2005 жылғы қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста
Басқа 0
2005 жылғы қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Занына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы /С. Қосмамбетов/ Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне және басқада әскери құрылымдарға 2005 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды және шақырылудан кейінге қалдыру құқығынан айырылған ересек жастағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру қомиссиясының қоса берілген құрамы бекітілсін. /1 косымша/
Тармақ 3
3. Жергілікті округ әкімдеріне шақыруды тиісті деңгейде ұйымдастырсын, шақыру комиссияларынын жұмысын қамтамасыз етсін, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды ұйымшылдықпен аттандыру бойынша қажетті шаралар алсын. Көрсетілген шаралардын орындалуына байланысты шығындарды жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері /Е. Балбосынов/:
Тармақша 1
1) шақыру жұмысы басталған мерзімге дейін емделуге мұқтаж шақырылушылардың сауықтандырылуын аяқтасын және сол мерзімге аудандық қорғаныс істер бөліміне қосымша парақтарымен жеке карталарын және психоневрологиялық, туберкулезге қарсы диспансерлік есепте тұрған, сондай-ақ, жұқпалы ауруларды, трахомалық ауруларды, ішкі органдардың, сүйектердің, бұлшық еттердің, буындардың созылмалы ауруы бар шақырылушылардың тізімін және шақырылушылардың денсаулығын сипаттайтын ауру тарихының көшермісін, дәрігерлік зертеу, диспансерлік бақылау мәліметтерін тапсыру;
Тармақша 2
2) азаматтарды медициналық куәландыру жүргізу үшін жинау қосына неғүрлым дайындығы мол дәрігер-мамандар мен орта буынды медициналық қызметшілердің қажетті санын бөлу;
Тармақша 3
3) әскери шақыру қостарын қажетті құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз ету.
Тармақша 4
4) әскери шақыру жүргізу кезеңінде стационарлық емдеу орындарындағы шақыру жасындағы барлық азаматтар туралы аудандық қорғаныс істері бөліміне
хабарлау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Темір аудандық ішкі істер бөлімі /Ж. Әліқұлов/ шақыру қостарының жұмыс істеу кезеңінде полиция наряды мен жылжымалы күзеттерін бөлсін, шақырылушылардын көп жиналған жерлерінде қоғамдық тәртіп пен тәртіптілікті сақтау, мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарушы шақырылушыларды іздеу және аудандық қорғаныс істері бөліміне жеткізу бойынша шаралар алу тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық қаржы және экономика бөлімі /М. Нұралин/ аудандық қорғаныс істер бөліміне сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу, азаматтарды мерзімді әскери қызметке аттандыру және азаматтарды медициналық куәландыру бойынша шаралардың орындалуына байланасты аудандық бюджет есебінен қаржы бөлсін.
Тармақ 7
7. Әскери жұмылдыру дайындығы және әскери есепке алу мәселелері туралы жылына 1 рет аудан әкімиятында қарауға аудандық қорғаныс істер бөлімі тарапынан ұсыныс беру тапсырылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Өтеповке жүктелсін.