терапевт
Жауымбаев Бүркіт Елемесұлы - Батыс Қазақстан облысының iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары
Масалимов Әли Хайдарұлы - Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы бастығының орынбасары
Тоқпаев Марат Бағытжанұлы - Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, шақыру бөлімінің бастығы
Нұрмұхамбетов Азамат Мадиярұлы - Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы оқу-спорт бөлімі бастығының міндетін атқарушы
Мерғалиева Маржан Балжұманқызы - комиссия хатшысы
Комиссия төрағасы - облыс әкімінің орынбасары
Төрағаның орынбасары - Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары
Биссалиев Орынғали Мүбәрәкұлы - қалалық iшкi iстер бөлімінің бастығы
Жұмабекова Қалима Қарпанқызы - дәрігерлiк комиссия төрағасының орынбасары, дәрігер-терапевт
Хохлачева Любовь Павловна - комиссия хатшысы
Басқа 21. Облыстық дәрігерлік комиссия туралы
Ереже
Облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 9 наурыздағы N 15-2
және әкімдігінің
2005 жылғы 21 ақпандағы N 53
бірлескен шешімімен бекітілді
2 қосымша
Облыстық дәрігерлік комиссия туралы
Ереже
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыстық дәрігерлік комиссия Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге шақыру жасына дейінгілерді даярлау кезінде емдеу-сауықтыру жұмыстарын жетілдіру, мемлекеттік бағдарлама шараларын практика жүзіне асыру, жасөспірімдер мен шақырылатын жастардың денсаулығын қорғау, шақырылатын жастардың міндетті әскери қызметке дәрігерлік тексеруден өткізу, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің оқу орындарына кандидаттар іріктеу мақсатында құрылады.
Тармақ 2. Облыстық дәрігерлік комиссияның міндеттері
2. Облыстық дәрігерлік комиссия өз қызметінде және жұмыстарды ұйымдастыру барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Облыстық дәрігерлік комиссияның міндеттері
Тармақ 3
3. Облыстық дәрігерлік комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына міндетті әскери қызметке шақырылатын азаматтарды, сондай-ақ әскери оқу орындарына кандидаттарды дәрігерлік тексеруден өткізу;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіппен денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамсыз деп танылғандарды дәрігерлік бақылаудан өткізу;
Тармақша 3
3) қорғаныс істері басқармасының (бөлімдерінің) дәрігерлік комиссияларына шақыру жасына дейінгі және шақырылатын жастарды емдеу-сауықтыру, сондай-ақ оларды шақырған кезде дәрігерлік тексеруден өткізу жұмыстарына тәжірибелік көмек көрсету;
Тармақша 4
4) шақыру жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарды облыстық емдеу мекемелерінде дәрігерлік бақылаудан өткізу;
Тармақша 5
5) жас жауынгерлердің денсаулық жағдайына байланысты әскер қатарынан оралу жағдайларын зерттеу, оралу себептеріне талдау жасау, оларды жою жөніндегі шараларды белгілеу;
Тармақша 6. Облыстық дәрігерлік комиссияның ұйымдық құрылымы
6) мүдделі мекемелермен бірлесіп шақырылатындардың денсаулығын қорғау, олардың еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту туралы ұсыныстар әзірлеу.
Облыстық дәрігерлік комиссияның ұйымдық құрылымы
Тармақ 4
4. Облыстық дәрігерлік комиссияның құрамына келесі мамандар кіреді:
Тармақша 1
1) облыстық дәрігерлік комиссияның жасөспірімдерді емдейтін дәрігер-терапевт есебінен тағайындалатын меңгерушісі (аға дәрігер). Ол Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті директорының және Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаментінің дәрігерлік комиссиясының келісімі бойынша тағайындалады және жұмыстан босатылады. Облыстық дәрігерлік комиссияның меңгерушісінің (аға дәрігердің) кемінде 10 жыл тәжірибелік жұмыс өтілі болуы керек, кәсіби бағдар мен әскери дәрігерлік сараптау мәселелерін білуі қажет.
Тармақша 2
2) маман-дәрігерлер:
хирург
терапевт
невропатолог
психиатр
окулист
отоларинголог
дерматовенеролог
стоматолог
рентгенолог
фтизиатр
Тармақша 3
3) орта буын дәрігерлік қызметкерлер 11 адам, соның ішінде рентген-лаборант, клиникалық зертхананың лаборанты.
Тармақ 5
5. Облыстық дәрігерлік комиссия Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің келісімімен Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаменті жанындағы дәрігерлік комиссия бекіткен жоспарға сәйкес қосымша құрылымдық бөлім ретінде құрылады және жұмыс жасайды.
Азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыру кезінде комиссия толық құрамда Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаментінің облыстық жинақтау пунктінде дәрігерлік тексеруден өткізіледі.
Шақырулар аралығы кезеңінде:
Тармақша 1
1) қорғаныс істері басқармасына (бөлімдеріне) баруын ұйымдастырады, маман-дәрігерлерге емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге көмектеседі;
Тармақша 2
2) облыстық денсаулық сақтау мекемелері негізінде шақыру жасына дейінгілер мен шақырылатындарды қабылдап, қорғаныс істері басқармасының (бөлімдерінің) жолдамалары бойынша кеңес береді және олардың облыстың емдеу мекемелерінде тексерілуін және емделуін ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) өздерінің негізгі міндеттерінен бос уақыттарында облыс орталығында емдеу базаларында мамандықтары бойынша азаматтарды қабылдайды және емдейді;
Тармақша 4
4) шақыру комиссиясының әр шақыру кезеңі үшін жасалған жұмыстарына талдау жасайды, қорытындыларын, ұсыныстарын түсіреді.
Тармақ 6
6. Облыстық дәрігерлік комиссияның маман дәрігерлері шақыру кезеңінде аға әскери маман - Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаменті жанындағы дәрігерлік комиссия төрағасына бағынады. Қалған уақытында облыстық дәрігерлік комиссияның аға дәрігері - дәрігерлік комиссия төрағасының орынбасарының қарауында болады.
Тармақ 7. Облыстық дәрігерлік комиссияның құқықтары
7. Облыстық дәрігерлік комиссияның құрамындағы маман дәрігерлер мен орта буын дәрігерлік қызметкерлердің жұмысы олардың негізгі жұмыс орны болып табылады. Жалпы және кәсіби өтілі Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің шешімі бойынша есептеледі.
Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген барлық кепілдіктер мен құқықтарды пайдаланады.
Маман дәрігерлер мен орта буын дәрігерлік қызметкерлер өздерінің тәжірибелік қызметін Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаменті жанындағы дәрігерлік комиссия мен Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті бекіткен міндеттемелер мен ресімделген еңбек қатынастары бойынша жүзеге асырады, ал туындаған даулы мәселелер заңнамаларда белгіленген тәртіппен шешіледі.
Облыстық дәрігерлік комиссияның құқықтары
Тармақ 8
8. Денсаулық сақтау органдары басшыларының шақырылушыларды дәрігерлік тексеруден өткізуді жетілдіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарын, бұйрық жобаларын, өкімдерін әзірлейді.
Тармақ 9
9. Шақыру жасындағы азаматтарға облыстың емдеу-сауықтыру мекемелерінде көрсетілген дәрігерлік көмек жағдайын зерттейді, талдайды, бақылайды.
Тармақ 10
10. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаменті жанындағы облыстық дәрігерлік комиссия қорғаныс істері басқармасы (бөлімдері) жанындағы дәрігерлік комиссиялардың шешімін қайта қарауға құқылы.
Тармақ 11
11. Денсаулық сақтау органдары мен Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаментіне қорғаныс істері басқармасының (бөлімдерінің) дәрігерлік қызметкерлерін шақырушыларға үлгілі дәрігерлік көмек көрсеткені үшін ынталандыру жөнінде және сондай-ақ оларды кәсіби міндеттері мен еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар түсіреді.
Тармақ 12
12. Шақыру жасындағы жастарды облыс орталығындағы емдеу-сауықтыру мекемелеріне жолдау және емдеу, олардың мекемелік құзырына қарамастан, орындауға міндетті парызы болып табылады.
Облыстық дәрігерлік комиссияны қаржыландыру, маман дәрігерлер мен орта буын дәрігерлік қызметкерлерге еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 35-бабына сәйкес және облыстық мәслихат пен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірлескен шешімі негізінде толыққанды жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру әзірлігі және төтенше жағдайлар басқармасына қаржы бөлу арқылы жүзеге асырылады.