Қолданыстағы ред. 23.03.2005

2005 жылға арналған Атырау қаласы тұрғындарын жұмыспен қамту бағдармасын қаржыландыру туралы от 23.03.2005 г. № 64 (2005 жылға арналған Атырау қаласы тұрғындарын жұмыспен қамту бағдармасын қаржыландыру туралы)

0

2005 жылға арналған Атырау қаласы тұрғындарын жұмыспен қамту бағдармасын қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысын орындау мақсатында қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесі бекітілсін (№1 қосымша);

2

2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесі бекітілсін (№2 қосымша);

3

3. Қалалық қаржы бөлімі (А.Асанов) 2005 жылға жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Р.Мырзатаевқа жүктелсін
Жобаны ұсынған:
Қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдармалар
бөлімінің бастығы Н. Қабдықапаров
Келісілді:
Қала әкімінің орынбасары В. Жұмыров
Қала әкімінің орынбасары Ә. Нұрлығожиев
Қала әкімінің орынбасары М. Мырзатаев
Қала әкімі аппаратының
жетекшісі Б. Тәтішев
Қала әкімі аппаратының
мемелекеттік – құқықтық және
әскери-жұмылдыру жұмысы
бөлімінің бастығы С. Өтепбаев
Қалалық қаржы бөлімінің
бастығы Ә. Асанов
Қала әкімі аппараты жалпы
бөлімінің бастығы К. Ермекова
Қала әкімі аппараты жалпы
бөлімінің бас маманы Қ. Аюпова
Орындаушы:
Қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығының орынбасары
Қ. Қанатов

5

Атырау қаласы әкімиятының
«23» наурыз 2005 жылғы
№64 қаулысына
№1 қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен
қаржыландыру ережесі
Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысын орындау мақсатында жасалды.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен азаматтар орындайтын еңбек қызметініңтүрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.

2

2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру туралы заңнамалық актілері қолданылды.

3

3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімімен жібереді.

2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

4

4. Жергілікті атқарушы орган қалаға қажет қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтап мекемелерде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаржысы және жұмыс берушілер қаражаты есебінен қаржыланады.

5

5. Жұмыспен қамту уәкілетті орган жұмыс берушілермен ақылы жұмысты ұйымдастыруға келісім – шарт жасайды.

6

6. Ақылы қоғамдық жұмыстар уқытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері болады:

1

1) қоғамдық жұмыс тек қана жұмыссыздарға арналады;

2

2) қоғамдық жұмыс уақытша жүргізіліп, жұмыс орнының саны шектелмейді және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орны мен бос жұмыс орындары пайдаланылмайды;

3

3) қоғамдық жұмысты жарты күн және де жылжымалы кесте бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі бар;

4

4) жергілікті аймаққа экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалылығы;

5

5) арнаулы білімі жоқ жұмыссыздарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.

7

7. Өз қаражаты есебінен қоғамдық жұмысты ұйымдастырам деуші жұмыс берушілер, жергілікті уәкілетті атқарушы органдарға сұраныс түсіреді.

3. 3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу.

3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу.

8

8. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.

9

9. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджет есебінен сәйкесті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда анықталған еңбек ақылар төленеді.

10

10. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың есептелген еңбекақысына қолданыстағы Заңдар тәртібімен салықтар салынады және уәкілетті жұмыспен қамту органдарының тапсырысы бойынша қаржы екінші деңгейдегі банкілерге, сол жерден жұмыссыздың жеке есеп шотына аударылады.

11

11. Жұмыссызға қоғамдық жұмыста жүрген уақытта денсаулығына зақым келсе, уақытша жұмысқа жарамсыздыққа ұшыраса және жұмыста жүріп зиян шеккен жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес жұмыс берушінің есебімен төленеді.

4. 4. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу.

4. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу.

12

12. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыздарды мекемелердегі қоғамдық жұмыстарға жіберуді жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырады.

13

13. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.

14

14. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.

15

15. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.

16

16. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен, өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жіберілуі мүмкін.

5. 5. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру, есеп-қисап және бақылау тәртібі.

5. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру, есеп-қисап және бақылау тәртібі.

17

17. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруған кезде:

1

1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды еспепке алуды жүзеге асырады;

2

2) статистика жөніндегі мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнінде айлық, тоқсандық, жарты және жылдық статистикалық есептерді жүргізеді;

3

3) белгіленген мерзімде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті ұсынады.

36

Атырау қаласы әкімиятының
«23» наурыз 2005 жылғы
№64 қаулысына
№2 қосымша
Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесі.
Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын орындау шаралары туралы» қаулысын іске асыру орындау мақсатында әзірленді.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шарасы болып табылады және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

2

2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау:

1

1) мамандығы жоқ, мамандық алғысы және сол мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін жұмыссыздарды даярлауды (бастапқы кәсіби білім беру);

2

2) жұмыссыздардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, неғұрлым жоғары разрядтар (сынптар, санаттар) алу және өндірістік қажеттілікті ескере отырып, үдемелі техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында олардың біліктілігін арттыруды(қосымша білім);

3

3) егер жұмыссыздарға кәсіптері (мамандықтары) бойынша лайықты жұмыс ұсынылмайтын болса, не олар белгілі бір кәсіптер (мамандықтар) бойынша жұмысты орныдау қабілетін жоғалтқан болса, оларды жаңа кәсіптер (мамандықтар) алу мақсатында қайта даярлауды (қайта оқыту) қамтиды.

2. 2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру

2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру

3

3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру, қайта даярлаудың ұзақтығы, тараптардың құқықтықы мен міндеттері шарттарға сәйкес оқу бағдарламасына қарай белгіленіп:

1

1) жұмыссыздарды бастапқы даярлау мен қайта даярлау ұзақтығы алты айдан;

2

2) жұмыссыздардың біліктілігін арттыру үш айдан аспауы тиіс.
Кәсіптік даярлауда жүрген жұмыссыздарды оқудан шығаруды оқу орны белгіленген тәртіппен жергілікті уәкілетті органды алдын ала ескертіп жүргізеді.
Жұмыссызды оқудан шығарған кезде білім беру ұйымы оқу ақысына қайта есептеу жүргізеді. Бұл рете көрсеткен қызметтердің нақты көрсетілген қызмет көлеміне ғана ақы төленеді.

3. 3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қаржыландыру

3. Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қаржыландыру

5

5. Жұмыссызды кәсіби оқыту құнын төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

6

6. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау құнына оқытумен тікелей байланысты шығындардан басқа тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға, аймақ шегіне оқу орнына барып-келу жолына шыққан шығындар енгізіледі.

7

7. Уәкілетті органдар мен білім беру ұйымдарына немесе кәсіпорындарға жіберген жұмыссыздарды (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда) кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауға байланысты шығындар кәсіби дайындау бойынша қызмет көрсету шарттарына сәйкес белгіленген тәртіппен жұмыспен жергілікті бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.

8

8. Уәкілетті органдармен мемлекеттік білім беру мекемелеріне жіберген жұмыссыздарды бастапқы кәсіби даярлаумен байланысты шығындар осы мемлекеттік мекемелерді ұстауға қаралған шығыстар сметасында ескеріледі.

4. 4. Бақылау және есептілік

4. Бақылау және есептілік

9

9. Жұмыспен қамту мәселері жөніндегі уәкілетті орган оқу орындарының оқыту мерзімдері мен сапасын сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Жергілікті білім беру басқармасының органдары оқу орындарының оқу жоспарлары мен бағдарламалардың орыдауын бақылауды жүзеге асырады, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті органдарға ақпарат береді.

10

10. Кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауды ұйымдастыру кезінде уәкілетті орган:

1

1) кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздардың есебін жүргізеді;

2

2) белгіленген нысан бойынша айлық, тоқсандық, жарты және жылдық статистикалық есептілікті жүргізеді;

3

3) белгіленген мерзімдерде кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі статистикалық есептілікті жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органға ұсынады.