2005 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 9000, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңдарына сәйкес және 2005 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық шақыру комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның құрамы заңнамада белгіленген тәртіпте аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Ауыл және кент әкімдері:
Тармақша 1
1) 2005 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын 1978-1987 жылдары туған барлық азаматтардың әскерге шақыру участкесіне ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандарды медициналық куәландыру және жеткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин – келісім бойынша) әскерге шақыру мәселелері бойынша қажетті шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Аудандық медициналық бірлестігі (Бөкеш Орақұлы Еспаев – келісім бойынша) аудандық шақыру комиссиясын маман-дәрігерлермен және орта медициналық құраммен жасақтасын.
Тармақ 6
6. «Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Нұра аудандық филиалы (Досполова Гүлсара Құрашқызы – келісім бойынша) аудандық шақыру участкесінің күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Канафин Асхат Нұрмұхамедұлы – келісім бойынша) әскерге шақырылудан жалтарғандардың іздестіруін және ұсталуын, әскерге шақырылғандар командаларын аттандыру кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастырылсын.
Тармақ 8
8. Нұра ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (Даутова Зара Ахметжанқызы) әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салған күндері жастар алдында көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың әскери-патриоттық тақырыптарға өнерін көрсетуді ұйымдастырылсын.
Тармақ 9
9. Аудандық экономика және қаржы бөлімі (Баранов Николай Анатольевич) азаматттарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырумен байланысты шараларды осы мақсатқа бөлінген қаржылар шектерінде қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 10
10. Аудан әкімиятының 2004 жылғы 24 наурыздағы «2004 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (2004 жылдың 6 сәуірінде мемлекеттік тіркеу тізімінде нормативтік құқықтық актілердегі тіркелген нөмірі 1473) № 04/71 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әдиша Көнекбайқызы Есмағамбетоваға жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ Аудандық қорғаныс жөніндегі бөлімінің бастығы Қ.Ш.Жолболдин «28» 03 2005 ж КЕЛІСІЛДІ Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Н.Канафин «28» 03 2005 ж КЕЛІСІЛДІ Аудандық медициналық бірлестігінің директоры Б.О.Еспаев «28» 03 2005 ж КЕЛІСІЛДІ «Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық- эпидемиялогиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемесі Нұра аудандық филиалының бастығы Д.Г.Құрашқызы «28» 03 2005 ж